Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар 2 сынып



бет8/11
Дата10.11.2023
өлшемі50,55 Kb.
#190685
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар 2 сынып

ІІІ.Дидактикалық ойындар.
«Алма теру» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту. Ондықтан аттап қосу және азайтуды үйрену. Балалар ойнай отырып ауызша немесе жазбаша есептеп жаттығады.
Керекті құралдар: Алма бағының суреті, магнит тақтасы жеке-жеке (1-ден-20ға дейінгі) бірнеше алма мен алма салатын себеттер.
Мазмұны:Магнитті тақтаға үлкен алма ағашының суреті орналастырылады.Ағашта ілінген алмаларды алманың суреті бар карточкаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады.Себеттің сыртына нәтиже жазылады, ал алмаларға өрнектер жазылған.Балалар өздері қалған себеттерін таңдап алады да, соған тиісті алманы үзіп алып салады. Ойынды 5-6 бала ойнауға да немесе бүкіл класс болып ойнауға да болады. Себетті кім бұрын толтырса, мұғалімге өткізеді (себетті өткізетін жеке бала болуы мүмкін немесе бірлескен топ, командалар болуы мүмкін).Мұғалім алма ағашын басқа да заттармен ауыстырып, ойынды күрделілендіріп жалғастыра беруіне болады.
«Керуеншілер» ойыны №1
Дидактикалық мақсаты:Балаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуды меңгерту және ауызша, жазбаша, жылдам есептеуге дағдыландыру.
Мазмұны:Мұғалім керуен ойынын ұйымдастыру жолдарынтүсіндіреді.Тақтаға алдымен баланы шақырып, оларды тізбек құрғұзып тұрғызады (керуен құратын ботақандар 8 бала).Соңынан тағы да 6 қыз баланы шақырып, тақтадағы керуен тізбегін толықтырады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп 2 қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала қосылады.Барлығы түйенің қимылын көрсетіп ,
«моф»деген дыбыс шығарып орындарында (қимылдап) тұрады.Ал кластағы қалған балалар мұғалімнің басшылығымен керуен тізбегін талдайды.
-Керуен тізбегіне(8) тағы неше ботақан тіркелді? (6).
-Керуендер тізбегін 10-ға толтыру үшін алдымен қанша ботақан тіркелді?(2).
-Ең соңынан тағы қанша ботақан қосылды?
 Мұғалім тақтаға жазып көрсетуіне де болады:
-Барлығы керуен тізбегінде қанша бала болды? (14). Кері тәртіппен ойнауға да болады. Керуенде барлығы 14 ботақан бар.Алдымен 4 ботақанды, соңынан 2 ботақанды тізбектен босатты, сонда нешеу қалды? Ойынды келесі сабақтарда күрделендіріп жалғыстыра беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет