Ойынның мақсаттары



Дата09.04.2018
өлшемі127,8 Kb.
#40107
Жұлдызды сәт ойыны

Ойынның мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметті, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, эпиграфы жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар, 1 - ден 10 - ға дейін сандар.
Эпиграф:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 1 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!


жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,


Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Сонымен қарсы алыңыздар 1-сынып оқушылары!

Сайыскерлермен таныс болыңдар.


жүргізуші:
1 – ойыншы Жаксылық Аяжан – болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы Мырзағали Ернұр — өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы Камбаров Айткали — заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы Темірбай Арасат — эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы Сайлау Бейбіт — әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді

Балалар, орындарыңа жайғастыңдар.

  • Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:

Ойынға барлығы 5 ойыншы қатысады.

Ойын ережесі:
Ойын 4 кезеңнен тұрады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге». Сұраққа жауап бер - 1 ұпай;
2. «Көкпар» Алфавиттік жұмбақ шешу - 1 ұпай;
3. Полиглот - 10*3 - 3 ұпай;
4. «Жорға»- әр жауапқа 5 ұпайдан.

Ойынның І кезеңінде сендер сұрақтарға жауап бересіңдер.Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.



«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін

1 - кезең «Бәйге».

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Сайыскерлердің қолында 1 - ден 10 - ға дейін жалаушалар сандар. Бұл сандар тізім бойынша беріледі.
Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Әр дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріліп отырылады. Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.

  1. Учитель-деген сөздің дұрыс аудармасын көрсет

  2. Күз айларын айтып бер

  3. оқушылар деген сөзде неше буын бар?

  4. Ту қандай түсті.

  5. Тәуелсіздік күні қашан болады?

  6. Аға үлкен бе,іні үлкен бе?

  7. Сатушы қайда жұмыс істейді?

  8. Апта күндерін ата?

  9. Қыс айларын ата?

  10. Көктемде қандай мейрам болады?

  11. «қалам» сөзінің аудармасы қалай?

  12. Ана тілін сүю керек пе?

  13. Бір жылда неше неше ай бар?

  14. Жемістер сөзінде неше буын бар.

  15. Жыл мезгілдерін ата

  16. .Жаз қандай мезгіл?

  17. Көктем деген сөзде неше әріп бар?

  18. 1-желтоқсанда қандай мереке болды?

  19. Сен атаңа кім боласың?

  20. Елбасымыз кім?


2 -кезең «Білімпаз».
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1. Тұзда бар, суда жоқ.
Мұзда бар, буда жоқ. (ұ)
2. Гауһарда бар, гүлнар да жоқ.
Жауһарда бар, сәуледе жоқ. (һ)
3. Үйде бар, шиде жоқ.
Күйде бар, биде жоқ. (ү)
4. Қазда бар, үйректе жоқ.
Құрда бар, шілдеде жоқ. (қ)
5. Дәнде бар, елде жоқ.
Сәнде бар, селде жоқ. (ә)
6. Бірде бар, үште жоқ.
Екіде бар, бесте жоқ. (і)
7. Қарғада бар, сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар, аққуда жоқ. (ғ)
8. Шөлде бар, далада жоқ.
Көлде бар, теңізде жоқ. (ө)
9. Қайсы әріп қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)

3 - кезең «Полиглот».
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 1 ұпайдан, яғни бір жұлдызшадан беріліп отырылады, үш тілге аударса - 3 жұлдызша беріледі.

Ең бай адам - көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды - ғылым тілімен «полиглот» дейміз. Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын. Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табасыңдар. Оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.

  1. Жаны жоқ, бірақ ізі бар,

Жетектеп өзің жүресің.

Сол ізді қайта зерттеп кеп,

Көп нәрсені білесің. Жауабы Қалам


  1. Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып кетеді. Жауабы:Қарындаш

  1. Қабат-қабат қаптама.

Ақылың болса аттама.Жауабы: Кітап

  1. Түк білмей барасың,
    Тәлім аласың.
    Есейіп кетсең де,
    Қарыз болып қаласың. ( мектеп - школа - school)

  2. Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік - дневник - biary)

  3. Аяғы төртеу, жүре алмайды,

Не жатып бiр сәт те дем алмайды.

Отырған адамға дап-дайын,

Тiк ұстап тұрар тақтайын. Жауабы: (Орындық)


  1. Тазалап ақ қағаз жүзiн,

Жоқ етер қарындаш iзiн. Жауабы: (Өшiргiш)

  1. Кино менен концерттi,

Үйде қойып беремiн,

Жаңалығын бар елдiң.

Өз көзiммен көремiн. Жауабы: (Теледидар)
4 - кезең. «Жорға» кезеңі Бұл кезеңде берілген сөздердің тиісті әріптерін тауып толықтырады. Қанша сөзді дұрыс тапса, сонша жұлдызша беріліп отырылады.

Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм…рт, өр..к, көш…, ж…зім, көз…лдірік. кем…, мекте…, шан…, баты… Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…ң, бишіл…р, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұл…ыз. . Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыны марапаттайды.

жүргізуші:

Ал, бүгін сенің жұлдызың жанып, бұл сенің жұлдызды сәтін құттықтаймын. Жеңімпаз оқушыға сөз беру. Қандай сезімдесің? Достарыңа не тілер едің?



Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!- дей келе сайысымыз аяқтаймыз.






Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм…рт, өр..к, көш…, ж…зім, көз…лдірік. кем…, мекте…, шан…, баты… Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…ң, бишіл…р, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұл…ыз.

Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм…рт, өр..к, көш…, ж…зім, көз…лдірік. кем…, мекте…, шан…, баты… Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…ң, бишіл…р, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұл…ыз

Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм…рт, өр..к, көш…, ж…зім, көз…лдірік. кем…, мекте…, шан…, баты… Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…ң, бишіл…р, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұл…ыз



Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр. Алм…рт, өр..к, көш…, ж…зім, көз…лдірік. кем…, мекте…, шан…, баты… Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…ң, бишіл…р, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұл…ыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет