Алғы сөз Екі бөлімнен тұратын бұл құрал мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр. Бірінші бөліміне оқулыққа сәйкес әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жинақталған. Олар оқушылармен саралау және даралау әдістерімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызатындайетіп іріктелген. Тапсырмаларды жаңа материалды бекіту, жаттықтыру, қайталау, пысықтау, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалана алады. Екінші бөлім негізінен, бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған. Дидактикалық ойындар- балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы. Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта дидактикалық ойындармен қатар, математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару, баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.