Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов. Отан. Мұқағали Мақатаев. Отан туралы



Дата23.02.2022
өлшемі28,64 Kb.
#132957
түріСабақ
Байланысты:
Жақан Смақов. Отан. Мұқағали Мақатаев. Отан туралы


Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов. Отан. Мұқағали Мақатаев. Отан туралы.



Мұғалімнің аты-жөні: Сагинбаева К.С.
Күні: 08.12.2017 ж.

СЫНЫП: 2 «А»



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

Оқу мақсаты

Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» және Жақан Смақовтың «Отан» өлеңдерін түсініп оқып, негізгі идеясын білу;
Өлеңдердегі көркем сөздерді табу;
Өлеңдерді салыстыру;

Сабақ нәтижесі:



Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып,түсінік айтуды үйренеді.Ж.Смақов, М.Мақатаев өмірімен танысады.Туған жерін сүю, құрметтеуге тәрбиеленеді. Өз ойын ашық айтуға машықтанады. Топпен жұмыс жасауға қалыптасады.

Бағалау критерийі

Өлеңдерді түсініп оқиды; негізгі идеясын табады; өлеңдерді салыстырады; 
көркем сөздерді табады;



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, көркем еңбек, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше суреті бар қағаздарды топ құрамындағы оқушылар саны бойынша төртке, беске жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Ширату жаттығуы: «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

1-топ: Гимн


2-топ: Ту
3-топ: Елтаңба
(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Жаңа білім
10 минут



- Балалар біз өткен сабақта қандай мәтін оқыдық? (Қартқожаның туған жері)
- Мәтін не туралы? (Қартқожаның туған жерге сүйіспеншілігі туралы)
- Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші? (Қас қарайды. Қой өрістен келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдына от жағып,кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр.)
- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді? (Біртүрлі жылы, біртүрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді.)
- Қартқожаға нелер қатты әсер етті? (Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті. Күлімсі шуаш иісі шыққан қойлар бірге туғандай. Түтіннің иісі де күндегіден жағымды тәрізді.)
- Ол өз туған жерін жақсы көрді ме? ( Ол өз туған жерін өте жақсы көреді.Оған туған жері өте ыстық.)
- Өз туған жерін сүймейтін қандай адам? ( Санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз, зердесіз адам)
- Сендер туған жерді сүйесіңдер ме? (Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.)

Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут



Қолдану
- Ал енді осы туып - өскен жерімізді қалай аталады? (Отан)
- Отан деген не? ( оқушылардың пікірін тыңдау)
- Міне, балалар осының барлығы қандай Отан ?
- Ол әр адамның кішкене отаны. Осындай кішкене отандардан кең Отан шығады.
- Біздің үлкен Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы.
- Иә балалар.
- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)
- Еліміз егемендігі қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
- Отанымыздың астанасы қай қала?
- Қазақ халқын басқа ел қайдан біледі?
( Елтаңба, Гимн, Туымыз арқылы )
-Әр топ өз атаулары туралы әңгімелеп берсін.
VII. Картамен жұмыс
- Тақтадан не көріп тұрмыз балалар?
- Бұл Қазақстанның картасы
- Неше бөліктен тұрады?
- Астана қай жерде орналасқан? ( солтүстікте)
- Біздің тұрған жерімізді көрелік, қай жер?
- Кім көрсетеді?
Біздің ата -бабаларымыз, әкелеріміз осы Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. Бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.
Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті.
VIII. Сөзжұмбақ шешу
- Қазір бізге балалар сөзжұмбақ берілген. Сол сөзжұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білеміз
1. Ұлттар бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі
3. Ұлттың аты?
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан?
Қара түсті торкөздің ішіндегі сөзді бәріміз дауыстап оқиық «Отан»
- Ендеше балалар бүгін біз сендермен белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың "Отан" деген және Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін өтеміз.
Өлеңді оқымас бұрын біз авторлармен танысайық. Сендерге Жақан Смақов және Мұқағали Мақатаев туралы мәлімет жинап келу тапсырылған. Кім дайын? (Мәліметтер оқылады немесе айтылады.)
Мағынаны тану. Топтық жұмыс. «Өкіл» әдісі арқылы өлеңді оқып, талдау.
Өлеңді оқып, мазмұнын ашу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
– Өлең не туралы айтылған?
– Өлеңді қандай дауыспен оқу керек? Енді өлеңдегі негізгі ойды анықтайық ? 
- Қандай ой келеді; Негізгі ой не? 
Негізгі идея: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау 
Дәптермен жұмыс.Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу.
Топтық жұмыс. Екі өлеңді салыстыру.

Ақындар



Отанды
неге теңейді?

Екі
өлеңдегі
ұқсастықтар

Екі
өлеңдегі
ерекшеліктер

Ж.Смақов

Аспанға, тауға, гүлге

Отан туралы, гүлге, асқар тауға теңейді

Отанды ұнататынын айтады. Ұлы Отан

М.Мақатаев

Ағынды өзенге, асқар тауға,гүлге

Отан туралы, гүлге, асқар тауға теңейді

Отанды мәнгілікке сү- йіп өтетінін айтады. Бәрінен биік екен




Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер





Сергіту сәті
3 минут

Музыкалық минут

«Отан» әні қимыл-қозғалыс жасай отырып

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

9. Поэзия минуты
Отан, туған жер туралы тақпақтарын, мақалдарын сұрау
10. Жалғасын тап ойыны (топтарға беріледі)
1. Отан үшін отқа түс..........
2. Отанды сүю -...................
3. Отансыз адам -................
4. Отан оттан да..................
5. Отан елдің .....................
6. Отан .................. басталады.
VI. Топтастыру
11. Қорытынды
- Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?
- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі



Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Аты -жөні

Топ жұмысына қатысуы

Сұрақтарға жауап беруі

Өз идеяларын ұсынуы

Жалпы балл












































































































Кері байланыс Оқушылар Отанға деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады.

Бағалау парақшасы





Үйге тапсырма: өлеңнің бірін жаттау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет