Көкшетау, 2013. 116 бет



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі2,31 Mb.
#35037
1   2   3   4
8 дәріс тақырыбы: Отын-энергетика кешені
Сабақтың жоспары:

  1. Көмір өнеркәсібі

  2. Мұнай және газ өнеркәсібі



  1. Қазіргі уақытта Қазақстанда 300-ден астам тас көмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Жалпы геологиялық қоры 190 млрд. Т шамасында деп есептеледі. Оның барланған қоры 35,8 млрд. Т. Дүние жүзінде бір жылда 3,5 млрд.т көмір өндіріледі (2000). 1990 ж. басында дүние жүзінде өндірілетін көмірдің 1/6 бөлігін Кеңес Одағы өндірді, ал Қазақстанның үлесі әлемде 3,7%-ға тең болды. Қазіргі уақытта Қазақстан көмір өндіруден алғашқы 10 елдің қатарына (80% көмір өндіру бес елдің: АҚШ, Үндістан, ОАР, Ресей үлесіне тиеді) жатады, оның әлемдегі үлесі 2,2% көмір өндіреді, сонымен бірге Қазақстан көмірді экспорттайтын 10 елдің ішіне кіреді. Дүние жүзі елдерінде көмір өндіру қарқынының төмендеу тенденциясыбайқалады, оны 36-суреттен көруге болады.

Қарағанды көмір бассейнінде Кеңес үкіметі кезеңінде 26 шахта, 3 көмір разрезі (Бөрлі, Қушекі, Шұбаркөл) жұмыс жасады, жылына 50 млн. т дейін көмір өндіріп отырды.

2003ж. 25,8 млн. т өндірілген көмірдің 73,6%-ы ішкі рынокқа, 26,4%-ы экспортқа (Ресей, Қырғызстан, Орта Азия елдері (барлығы 10 елге) көмір шығарылады. Өндірілген көмірдің 48,5%-ы «Миттал Стил Теміртау» ААҚ(бұрынғы «Испат-Кармет» АҚ), 29,9%-ы «Корпорациясы «Қазақмыс» АҚ Бөрлі көмір департаменті үлесіне тиеді.

Екібастұз көмір бассейні энергетикалық көмір өндіреді. Мұнда көмір 1867 жылдан белгілі болса да, кеңін игеруі 1954 ж. басталды.

Болашақта елімізде көмірдің приоритеттік тенденциясы энергетикалық отын ретінде сақталады. Біріншіден, басқа энергетикалық отындармен салыстырғанда үлкен көлемде қорымен, екіншіден, қазіргі өндіру деңгейінде мұнайдың қоры – 40 жылға, газ – 60 жылға, уран 30 жылға ғана жетеді деген болжам бар. Ал, көмірдің қоры 600 жылға жетеді



2. Әлемдік мұнай-газ өнеркәсібінің даму тарихы 1889 ж. Пенсильванияда (АҚШ) ең алғашқы мұнай қондырғысының жұмыс жасауынан басталады. Қазақстанда мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуын 1899 ж. Қаршұңғыл (Атырау облысы) мұнай зерттеу кезінде атылған мұнай фонтанынан бастау керек. 1911 ж. сәуір айында Доссор мұнай кен орыны ашылды. 1917 жылға дейін бұл аймақта 117 мұнай өндіретін және 166 зерттеу мұнай скважиналары жұмыс жасады.

Қазақстанда барланған мұнайдың қоры 3 млрд. т, табиғи газ -2 трлн. текше м. Яғни осыған сәйкес 115 және 250 жылға жетеді деген болжам бар. Мұнай өндірудің болашағы Каспий теңізінің қазақстандық секторына байланысты, болжам бойынша, ондағы көмірсутегі шикізатының мөлшері 12-17 млрд. т құрайды. Қазақстан мұнайдың барланған қоры бойынша дүние жүзінде 12-ші , табиғи газ қоры бойынша 15-ші орынды алады, ал болжамдық мұнай қоры бойынша Каспий қайраңында ашылған кен орындарын есептегенде 5-6-шы орынға жетуі мүмкін. Басты табиғи газ кен орындары: Қарашығанақ (қоры – 1330 млрд.текше м), Теңіз (335,6), Жаңажол (130,6), Ұрықтау (40,1), Амангелді тобы (47 млрд.текше м). Қазақстанның негізгі газ кен орындары және оларда газ өндіру болжамы 5-кестеде берілген.



Негізгі табиғи газ кен орындары бойынша газ өндіру болжамы (млрд. м3)

Кен орындарының аты

2005

2010

2015

Қарашығанақ

22-24

24-26

24-26

Теңіз

7,78-8,60

12,7-14,1

11,9-13,1

Қашаған

0,49-0,55

6,54-7,22

13,99-15,46

Өзен

1,38-1,52

1,47-1,63

1,5-1,66

Амангелді тобы

0,66-0,74

0,66-0,74

0,66-0,74

Құмкөл

0,38-0,42

0,48-0,52

0,57-0,63

Ұрықтау

0,38-0,42

0,48-0,52

0,57-0,63

Жаңажол

0,31-0,35

0,20-0,22

0,20-0,22

Жетібай

0,12-0,14

0,16-0,18

0,16-0,18

Қазіргі кезде Қазақстан жылына өзімізден 5 млрд.текше м газ ғана пайдаланады, елімізде газ тасымалдайтын коммуникацияның жоқтығына байланысты, өз газымызды толығымен пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан жетіспейтін 2,6 млрд.текше м газ Өзбекстаннан импортталып отыр. Қазіргі уақытта әлемдегі газ құбырларының негізгі бағыттары: Ресей – Батыс Еуропа(125-130 млрд.текше м газ тасымалдайды), Аожир – Батыс Еуропа (23-32), Норвегия – Батыс Еуропа (45), Канада –АҚШ (96 млрд.текше м). Қазақстан газын Ресей, Украина және Еуропа елдеріне шығаратын бірден-бір жол – Орта Азия – Орталық газ құбыры, мұнда 2003 ж. 43,3 млрд. текше м газ тасымалданса, 2010 ж. 75-90 млрд. текше м газды тасымалдауға жетеді деген болжам бар. Бұдан басқа Қазақстан Бұхара – Орал, Бұхара – Ташкент – Алматы (БТА) газ құбырларын пайдаланады.

Газ өндірудің лидерлері – «Теңізшевройл» БК (50%-дан астам республикалық газды өндіреді) және «ҚарашығанақПетролеум Опперейтинг» (33,8%), үшінші орында – «Өзенмұнайгаз» ААҚ (9,9%).

9 дәріс тақырыбы: Электрэнергетика шаруашылығы
Сабақтың жоспары:


  1. Элекрэнергетикасының құрылымы

  2. Электрэнергетикасының қазіргі жағдайы

1.Отын-энергетика кешенінің құрамында электрэнергетика: электрэнергияны өндіру (генеризация), жеткізу, трансформациялау және тұтыну процестерін қамтиды. Қазіргі уақытта Қазақстан энергетика өнеркәсібі электр және жылу энергиясын өндірумен бірге оны тұтынушыларға таратумен айналысады. Сонымен бірге жылы және ыстық сумен қамтамасыз ету, газ түрінде отын дайындау, оны тазалау және тарату, су жинау, тазалау және таратумен айналысады. Қазақстан жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінің бұл саланың үлесі 1991 ж. 4,8%, 2002 ж. сутегі 18,1%-ға тең болды.

Электрэнергетика кәсіпорындары: жылу электр орталықтары (ЖОЭ) тұтынушы орталықтарға, Мемлекеттік аймақтық электр станциясы (МАЭС) отын ресурстарына, су электр станциялары (СЭС) су энергия көздеріне, атом электр станциялары (АЭС) тұтыну аймақтарында жақын орналасады.

1990-шы жж. 1-ші жартысындағы дағдарыс энергетиканың дамуына да әсер етті. 1989-1996 жж. электр энергия шығару 34,2%-ға азайды. Кеңес үкіметі кезінде салынған көптеген электр станциялары жаңа технологиялық жабдықтау, жаңарту және күрделі жөңдеуді керек етеді. Сондықтан электрэнергетика өнеркәсібі нарықтық қайта құру және инвестициялық жұмыстарды жүргізуді керек етеді.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан отын-энергетика ресурстарымен өзін-өзі жоғары дәрежеде қамтамасыз ете алатын және қазіргі уақытта жұмыс жасайтын электр станциялардың қуаты республика тұтыну сұранысын толығымен қамтамасыз етумен бірге, шет елдерге экпортқа шығара алатын елге жатады.

2003ж. экспортқа шығаратын электр энергия 3,5 млрд. кВт/сағ ұлғайды. Электр энергетикасын өндіруден Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орын алады. Қазақстанда өндірген энергияның негізгі пайдаланушылар: өнеркәсіп – 61,4%, көлік – 5,6, ауыл шаруашылығы – 4,9, басқа салалардың үлесі – 15, жалпы пайдалануда электр жүйелерінде жоғалған энергия 12%-ға тең болды.



Қазақстан аймақтарында электроэнергия өндірудің таралуын 1-суреттен көруге болады.

1-сурет. Электрэнергиясының Қазақстан бойынша таралуы

Соңғы кезде Жаңажол газ кен орнында газ турбина қондырғылары арқылы қуаты 150 МВт электр станциялары салынып жатыр. Жапонияның «НЕДО» корпорациясының көмегімен Орал қаласында ілеспе газды пайдалану негізінде газ турбиналық электр станциясын және Құмкөл кен орны негізінде «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылорда облысында газ турбиналық электр станциясын салу жобаланып отыр. Сонымен қатар Қазақстандық «Энергия» институты Алматы маңайында атомдық жылу энергия орталығын салу проектісін жобалауда. Оның мақсаты – Алматы қаласының ауа бассейнінің экологиялық жағдайын жақсарту, қымбатқа түсетін минералды отынды тасымалдауды азайту. Мысалы, қазіргі уақытта мұнда жылына 804 мың т көмір, 371 мың т мазут, 33 мың т газ тасымалданады.

10 дәріс тақырыбы: Металлургия өнеркәсібі


Сабақтың жоспары:

  1. Қара металлургия өнеркәсібі

  2. Түсті металлургия өнеркәсібі

1. Қазақстан қара металлургиясының даму бастамасы – XX ғ. 30-шы жж. аяғы мен 40-шы жж. басы. Донск хромит кен орындары тобындағы Кемпірсай кен орнын игеру құрылысы басталды.

1956 ж. Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы басталды. Оның шикізаттық базасы Атасу – Қаражал темір және марганец кен орындары, ал отын базасы Қарағанды көмір бассейні болды. 1960 ж. бірінші домна жұмысқа кірісті.

1995 ж. аяғында Қарағанды металлургия комбинаты «Испатинтернейшнл» компаниясының меншігіне айналып, «Испат-Кармет» ААҚ-ы құрылды, қазір «Миттал Стил Теміртау» деп аталады.

Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде сегізінші орын (Қытай, Бразилия, Австралия, Ресей, АҚШ, Үндістан және Украина мемлекеттерінен кейін) орын алады.

Қазақстан облыстары бойынша 100 % шойын, 99,6 % бола Қарағанды облысының («Миттал Стал Теміртау») үлесіне, 0,2 % болат — Шығыс Қазақстан, 0,2 %-ы Павлодар облыстары үлесіне Ал, ферроқорытпа өнімінің 63,4 %-ын Павлодар облысы (Ақсу ферроқорытпа зауыты), 36,6 %-ын Ақтөбе облысы (Ақтөбе феррокорытпа зауыты) шығарады. Ақсу ферроқорытпа зауыты дүние жүзінде күн жағынан бес кәсіпорынның қатарына жатады. 80 %-дан астам ферроқорытпа экспортқа (Нидерланды, Италия, Жапония, АҚШ, Қытай) жіберіледі, ал республика кәсіпорындарында 15-20 % ферроқорытпа пайдаланылады. Республикадағы барлық болат өнімінің 90 %-ы экспортқа шығарылады, тек қана 8-10 %-ы ішкі рыноктың үлесне тиеді. Қазақстандық болат өнімдерін негізгі тұтынушы елдері, Қытай — 35 %, Ресей 25, Иран — 15, Оңтүстік Шығыс Азия — 15, ТМД елдері — 6 %. Кам және ВАЗ зауыттары (Ресей) автомобиль мен тұрмысқа кажетті бұйымдар (тоңазыткыш, кір жуғыш машина, шаң сорғыш т.б.) өндіру үшін түрлі сапалы прокаттар алады Дүние жүзінде 16 млн. т хром мен концентраты өндіріледі. Қазақстан марганец рудасы қорынан ОАР мен Украинадан кейін үшінші орынды алады. Хромит рудасының қорынан екінші орын, ОАР – нан кейін алса, оның дүние жүзілік 50%-ын өндіреді. Дүние жүзілік хромит рудасының 75%-ын төрт мемлекет – ОАР, Қазақстан, Түркия және Иран өндіреді.

2. XX ғ. 50-ші жж. дейін республикада тек мыс пен қорғасын өнеркәсібі дамыды. 1928 ж. Риддер қорғасын мен Қарсақбай мвс қорыту зауыттары, Жезқазған мыс рудниктері іске қосылды.

Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы – мыс өнеркәсібі. Мыс қорытуға пайдаланылатын негізгі шикізат түрлері: мыс құмдақтары (Жезқазған кен орны), мыс-молибден рудасы (Саяқ, Қоңырат, Ақтоғай, Бозшакөл, Айдарлы), кен орындары (Солтүстік Балқаш жағалауы, Павлодар облысы), мыс-никель және полиметалл рудалары (Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстан)

Қазіргі уақытта дүние жүзінде Қазақстан мыс рудасы қоры бойынша тоғызыншы орын, оны өндіруден оныншы орын, рафинделген мыс өндіруден жетінші, оны экспорттаудан төртінші орны алады.

1997 ж. Қазақстанда «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. Оның құ-рамына «Жезказғантүстімет» АБ, «Балқаш тау-кен металлургия комби­наты», олардың тау-кен рудалық базалары: Жезкент, Жезказған, Сәтбаев, Балқаш кен-байыту комбинаттары, Жезказған мен Балқаш ЖЭО-ы, Қарағанды МАЭС-2, «Мыс полимер» АБ (Павлодар), Бөрлі көмір разрезі (Қарағанды облысы). Семей кабель мен Жезказған мыс қатанқалау зауыттары кіреді. Корпорациянын басты өндірістік бағыттары: түсті металдар рудасын өндіру, байыту және қорыту, мыс және мыс бұйымдарын, алтын және күміс, химия өнімдерін; жылу және электр энергияларын өндіру, көмір өндіру және байыту. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мыс-химия комбинаты, Белоусов, Ертіс кен орындары мен байыту комбинаттары, Ертіс мыс қорыту зауыты (Глубо­кое кенті) кұрамына кіреді.

2000 ж. мәліметтер бойынша «Қазақмыс» өндірген өнімдердің көлемі: руданы өндіру 37,4 млн. т, қара мыс — 426,6, тазаланған мыс —394,7, концентраттық мырыш — 89,9, кұймалы алтын — 407 электр энергиясы — 4,9 млрд. кВт-сағ, көмір — 6,5 млн. т, 350 т 3,6 млн. ккал жылу энергиясы, сонымен бірге тұрмысқа керекті бұйымдар (теледидар, тоңазыткыш т.б.) шығарады.

Қазақстанда мыс өнеркәсібінің дамыған екінші ауданы – Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда Ертіс мыс зауыты(Глубокое кенті), Өскемен қорғасын-мырыш және Риддер (бұрынғы Лениногорск) полиметалл комбинаттары құрамындағы мыс зауыттары жұмыс жасайды. Олардың шикізат базасы – Рудалы Алтай кен орындары, Орталық және Оңтүстік Қазақстан мыс концентраты мен импорттық руда.Мыс өнеркәсібі өнімдерінің көлемін 6 кестеден көруге болады.

Мыс өнеркәсібі өнімдерін өндіру клемі, мың т



Өнім түрлері

1997

2000

2003

Мыс рудасы

31382,0

32751,2

34647,0

Мыс концентратындағы мыс

316

430,2

484,5

Мыс концентраты

1187,6

1670,0

-

Қара мыс

327,4

413,9

-

Рафинделген мыс

301,3

394,7

432,4

Дүние жүзі нарығында шикізат пен жартылай фабрикаттармен салыстырғанда дайын өнімдер жоғары бағаланады. Мысалы, 1 т глиноземнің бағасы 1500-2000 АҚШ долл. Болса, одан алатын 1 т таза алюминий прокаты 4000-5000 долл. Дейін бағаланады. 2003 ж. дүние жүзі рыногында 1 т мыс металының бағасы 1647-2178 АҚШ долл., мырыш – 819-914, алюминий – 1415-1549, никель – 9968-13526 долл.болды.



Қорғасын-мырыш өнеркәсібі — Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсібінің екінші саласы. Оның территориялық ұйымдастыру ерекшелігі — корғасын-мырыш рудаларын байыту мен корытуы стадияла-рының бөлек орналасуы. Технологиялық процестің толықтық деңгейіне байланысты профессор А.Т.Хрущев Қазақстандағы қорғасын мен мырыш өнеркәсібінін негізгі орталықтарын төмендегі аудандарға бөледі:

1) қорғасын мен мырыш концентратын өндіру (Қарағанды облысы);

2) қорғасын металын және мырыш концентратын өндіру (Оңтүстік Қазақстан облысы);

3) қорғасын мен мырыш металдарын өндіру (Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен және Лениногорск)).

Қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің ең алғашкы кәсіпорыны — Шымкент қорғасын зауыты (1934). Мұнда технологиялық және техникалық реконструкция жүргізу, жаңа цехтарды іске қосу т.б. арқасында комбинаттың өнімдері сыртқы рынокта бәсекелесе бастады. 1992 ж Лондон түсті металдар биржасында оның өнімі (қорғасын мен мырыш тазалығы жағынан жоғары деп танылады. Негізгі шикізат базалары — «Ащысай полиметалл» комбинаты (Кентау), Алмалық комбинаты (Өзбекстан), Шалкия руднигі (Қызылорда облысы), Шымкент қорғасы зауыты ең жоғарғы сапалы тазаланған қорғасын, қызыл қорғасын шығарады. Тазаланған қорғасын негізінен аккумулятор шығаруға (негізгі тұтынушы — Ресей), қызыл қорғасын — хрусталь және шыны шығару үшін (тұтынушы Ресей) қолданылады. Елімізде қорғасынды пайдаланатын «Талдықорған аккумулятор» АҚ зауыты жұмыс жасайды.

Қазакстанда қорғасын өндіретін бірінші аудан — Шығыс Қазақстан. Мұнда Өскемен қорғасын-мырыш, Риддер полиметалл және Зырьянов қорғасын комбинаттары жұмыс жасайды. Негізгі шикізат базалары — Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты, Зырьяновск қорғасын мен Ертіс полиметалл байыту комбинаттары, Малеевск, Зырьяновск, Белоусовск, Николаевск рудниктері. 1996 жылдан бастап ұзақ жылдан қорланған Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының үйінділері шикізат ретінде пайдаланыла бастады.

Қорғасын-мырыш рудасының 78 %-ын Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы. қалғанын Алматы облысы (Текелі) өндіреді. Қорғасын металының 83 %-ы — Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен қорғасын-мырыш зауыты), 17 % Оңтүстік Қазақстан (Шымкент қорғасын зауыты) үлесіне тиеді.

Титан-магний өнеркәсібі. 1964 ж. Өскемен титан-магний комбинаты алғашқы өнімін шығара бастады. Шикізат базасы Орал (Ресей) мен Ураина болды. Кеңес Одағының ыдырауы, экономикалық тоқыра) өнеркәсіптің дамуына кері әсер етті. Комбинаттың негізгі өнімі — титан толығымен экспортқа шығарылып отырды. 1990-1995 жж. титан өнімі 4 есеге, яғни 38222 т 9592 т дейін, азайды. Титан өнімін шығарудың негізгі шикізаты — ильменит және оның концентраты. Қазіргі уақытта титан шикізатын Ақтөбе (Шоқаш кен орны), Шығыс Қазақстан (Бектемір Көкшетау (Обухов) кен орындары қамтамасыз етеді. 1995 ж. титан-цирконий құмын өңдеу негізінде Обухов титан-цирконий комбинатының бірінші кезегі жұмысқа кірісті (Көкшетау өңірі), қазір екінші кезегі салынып жатыр, үшінші кезегін салу жоспарланып отыр. Осының аркасында Обухов комбинаты Өскемен титан-магний комбинатының шикізат базасын нығайтумен бірге экспортқа цирконий концентратын шығарады (мысалы, 2000 ж. 189 т цирконий концентратын экспортқа шығарды). Сонымен бірге Өскемен комбинаты жаңа технологияны енгізу арқылы жергілікті түсті металлургия өнеркәсібінен қалған үйінділерді пайдалануды жолға қойды.

Алюминий өнеркәсібі — Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінде жаңа салалардың бірі. Қостанай облысында (Торғай өңірі) ашылған Арқалық, Торғай, Краснооктябрь, Жангелді, Амангелді боксит кеніш орындары базасында 1964 ж. Павлодар алюминий зауыты алғашқы гли­нозем (А1203) өнімін шығарды. Тазартылған алюминий алу үшін Павлодар глиноземі Ресейдің Красноярск, Саян және Богославск алюминий зауыттарына жіберіледі. КСРО кезінде Қазақстан шикізатынан 1/5 алю­миний өндірілді. 1996 ж. тамыз айында «Қазақстан алюминий» АҚ құрылды, бұл қоғам шетел компаниясы «Whitesmas Worldwide Z LTD» компаниясына басқаруға берілді. 1996 ж. глинозем өндіру 1990 ж. деңгейге, яғни 1084 мың т 2003 ж. 1419,2 мың т, жетті.

Қазақстан дүние жүзінде өте сирек кездесетін осмий металын шығаратын бірден-бір ел. Ол рак және баска ісік ауруларына қарсы препараттар өндіруге, авиакосмостық техниаға пайдаланылады. 1 г осмии металының бағасы 21-41 мың долл. Барланған қоры — 1702 т. Қазақстан Республикасы тағы бір сирек кездесетін рений металын алға шығарған ел. Барланған қоры — 1661 мың т.

11 дәріс тақырыбы: Машина жасау өнеркәсібі
Сабақтың жоспары:


  1. Машина жасау өнеркәсібінің құрылымы

  2. Машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары

1. Технологиялық процестің стадияларына (сатыларына) және орналасу ерекшеліктеріне байланысты машина жасау өнеркәсібі мынандай топтарға бөлінеді:

1. Ауыр машина жасау өнеркәсібі. Мұның құрамына металлургиялық тау-кен, көтерме көлік кұрал-жабдықтары, энергетикалық блоктар (бу қазандары, атом реакторлары, турбина мен генераторлар), металды көп жұмсайтын габариттік кұрал-жабдықтар. Кәсіпорындары негізінен толық өндірістік циклді болады және металлургиялық базаларға жақын орналасады.

2. Жалпы машина жасау өнеркәсібі. Бұған әр түрлі металдық конструкция жинау және ірі габаритті, бірақ жинауы күрделі емес (автомобильден басқа) машина жасау өнеркәсібі, өнеркәсіпке және құрылысқа технологиялық кұрал-жабдьщтар (жеңіл және тамақ өнеркәсібінен басқа), ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (трактордан баска) өнеркәсіптері жатады. Шикізатты (металды) көп шығындайтын салалар мен кәсіпорындар металлургия базаларына, баскалары кебінесе тұтыну рыногына жақын орналасады.

3. Орта машина жасау өнеркәсібі. Автомобиль, трактор, станок жасау, ауыл шаруашылығы, көлік, кұрылыска керек орта және кіші мөлшердегі машиналар мен кұрал-жабдықтар өнеркәсіптері кіреді. Мұның кұрамына технологиялық стадиялар бойынша маманданған көптеген кәсіпорындар кіреді. Оларға серіктесу (кооперация) және септесу (комбинирование) арқылы территориялық ұйымдастыру тән.

4. Дәл машина жасау өнеркәсібі — дәл машиналар мен механизмдер, аспап пен инструмент жасау, компьютерлік техника, роботтехн автоматикалық құрал-жабдыктар, космос т.б. өнеркәсіптер жатады. Бұл салалардың технологиялық процесі дәл механикалық өңдеу мен жинауды қажет етеді. Сондықтан олар жоғары біліктілік жұмысшылары аудандарға орналасады.

5. Металдық дайын құрамалар мен жабдықтар өнеркәсібі. Meталдық дайын құрамалар дайындау шикізат кездеріне, ал металдық жабдықтар шығару, тұтыну рыногына жақын орналасады.

6. Машиналар ремонттау мен құрал-жабдықтарды жөндеу. шина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі Қазақстанда Кеңес өкімет кезінде дамыды. XX ғ. 30-шы жж. негізінен тау-кен өнеркәсібіне кызмет ету үшін кішігірім зауыттар, цехтар, ремонт жасайтын шеберханалар салына бастады. 1932 ж. бастап металл өндеу өнеркәсібі жолға койылды: таразы, таразынын тастары, су дирмендеріне, кіші су электр стансаларына құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығына керекті техникалар.

2. Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындары Алматы, Өскемен Қарағанды және Атырау қалаларында орналасқан. Мұның ішінде Алматы ауыр машина жасау зауыты ТМД елдері рыногына болат прокаты кабель, құбыр, металлургиялық комбинаттарға керекті өнімдер шығарады. Өскемен ауыр машина жасау зауыты түсті металл өндіретін рудниктерге құрал-жабдықтарды, Қарағандыда «Каргормаш» АҚ зауыттары. тау-кен шахта машиналары мен құрал-жабдықтарын өндіреді және оларды жөндеу жұмыстарымен айналысады. Атырау ауыр машина жасау зауыты мұнай өнеркәсібіне керекті құрал-жабдықтарды өндіреді. Осы топқа Шымкент пресс-автомат зауытын жатқызуға болады.

Жалпы машина жасау өнеркәсібі ішінде Қазақстан ауыл шаруашы-лығы машина жасау кәсіпорындарын атауға болады. Олар негізінен тың және тыңайған жерлерде, яғни тұтынушы аймақтарда — Астана («Қаз-сельмаш», «Целинсельмаш»), Ақтөбе ауыл шаруашылығы машина жа­сау зауыты, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеумен айналысатын кәсіпорындар: Орал, Астана, Семей, Қостанай т.б. қалаларда орналасқан. Павлодар трактор зауыты қазір қиын экономикалық жағдайда.

Оның себебі дайын өнімді шығару үшін зауыт КСРО-ның көптеген кәсіпорындарына тәуелді болды. Мысалы, 1996 ж. зауыт тұрақты жұмыс істеу үшін ТМД және бұрынғы ӨЭК (Өзара экономикалық көмек) елдері шығаратын 120-дай құрал-саймандар мен детальдар керек болды. Бұрын дизельдік мотор алып тұратын Барнаул зауыты банкротқа ұшырауына байланысты өз елімізде Қостанай дизельдік зауатында мотор шығару жолға қою керек. Кіші және орта бизнестің дамуы, әсіресе фермер шаруашылығы кіші техникалық құралдар мен машиналар өндірумен тікелей байланысты. Мысалы, «Мотор» АҚ (Батыс Қазакетан облысы) Тай-2 минитракторын шығара бастады, Актөбеде «Беларусь» тракторын жинау мәселесі шешілді, Алматы зауыты «Поршень» трактор және бульдозер шығарады, Астанада «Нан» астық жинау комбайнын (Украинамен бірігіп) құрастыру жолға қойылды. 1991-1998 жж. ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету, оның ішінде комбайн 2 есеге, трактор және жер жыртатын машиналар 35 %-ға азайды. Ескірген және тозуға ұшыраған трактор паркінің үлесі 70 %, тұкым себетін машина — 66, дәнді-дақылдар жинайтын комбайын 57 %-ға жетті. Сондықтан өнеркәсіптің бұл саласы Қазақстан өкіметінің қолдауын және арнайы шешімдерін қажет етіп отыр. 1997 ж. Қазақстан ауыл шаруашылығы ма­шина жасау өнеркәсібінің 2000-ші ж. дейін дамуы туралы бағдарлама қабылданды. Мұнда республикалық тұтынуға қажетті әр түрлі жинайтын комбайн, су сепкіш машиналар, гелиоқондырғылар, фермер шаруашылығына қажетті машиналар шығаруды жолға қою белгіленді.



Станок жасау өнеркәсібі қазіргі уақытта экономикалық дағдарысты басынан кешіріп отыр. 1990 ж. Алматы каласындағы зауыттар (станок жасау зауыты, «Поршень» зауыты, төменгі вольттік аппаратура зауыты), Шымкент (металл кесетін станоктар), Орал, Петропавл өнімдерін өндірді.

Қазақстанда прибор жасау өнеркәсібі әскери-қорғаныс кешені құрамында ғана дамыды. Қазіргі уақытта бірлескен Қазақстан-түрік кәсіпорыны «Вемет» телефон аппаратурасы мен цифрлык телефон стансаларына жабдықтар (Павлодар), фирма «ЭКО» (Павлодар) — фирмалық электрон микрофондары, телевизор декодері, радиобөлшектерін шығарады. Алматы күрделі электротелерадиоаппаратура «Промспецсвязь» зауыты — телебайланыс құралдары, Арқалык радиодеталь зауыты «Арна», Алматы «Сайман» ЖАҚ — энергия есептеу приборы, Қарағанды ӘКБ— «Вторчерметавтоматика» — су, электр энергия, жылу есептеу приборлары, т.б. өнімдер шығарады. Болашақта дәл машина жасау өнеркәсібінің орталықтары Алматы, Петропавл, Орал, Курчатов, Семей болып қала береді.

Қазақстанда электротехникалық машина жасау өнеркәсібі отын-энергетика өнеркәсіптері мен көлікті керекті кұрал-жабдық қамтамасыз етуге маманданған. (Олар Тараз, Павлодар, Петропавл, Орал қалаларындағы зауыттар, Батыс Қазақстан мұнай-газ кызмет етеді. «Имстальком» АҚ (Тараз), Щучинск техникалық-қазан, Талдықорған электронасос, Орал металл бұйымдары зауыты, «Омега» зауыты (Орал)). Электрондық саланың жаңа өнімдерін Петропавл Алматы, Семей прибор жасау зауыттары игере бастады. Мысалы метиз-фурнитура зауыты байланыс желілері мен теледидар станцияларына керекті приборлар шығаруда. Оңтүстік Қазақстан облысын, Электроаппарат» ААҚ-ы құрылып, мұнда күн энергиясын пайдаланып, су қайнататын тұрмысқа керекті аппараттар, жоғарғы кернеудегі аппаратуралар, трансформаторлық стансаларға эр түрлі кұрал-жабдықтар приборлар шығару іске қосылды. Павлодар облысында «Кабель» зауыты іске қосылып, сырттан кабельдерді импорттауды (30 %-ға дейін) ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкінді Сонымен бірге бұл облыста «Эми АО Элмо» АКҚ, «Трансформат зауыты» ААҚ құрылды.

Көлік машина жасау өнеркәсібінде: кеме жасау өнеркәсі( Қазақстанның мемлекеттік әскери-теңіз және теңіз-көлік флоттарын құруға байланысты дами бастады. Теңіз көлік флоты Ақтау қаласында Құрық портында, ал әскери-теңіз флоты Баутино портында құрылып жатыр. Кемелер мен корабльдер жасау «Зенит» АҚ машина жас үлесіне тиеді. Мұнда өзен-теңіз типтес кемелер шығарылады тау, Баутино, Атырау сияқты портты қалаларды кемелермен қамтамассыз етеді. Көлік машина өнімдерін шығаруда өзгерістер бар. Pecей автомобиль зауыты базасында (Нижний Новгород) бірлескен кәсіпорын «іскер ГАЗ» кіші габаритті жүк автомобилін жинаумен айналысады. «ЗИЛ» базасында «Целинсельмаш» (Астана) зауытында автосамосвал шығару жолға қойылды. Автомобиль жасау өнеркәсібі Қазақстанда жасау өнеркәсібі Қазақстанда құрау және жөндеу жұмысымен ғана шектеледі, мұндай кәсіпорын 1992 «Іскер-ГАЗ» ААҚ (миниауыр жүк таситын машина және миниавтобус «ГАЗель»).

Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында келесі зауыттарды жатқызуға болады: өлшегіш пен оттегі-демалыс аппаратураларын шығаратын (Көкшетау), кішілитраждық двигательдер (Петропавл), экскаватор (Кентау), «Қалқаманбульдозер» (Павлодар облысы) «Коммунмаш» (Тараз), өнеркәсіптік тоңазытқыш (Теміртау қажетті техникалар (Алматы), «Семей кабель», Талдықорған және Шымкент аккумулятор, «Степногорск подшипник», «Актөберентгенаппаратура», Алматы «Гидромаш» (БК «Белкамит») зауытта т.б. Сонғы кезде компьютерлік техниканың жаңа түрлерін шығару дами бастады, мысалы, Курчатов қаласында, Алатау кентінде (Алматы каласы маңайында), «Интерконнект» КҚ біріккен кәсіпорында қазақстандық алғашкы «Барс» дербес компьютерлерді жасай бастады. Қазақстанда әр түрлі машина жасау зауыттарынын жұмысына қарамастан, маманданған, инфракұрылымы дамыған еліміздің экономикасын, оның ішінде негізгі салаларын — тау-кен, металлургия өнеркәсіптерін, мұнай-газ-химия кешенін, ауыл шаруашылығын сапалы машиналар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін кешен әлі құрылған жоқ. Әскери-корғаныс кешені құрамына кіретін машина жасау зауыттарындағы конвер-циялык процестер қиын экономикалық жағдайда жүргізілуде.

12 дәріс тақырыбы: Химия және құрылыс материалдары өнеркәсіптері
Сабақтың жоспары:


  1. Химия өнеркәсібі кешені

  2. Құрылыс өнеркәсібі кешені

1. Қазіргі уақытта (2000) «Химпром» ААҚ (Жамбыл облысы) реконструкция жүргізу арқылы сары фосфор (36 мың т), фосфор қышқылы (74 мың т), фосфор қышқылы (24-44 мың т) өндіру қалпына келтірілді. «Казфосфат - НДФЗ» ЖАҚ сары фосфор (35-40 мың т), фосфор қышқылы (24-44 мың т), Шымкент «Фосфор» АҚ синтетикалық жуғыш заттарды шығару (25-35 мың т) жолға қойылды. «Павлодар химия зауыты» АҚ, «Промстройпластмасса зауыты» (Степногорск), Қарағанды резинатехникалық зауыты қалпына келтіріліп әр түрлі химия өнімдерін шығара бастады. Қарағандыда таза күкірт және тұз қышқылын алатын минизауыт іске қосылды. Республикада отандық фармацевт өнеркәсібі дами бастады. Оның негізін «Химфарм» ААҚ құрайды (Оңтүстік Қазақстан облысы). Қазір ол 140-тан астам әр түрлі дәрі-дәрмектер шығарады.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде (1991-2000) химия өнеркәсібінің дамуында және құрылымында көп өзгерістер болып жатыр. Оның республикалық өнеркәсібінің жалпы өнімдегі үлесі 6,3%-дан (1991) 1,3%-ға дейін төмендеді(2002), даму қарқынын төмендегі кестеден көруге болады.

Химия өнеркәсібінің даму қарқыны, %

Даму қарқыны

1991

1993

1995

1997

1999

2000

2001

2002

Алдыңғы жылмен салыстырғанда,%

94,9

95,4

103,6

70,1

119,6

122,2

154,7

117,4

1991 жылмен салыстырғанда,%

-

40,5

24,8

12,7

15,2

18,6

28,8

-

Өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі сала өнімінің үлесі,%

6,3

4,0

3,7

3,2

1,4

1,2

1,5

1,3

Тау-кен-химия өнеркәсібінің негізгі ауданы Оңтүстік Қазақстанда (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) құрылды. Қаратау тауында сапасы жоғары фосфорит кен орындары ашылды.

Минералдық тыңайтқыш өнімдерін шығаратын екінші аудан – Ақтөбе облысы. Шикізат базасы – Индер күмбез тұзды бассейні, Шилісай фосфорит кен орны (Ақтөбе облысы), Қаратау фосфориті, Кемпірсай хромит рудасы.

Синтетикалық материалдар өнеркәсіпте жаңа шикізаттар базасын құрайды, сапасы жағынан кейде табиғи шикізаттан артықшылығы бар өнімдер шығарады. Органикалық синтез өнеркәсібінің шикізат базасы — көмір (кокстык өндіріс), мұнай, газ конденсаты, табиғи газ. «Миттал Стил Теміртау» АҚ көмірден бензол мен нафталин өндіреді (коксохимия цехі). Теміртау қаласында «Карбид» АҚ көмірді шикізат ретінде пайдаланады.

Көмірсутектік шикізатты кешенді өңдеу арқасында мұнай-химия өнеркәсібі кұрылды. Мұнда мұнай өнімдерін өңдеу арқылы тасымалдауға ыңғайлы және экономикалық тиімді органикалық синтез өнімдері өнідіріледі (Атырау, Шымкент, Павлодар, Ақтау, Акеай). Оларды өңдеу және дайын синтетикалық материалдар алу (пластикалық масса, синтетикалық каучук т.б.) маманданған кәсіпорындарда (тұтыну аудандарында) өндіріледі. Мұнай-химия, газ-химия комбинаттары көмірсутектік шикізаттар ауданы мен мұнай газ құбырларының бойында салынады. керісінше, мұнай және газ өнімдерін аяғына дейін өңдеу және синтетикалық бұйымдар шығару өнеркәсібін жан-жақты әр түрлі жағдайларда орналастыруға болады, мысалы, синтетикалық жуғыш заттар, резинатехникалық бұйымдар, жасанды талшықтар мен жіптерді тұтыну рыноктарына жақын орналастырады.

Қазақстан синтетикалық смола және пластикалық масса өнеркәсібі кәсіпорындарына Ақтау пластмасса зауыты («АКПО» АҚ) жатады. Мұнда өндірген өнімдер (полистирол) кеңестік телевизор, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, мұздатқыш т.б. тұрмыстық бұйымдардың корпусын жасауға жұмсалды, сонымен бірге жылу сақтайтын материалдар өндіреді (қазір Астана қаласындағы құрылыстарда қолданылуда). Соңғы кезде зауытта реконструкциялық жұмыстар мен технологиялық жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Зауыттың тауарларына сұраныс көп, себебі мұндай кәсіпорын ТМД елдерінде біреу-ақ.

Атырау полиэтилен зауыты бұл өнеркәсіптің 11 % шамасында өнімін өндіреді. Аз көлемде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Казақстан облыстарының кәсіпорындарында өндіріледі. Жасанды талшық пен жіп өнімін Қостанай жасанды талшық зауыты, Рудный және Лисаковск қаласындағы химия талшығы зауыттары өндіреді. Химиялық талшық жасанды (ацетаттык, вискоздық) және синтетикалық (нейлон, капрон, лавсан т.б.) болып бөлінеді. Жасанды талшықтың шикізаты негізінен целлюлоза, синтетикалық талшықтың шикізаты — синтетиклық смола (көмір, мұнай, газ өндеуден өнідіреді).

Қазақстанда мұнай-газ-химия өнеркәсібі кешенінің толық технологиялық циклі қалыптасқан жоқ. Кеңес үкіметі кезеңінде шикізат және жартылай өңделген тауарлар өндіретін стадиялар ғана дамыды. Ал тереңдетіп өңдеп, дайын өнімдер шығару Қазақстаннан тысқары аймақтарда өндірілді. Сондықтан бір-бірімен байланысы жоқ үш географиялык аймақты атауға болады:

1) Батыс Қазақстан кешені — Ақтау полистирол зауыты (қуаты 1 ( мың т этилен, 430 мың т этилбензол, Атырау полипропилен зауыт (қуаты 300 мың т);

2) Қостанай кешені — «Химталшык» АҚ, Рудный және Лисаковс химия талшығы зауытары;

3) Қарағанды кешені — «Карбид», Қарағанды синтетикалық каучук) зауыттары және «Қарағанды резинотехника» АҚ.

2. Қазақстан құрылыс материалдары өнеркәсібі шикізат қорына өте бай кен орындарымен белгілі – ізбес, мергель, гипс, отқа төзімді, баяу балқитын, фосфорлық саздар, әктас, құм, асбест, мәрмәр, гранит т.б. Металлургия және фосфор өндірісінің қалдығы – шлак, жылу электр станцияларының қалдығы – күл және шлак, тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары шикізат есебінде құрылыста кеңінен қолданылады.

Темір-бетондық материалдар шығаратын кәсіпорындар облыс орталықтары мен ірі қалаларда жұмыс жасайды. Аса ірі зауыттар Қарағанды, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Семей, Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл өндіріске шикізат есебінде цементпен бірге жергілікті құмтас, әктас, қиыршық тассияқты кен орындары пайдаланылады.

Кірпіш зауыттары кеңінен таралған. Негізгі өнімдерін Солтүстік Қазақстан (37,1%), Батыс қазақстан (16,7%) өндіреді. Құрылыс индустриясының сұранысына байланысты құрылыстық материалдардың сапасы жаңа түрлерін өндіру жолға қойыла бастады.

Өскемен пневмоавтоматика зауыты тұрмыстық қызмет етуге әр түрлі құрал-жабдықтар, Көкшетау мен Қапшағай фарфор зауыттарында санитарлық-фаянстық бұйымдар, Ақтау мен Атырауда линолеум, Орталық Қазақстанда әктас кен орындарының негізінде шыны өндіру (Ақтас) жолға қойылды.

Болашақта отандық құрылыс өнеркәсібінің мақсаты – жергілікті шикізатты тиімді пайдалана отырып, әрі сапалы, әрі арзан, нарықта бәсекелесе алатын өнімдер шығару. Ол үшін мемлекет тарапынан отандық кәсіпкерлерден қолдау керек екені сөззіз.


13 дәріс тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені
Сабақтың жоспары:

  1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен туралы түсінік

  2. Ауыл шаруашылығының салаларының географиясы (егін және мал шаруашылығы)

1. Аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) басты мақсаты – халықты азық – түлікпен және өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен тұрақты қамтамасыз ету. Оның кұрамына кіретін салалар әр түрлі технологиялық жұмыстар атқаратындықтан, оларды 3 сфераға бөлуге болады:

- I сфера — аграрлық - өнеркәсіптік кешенге өндірістік құрал - жабдықтар шығаратын өнеркәсіп салалары — трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнеркәсібі, мал және жем - шөп ша­руашылығына, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті маманданған автокөлік шығару, құрал - жабдықтар жасау, -

II сфера — ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы);

- III сфера — ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін өнеркәсіп салалары: тамақ өнеркәсібі (ұн-жарма тарту, ет-сүт, балық, қалбыр, арақ-шарап, кондитер өнеркәсіптер).

АӨК-інің басты звеносы — ауыл шаруашылығы, мысалы, 1980ж. КСРО АӨК-індегі жұмыскерлердің жартысынан астамы ауыл шаруашылығында еңбек жасады, 75 % өнімін өндірді.

1990 ж. ет өндіру-1560 мың т (1940ж. салыстырғанда 7 есе, 1960 ж. салыстырғанда 2,8 есе өсті), сүт – 5642 мың т. Жұмыртқа – 4185 млн. дана, жүн-107,9 млн. т, яғни осыған сәйкес 1940 ж. салыстырғанда 2,3; 4,9 және 1,6 есе өсті.

1990 ж. Қазақстан АӨК-нің құрамында 2119 кеңшар, 407 колхоз, 135 шаруашылық кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы өңдейтін 16 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, 441 тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, 30 трактор және ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу кәсіпорындары, 643 әр түрлі құрылыс кәсіпорындары кірді. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің динамикасы 7-кестеде берілген.

1940

1960

1980

1990

1995

2000

2003

1850

7904

14135

15673

191571

402047

606746

1990 ж. ауыл шаруашылығы жалпы өнімі үлесі республикалық ІЖӨ-де 34%-ға тең болса, 1998 ж. 8,5%-ға, яғни 3,4 есеге дейін, төмендеді. Бұл кезеңде егін шаруашылығ,ы өнімі көлемі үштің бір бөлігіне дейін, мал шаруашылығы жартысынан астамға дейін азайады. Салыстырып қарасақ, бұл жылдары өнеркәсіптің үлесі 1,3 есеге, сауда 1,9 есеге, көлік пен байланыс 1,4 есеге өсті.

2. Дәнді-дақылдар егетін және тауарлық астық өндіретін басты аймақ­тар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары, республикадағы үлесі — 71,1 %, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының солтүстік өңірлері — 13 %. Мұнда республиканың 2/3 дәнді дақылдар егетін алқабы мен 2/3 тауарлық астық өндірісі шоғырланған. Мұнымен бірге дәнді – дақылдар егістігінің Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Қазақстан тау етектеріндегі богарлық және суармалы егін алқаптары орналасқан, мандаты басты дақылдар: күздік бидай мен күріш.

Қазақстанда басты егілетін дәнді – дақылдар — жаздық бидай, яғни оның қатты сорттары егіледі, оның дәнді – дақылдар егістігіндегі көлемі 70 %-дан астам. Сапасы жағынан дүние жүзілік стандартқа сәйкес, яғни құрамында кілегейлігі (клейковина) 28-35 %-ға дейін болғандықтан, нан өнімдерін өндіруге бірден-бір шикізат болып есептеледі. Қазақстан егін шаруашылығы тарихында ең көп өнім 1979 ж. алынды: түсімділігі 1 га— 13,6 ц (тазаланған салмағы 32 млн.т).

Қазақстанның қуаңшылық аймақтарына Ақтөбе, Батыс Қазақстанда, Павлодар мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде тары, Алматы мен Қызылорда облыстарында күріш егіледі. Арпа және сұлы Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріліп, дегенмен соңғы кезде олардың орнына бұршақ, соя, қарақұмық, қара бидай дақылдарын егу ұлғайып келе жатыр. Жүгері оңтүстік облыстарда дән алу мақсатымен, ал солтүстік облыстарда жем-шөп (силос) алу үшін егіледі.

Мақта егетін алқаптар Оңтүстік Қазақстан облысының үш әкімшілік ауданында орналасқан. Мұнда сегіз мақта тазалау зауыттары жұмыс жасайды.Олар жылына 200 мың т. дейін мақта талшығын өндіре алады. Алматы мақта - мата комбинаты 12 мың т. дейін мақта талшығын өңдей алады. Тоқыма өнеркәсібінің дамуындағы экономикалық дағдарысқа бай­ланысты мақта шикізаты мен мақта талшықтары Австралия, Англия, Түркия, Ресей, Беларусь, Литва елдеріне экспортқа шығарылуда.

Мақта егістігі 116,6 мың гектардан (1991 ж.) 199,9 мың га (2003 ж.) дейін өсті. Сонғы кезде Қызылорда облысында мақта егістігі пайда бола бастады (0,4 мың га).

Қант қызылшасы егін алқаптары Алматы және Жамбыл блыстарында орналасқан. Қант зауыттары қант қызылшасын егетін аймақтарда орналасқан. Қазіргі уақытта Бурундай, Көксу, Қарабұлақ, Ақсу, Үшарал, Мерке қант зауыттары жұмыс жасайды. Олар шикізаттың жетіспеушілігінен импорттық шикізатты өңдеуге көшті (отандық шикізаттың көлемі бір зауыттын төрт ай жұмыс жасауына ғана жеткілікті болып отыр).

Темекі егістігі Қазақстанда XX г. 40-шы ж. пайда болды. Алатау таулары етегінде егілген «Дюбек» темекі сорттары шетелдерге импортқа (Англия) шығарылып отырды. Қазіргі уақытта «Алматы темекі» және «Филипп Моррис» компаниялары Алматы облысы Шелек ауданында темекі егу және шикізат дайындауды қайта жолға қойып отыр.

Күнбағыс егіс алқаптарының 48,8 %-ы Шығыс Қазақстанда, 27,9 — Павлодар облысының үлесіне тиеді, Қостанай облысында — 6,8, Алматы — 4,9, Ақмолада — 4,8 % егіс алқаптары орналасқан.

Республикадағы күнбағыс тұкымының 64,4 % жалпы өнімін Шығыс Қазақстан, 18,7 — Павлодар облыстары береді. Өсімдік майын өндіретін дақылдардың ішінде бұйра талшықты зығырдың аздаған алқаптары Қостанай мен Ақмола облыстарында, қыша Павлодар мен Батыс Қазақстан облысында, емдік өсімдіктер Оңтүстік Қазақстан көкнар Алматы облысында кездеседі.

Картоптың жалпы өнімін Солтүстік, Шығыс Қазақ­стан, Алматы, Қарағанды облыстары өндіреді, олардың үлесі 70,5 %-ға тен.

Көкөністің 48 % жалпы өнімі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының үлесіне тиеді. Көкөніс және бау - бақша өнімдерін өсіруге және жинауға Оңтүстік Қазақстан облыстарының агроклиматтық ресурстары ыңғайлы және мұнда негізгі суармалы егін алқаптары орналасқан. Бау-бақша өнімдерін жинауда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында егілетін қауын, Ертіс, Шу, Іле, Орал өзендері аңғарларында егілетін қарбыз өнімдері жоғары бағаланады.

Қазақстан ертеден-ақ қой шаруашылығының дамуымен белгілі. Оның өсу қарқыны мына кестеде көрсетілген (8-кесте).

8 - кесте Қой мен ешкі басы саны, млн. бас



Жылдар

19 1916

1928

1934

1941

1960

1981

1990

1995

2000

2003

Млн. бас

18,3

19,12

2,3

8,1

28,9

35,2

36,2

19,5

9,9

12,2

Сонымен бірге қала маңайында маманданған (әсіресе сүт өнімі) ірі қара мал шаруашылығы негізінен қала халқын сүт және оның өнімдерімен қамтамасыз ету үшін орналасқан. Ал егін шаруашылығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы аудандары, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының егін шаруашылығы дамыған солтүстік аймақтары жатады, яғни бұл аймақтарда жайылымдық жем-шөп дайындауға мүмкіндік бар. Ірі кара мал басының өсу қарқыны 9-кестеде келтірілген.

9-кесте Ірі қара мал басы саны, млн. бас

Жылдар

1916

1928

1941

1961

1981

1990

2000

2003

Млн. бас

5,0

6,5

3,3

5,5

8,7

9,8

4,1

4,8

Ірі қара мал басының өсу қарқынының төмендеуі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңінде және 1991 ж. басталған экономикалық дағдарыстарға байланысты болды. Дегенмен, 1999жылдан ірі қара малының басы осе бастады.

Ірі қара малын өсіру Қазақстанның барлық облыстарында (Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарынан басқа) дамыған. Оның бағыттары — ет және сүт өнімдерін алу. Ірі қара малы шоғырланған облыстарға Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан жатады, сонымен бірге Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында мал басы саны жағынан ерекшеленеді. Бұл жеті облыстың үлесіне 66 % еліміздің ірі қара мал басы тиеді.

Шошқа шаруашылығы — шығарған шығынды жылдам қайтаратын малдың түрі. Бірақ ол үшін құрамында протеин, крахмал, клетчатка, қантқа бай жас шөп пен кұрама жем-шөп қажет, яғни шошқа шаруашылығының дамуы мен орналасуы негізінен қолдан дайындаған жем-шөпке байланыс­ты. Екіншіден, тарихи жергілікті халық (қазақтар) шошқа шаруашылығымен айналыспаған. Шошқа шаруашылығының дамуы мен орналасуына ең қолайлы территориялар жем-шөптік дәнді-дақылдардың (жүгері, арпа, сұлы), картоп өсіретін, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру кэсіпорындары дамыған аймақтары жа­тады. Шошқа малы басының өсу қарқыны 10-кестеде берілген.

10-кесте Шошқа басы, млн.бас

Жылдар

1916

1928

1941

1961

1981

1990

2000

2003

Млн. бас

0,3

0,2

4,5

1,7

3,1

3,3

1,1

1,4

Шошқа шаруашылы­ғы Қостанай — 221,1 млн. бас, Солтүстік Қазақстан— 175,7, Ақмола — 168,2, Алматы — 122,9, Шығыс Қазақстан — 96,0 млн. бас құрайды. Бұл бес облыстың үлесі 72,7 %-ға тең.

Жылқы шаруашылығы қой шаруашылығы тәрізді тарихи дамыған сала болып есептеледі. Қазақстанның барлық аймақтарына жылқыны өсіруге табиғат жағдайы ыңғайлы болып келеді. Жылқы басының өсу қарқыны 11-кестеде көрсетілген.

11-кесте Жылқы басы, мың бас



Жылдар

1916 1916

1928

1941

1961

1981

1990

2000

2003

Мың бас

4311,1

3516,1

885,3

1149,7

1299,7

1618,8

976,0

1064,3

Жылқы мал басының негізгі шоғырланған облыстары — Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары.

Түйе шаруашылығы — тарихи қалыптасқан дәстүрлі шаруашылықтардың бірі. Бірақ Кеңес үкіметі кезеңінде бұл шаруашылыққа көңіл бөлінбей, ол бірте – бірте ұмытыла бастады. Көшпелі халықта түйе әрі көлік, әрі жүк тасушы, ет және шұбат өндіру, жүнін киім-кешек және киіз үй жабдықтарын жасауға қолданады. 1941 ж. Қазақстанда 104,6 мың бас түйе, 1990ж. 142,4 мың бас болды. 1995 – 1998 ж.ж. аралығында түйенің саны 41,1 %-ға азайды. Қазіргі уақытта 65,7 % түйе басы жеке меншік шаруашылықтың қолына көшті. Түйе басының өсу қарқыны 12 – кестеде көрсетілген.
12-кесте Түйе басы, мың бас

Жылдар

1916

19281928 1928

1941

1961

1981

1990

2000

2003

Мың бас

722,4

1042,0

103,2

139,5

121,1

142,5

98,2

115,0

Қазақстанда басым аумағы шөл және шөлейт зоналарында орналасқандықтан, түйе басы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында шоғырланған. Бұл аймақтарды республикадағы жиынтық үлесі 90 %-га дейін жетеді. Мал басының жеке меншік қолына шоғырлануына байланысты түйе шаруашылығының дамуы ұлғаяды деп болжауға болады.

14 дәріс тақырыбы: Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары


  1. Тамақ өнеркәсібі

  2. Жеңіл өнеркәсіп салалары

1.Тамақ өнеркәсібі құрылымы күрделі болып келеді. Оның кұрамына шығарған өнімнің атқаратын қызметі бойынша жиырмадан астам маманданған өндіріс салалары кіреді.

Ет өнімдерін өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алды. Ірі ет комбинаттар шикізат ресурстары мен оның өнімдерін тұтынатын орталықтарда (негізінен облыс орталықтарында) салынды. 1990 ж. Қазақстанда 80 құс фабрикасы жұмыс жасады. Жылына 3,5 млрд. дана жұмыртқа, 150 мың т ет өндірді. Сүт өнімдерін өндіруде Солтүстік Қазақстан аймақтары, Алматы облысы, Алматы қаласы жетекші орын алады. Ішкі рынокты отандық сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету: кілегей сүтпен 2%, сары май-35,5%, ірімшік -85%, құрғақ сүт 26,4%-ға тең болды.

Ет және ет өнімдерінің құрылымында ірі қара ет – 27,7%, жылқы еті-8,3, құс еті-5,6%. (Әлемде шошқа етінің үлесі – 41%, құс еті-29%). Қазақстан халқының шұжық тағамдарын тұтынуда импорттық шұжықтардың үлесі – 32%, ет қалбыры 43% болып отыр, яғни отандық ет қалбырымен 34%-ға, шұжықпен 50,2%-ға қамтамасыз етілген .

Қазір Қазақстанда ет өнімін өндіретін 220 кәсіпорын бар (оның 68-і ірі және орта кәсіпорын). Олардың етке есептегенде қуаты 687,6 т, тек 10 %-ға пайдаланылады, оның ішінде ет және ет өнімдері — 209,5 мың т (4,1 %-ға пайдаланылады), ет қалбыры — 37,2 мың т (3,3 %-ға), шұжық өнімдері 148,2 мың т (15 %-ға).

2003 ж. халықтың жан басына шаққанда ет және ет өнімдері 52 кг, (1990 ж. — 73 кг) болды, яғни ұлттық тұтыну нормасынан (48 кг) 8 %-ға жоғары болды. Қазіргі таңда (2003 ж.), өнеркәсіптік ет өнімдерін өндірудің алдыңғы қатарында Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары алады. Олардың республикадағы жиынтық үлесі 65 %-ға тең.

Шұжық өнімдерін шығару барлық облыстарда іске қосылды. Оның ішінде Алматы қаласы кәсіпорындары жиынтық үлесі 44,1 % мысалы, «Беккер и К» БҚ (жиынтық өнімнің 25 %-ы), «Қүлагер», «Тұлпар» фирмаларын атауға болады. Республикада 80-нен астам шұжық түрлері өндіріледі.

Республикада сүт өнімдерін шығаратын аса ірі «Компания Фудмастер» ААК, «Смак» ААҚ кәсіпорындары көзге түсе бастады.

Қазіргі кезеңде өнеркәсіптік сүт өнімдерін өндіруде жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 195 (оның ішінде 46-сы ірі және орта кәсіпорындар), жиынтық қуаты (сүтке есептегенде) 1271,7 мың т тек 25 %-ға пайдаланылып отыр.

Сүт өнімдерін өндіруде Солтүстік Қазақстан аймақтары, Алматы облысы, Алматы қаласы жетекші орын алады. Ішкі рынокты отандық сүт және сүт өнімдерімен қамтамсыз ету: кілегей сүтпен 2 %, сары май - 35,5%, ірімшік — 85%, құрғақ сүт 26,4 %-ға тең болды

Макарон өнімдерін өндіруде «Сұлтан-Элеватор ұн-макарон» ААК комбинатын айтуға болады. Нан өнімдерін шығаруда «Ақсай» (Алма¬ты қ.) комбинаты, «Павлодар нан комбинаты» ЖАҚ, «Концерн Цесна-Астык» ЖАК (Астана қ.), «Қарағанды-нан» ААҚ сиякты кәсіпорындар көзге түседі.

. Республиканың қант өнеркәсібінде алты қант зауыты жүмыс жасайды. Зауыттардың барлығы қант қызылшасы егілетін аймақтарында орналасқан: Жамбыл облысы (Тараз, Шу, Мерке), Алматы (Бурундай кенті), Талдықорған өңірінде (Қарабұлақ, Ақсу).

Республикада тамақ өнеркәсібін басқа салаларын мыналарды атап өтуге болады:

Кондитер өнеркәсібі. Оның кәсіпорындары Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай облыстарында орналасқан.

Шарап жасау өнеркәсібі Алматы мен Шымкент қалаларында дамыған. Соңғы кезеңдерде алкогольдік емес және минералдық суларын шығару кәсіпорындары көптеп дами бастады. «Пепси-Кола», «Кока-кола», «Фанта» т.б. сусындар, жеміс-жидек шырындарын шығару жолға қойыла бастады. Арақ-шарап жасау кәсіпорындары Семей, Лисаковск, Тараз, Павлодар, Ақтөбе қалаларында орналасқан. Оның ішінде «Семей-Су», «Тараз», «Арай» фирмаларын, «Шымкентсыра» ЖАҚ, «Эфес-Қарағанды сыра» ЖАК зауыты, № 1 «Алматысыра» ААҚ зауытын атауға болады

Шай өнімін өңдеу фабрикасы Алматы қаласында орналасқан. Оның өнімдері ішінде «Дастархан», «Аламан», «Алматинский», «Пиала» т.б. шай өнімдерін жатқызамыз.

Балық аулау мен өңдеу және тұз өндіру өнеркәсібі. Орал-Каспий, Балқаш-Іле бассейндерінде, көлдер мен өзендерде дамыған. Аралдағы экологиялық


2. Халык тұтынатын тауарлар өндіру кешенінің басты саласы — жеңіл өнеркәсіп. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мэліметтері бойынша, 2004 ж. жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар саны 1357 болды. Онын 336-сы — тоқыма, 692-сі — тігін (киім-кешек) кәсіпорындары. Қалыпты қуаты денгейінде жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар саны 2004 ж. — 164, ал 1003 кәсіпорын тұрақты деңгейде жұмыс жасай алған жоқ. «Алматы кілем» АҚ, «Жіп» АҚ, Семей және Қостанай шұға комбинаттарының жұмысын жандандырумен бірге соңғы жылда¬ры «Қазақ-Ресей тоқыма альянс» (2005 ж.), «Ю-ТЕКС», АҚ «Меланж» фабрикалары іске қосылды.Сонымен қатар импорттық кілемдердің саны ұлғаюы (негізінен Түркияда 1994 ж. 7 млн. ш.м) салдарынан отандық кілемнің рыноктағы бәсекелестігі төмендеп кетті (түрік кілемінің 1 ш.м 5 долл. Сатып алынса, отандық рынокта 19-20 долл. сатылады).

Токыма өнеркәсібі жеңіл өнеркәсіп құрамында барлық маталардың түрін (мата, мақта, жібек, жүн, з Қазақстанда ауыл шаруашылы¬ғы өнімдерін алғашкы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын: мақта тазалау зауыттары — Оңтүстік Қазақстан облысы, жүн жуу — Се¬мей, Тараз, Ақтөбе қалаларында орналасқан.

Қазақстан тері өңдеу және аяқ-киім өнеркәсібі құрамында ондаған кәсіпорындар жұмыс жасайды. Олар Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанай тері өңдеу зауыттары, Алматы, Семей, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда аяқ-киім фабрикалары, жүн басу және байпақ жа¬сау фабрикалары Орал, Петропавл қалаларында орналасқан.

15 дәріс тақырыбы: Көлік кешені. Аумақтық-өндірістік байланыстар


Сабақтың жоспары:

  1. Көліктің маңызы және экономикалық – географиялық ерекшеліктері

  2. Көлік салаларының географиясы

1. Қазақстанның көлік-коммуникациялық кешенінің құрамына теміржол, автомобиль (трамвай, троллейбус), құбыр, теңіз және өзен, әуе көліктері, автомобиль жолдары, пошталық байланыс және радио-, телекоммуникация жүйелері кіреді.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін негізгі көлік дәліздері мен трансконтиненталдық маршруттары мына бағыттарда дамиды: Біріншісі, Трансазиялық темір жол желісінің солтүстік дәлізі (ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша (2003ж) , елімізде 2171 көліктік, оның ішінде 1728 кіші (74%), 373 орта (22%) және 70 ірі (4%) кәсіпорындар жұмыс жасайды), екіншісі, Трансазиялық темір жол желісінің орталық дәлізі, үшіншісі ТРАСЕКА көлік дәлізі, төртіншісі Солтүстік-оңтүстік халықаралық көлік .

2. Қазіргі уақытта Қазақстан темір жолы жүйесінің негізін бойлық бағыттағы ТрансҚазақстан (петропавл-астана-Қарағанды-Мойынты-Шу), Түрксіб (Семей-Алматы-Луговая-Шымкент-Арна), Орынбор-Ташкент (Орынбор-Ақтөбе-Қызылорда-Ташкент) құрайды.

Ендік бағыттағы темір жолдар жүйесі негізін – Транссібір, Орта Сібір (Троицк-Қостанай-Көкшетау-Қарасұқ, әрі қарай Барнаул-Касень на Оби жолына жалғасады), Оңтүстік Сібір (Магнитогорск-Қарталы-Астана-Павлодар-Барнаул) темір жолдары құрайды.

2003 ж. Қазақстан темір жолының құрылуына 100 жыл толды. Қазірігі уақытта Қазақстан темір жол дәлізінің ұзіндіғі 14 мың шақырым, 721 стансалар, 27 эксплуатациялық және локомотивтік, 26 вагон жөдеу деполары жұмыс жасайды. Темір жол үлесіне 57,4% жүк айналымы, 11,4% жолаушы айналымы келеді. Жылына Қазақстан темір жолын 18 млн. жолаушы пайдаланады. Қазақстанда жаңа темір жолын салуға еліміздің бюджетіне 2002 ж. 5 млрд. тг. Бөлінсе, 2003 ж. – 7,5 млрд., 2004 ж. – 13 млрд. тг бөлінді.

Автомобиль көлігі жүк пен жолаушылар тасымалдауда Қазақстанда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта 84% автокөлігі жеке меншік, 11 – кәсіпкерлер, 5% - мемлекеттік меншік қарамағында. 2003 ж. елімізде 632 қалалық және жол көлігі кәсіпорындары жұмыс істейді. Республиканың автомобиль паркінде 1471,5 мың көлік бірлігі бар. Мұнда 223,1 мың – жүк автомобилі, 61,4 – автобус, 1148,7 – жеңіл және 38,3 мың аранулы автомобильдер бар.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша (2002 ж.) елімізде 1,5 млн. автомобиль, оның ішінде 300 мың – жүк, 50 – автобус және 1 млн. астам жеңіл машина бар, оның 75%-ы жеке меншік болып келеді (85 мың – жүк, 10 – автобус, 963 мың – жеңіл машина).

Азия автокөлік дәлізі халықаралық жүк және жолаушы тасымалдаумен бірге Еуропа және Африка автожолдары жүйесімен байланысу арқылы автотуризмді дамытуға себепші болады. Бұл халықаралық автокөлік жобасын реконструкциялау және жаңа жолдар салу 1,4 млрд. долл. Қаражатты қажет етеді. Қазақстан мен Орта Азия елдері 40 млн. долл. Ақша бөледі.

Су көлігіне өзен және теңіз көліктері жатады. Қазақстанда су көлігіне жарамды өзендер мен көлдер, теңіздер өте аз болса да, су жолдарының ұзындығы және жүк айналымы бойынша (4 мың км-ге жақын) ТМД елдерінде 3-ші орын алады (Ресей мен Украинадан кейін). Жүк тасымалдаудың үлесі 0,1%, ал жолаушы тасымалдауда 0,03%-ға ғана тең.

Кеме жүруге жарамды басты өзен артериясы – Ертіс өзені. Қазақстан территориясында ұзындығы Зайсан көлімен бірге 1715 км-ге жетеді.

Қазіргі кезеңде республикалық ішкі су кеме қатынасы кәсіпорындары балансында 140 әр түрлі кемелер бар, бірақ олардың жартысынан көбінің техникалық және моральдық ескіруіне байланысты ауыстыруды қажет етеді.

1926 ж. сол кездегі Қазақстан астанасы Қызылорда қаласынан бірінші ПО-2 ұшағы әуеге көтерілсе, 1929 ж. қазақстандық жолаушылар бар бірінші ұшақ Мәскеу қаласына ұшып келді. Әуе көлігі жүйесінің ұзындығы 100 мың км-ден астам барлық 14 облыстарында, Астана және Алматы қалаларында халықаралық стандартқа сәйкес әуежайлар салынды.

2001 ж. мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 56 әуе компаниясы тіркелген. Республикада белгілі ұлттық компания «Эйр-Қазақстан». Бұл компания үлесіне қазіргі уақытта еліміздің әуе жолының 50%-ға жақын жүгын, 57% жолаушы тасымалдау, оның ішінде алыс шетелдерге, осыған сәйкес 86,5 және 74% тасымалдау үлесіне тиеді.

2003 ж. Қазақстан аумағындағы құбыр көлігінің ұзындығы 16896 км болса, оның ішінде 6758 км мұнай құбыры, 10138 газ құбырына тиесілі болды. Еліміздің құбыр көлігінде 10 кәсіпорын жұмыс жасайды. Оның ішінде «каспий құбыр консорциумы», «Интергаз – орталық азия», «Тексако», «Қазтрансойл», «Қазтрансгаз» т.б. атауға болады. 2003 ж құбыр көлігімен 166,1 млн. т. мұнай өнімдерін және газ тасымалдайды, оның ішінде газ - 114,6 млн.т(Одан транзиттік газ – 110,8), мұнай жүктері – 51,5.

Батыс филиалы құрамына Өзен-Атырау-Самара, Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Мартыши-Атырау-Доссор т.б. мұнай магистралдары кіреді.

Шығыс филиалы қарамағында магистралдық мұнай құбыры Павлодар-Шымкент және Құмкөл –Қарақойын темір жол мұнай құю эстакадалары: Атасу (қуаты жылына 1 млн. т., Қарағанды облысы), Шағыр (3 млн.т. Оңтүстік Қазақстан облысы).

Ақтөбе филиалы қарамағында Жаңажол-Кеңқияқ-Орск магистралдық мұнай құбыры. «Қазтрансойл» компаниясы еліміздік 71,5% өндірілген мұнайын тасымалдайды. Мұнай өндіретін ашық акционерлік компанияларға: «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстау мұнайгаз», «петроҚазақстан», СНПС – Ақтөбе мұнайгаз, Ембімұнайгаз, Теңізшевройл т.б. қызмет етеді.

16 дәріс тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы


Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның геосаяси жағдайы

  2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар

1. «Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

-АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

-Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

2. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазакстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

17 дәріс тақырыбы: Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы


Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары

  2. Қазақстан экономикасының дүние жүзілік жаһандану және интеграциялық үрдісіне қатысуы

1. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы қоғамдық, территориялық еңбек бөлінісінің дамуы мен нәтижесі, оның ішінде территориялық еңбек бөлінісінің басты көрсеткіштерінің бірі, ол өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, қуатына, дүниежүзілік рыноктың құрылуы мен дамуына, ішкі және сыртқы рыноктың қалыптасуына байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан 64 халықаралық ұйымның мүшесі және 1300-ден астам сауда экономикалық келісім – шарттар мен мәмілелерге қол қойды. Республикада 500-ден астам шетел компанияларының, фирмаларының, банктердің, басқа да ұйымдардың өкілеттіліктері аккркдитацияланған. Еліміз дүние жүзінің 180-нен астам елдерімен қарым – қатынаста.

Қазақстан 90 жж. басында сыртқы нарыққа тауарлардың 290 түрін шығарды және бұрыңғы Одақта мыс тауарлардан экспорттық негізгі жабдықтаушысы болды. Хром рудасының – 95, феррохром – 90, қорғасынның – 75, мырыштың 50, сонымен қатар экспортталатын мыс, титан, магний, сирек кездесетін түсті металдардың басым бөлігін шығарады.1991 ж. ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігі мен Кеден басқармасы құрылды.

Сыртқы сауда айналымында алдыңғы орында: Ресей, Бермуд, Виргин аралдары, Италия, Қытай, Германия т.б. елдері орын алады.Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1995 ж. 1193 млн. долл. Болса, яғни экспорт басым болса, 2003 ж. бұл көрсеткіш 4573 млн долл. Тең болды

Қазақстанның экспорттық басты серіктестері (2003ж): Бермуд аралдары - 17%, Ресей – 15,2, Швейцария – 13, Қытай – 12,8, Италия – 7,9, Виргин аралдары (Ұлыбритания) – 4,7, Иран – 3,2, Украина – 3,2, Франция – 2,2%; 1%-дан 2%-дың аралығында: Германия, Қырғызстан, Нидерланды, БАЭ-ы, Польша, Түркия, Өзбекстан елдері сауда жасайды. Қазақстан ТМД елдеріне экспортқа шығаратын өнімдері 2390,4 млн. АҚШ долл. Болып, үлесі 26% құрайды. Оның құрылымында: машиналары мен құрал – жабдықтары (5%), пайдалы қазбалар және оның жартылай фабрикаттары (болат, көмір, түсті металдар, тыңайтқыштар) – 66, химия және мұнай – химия өнеркәсібі өнімдері – 11 және азық – түлік өнімдері - 17%.

2. Қазақстан Републикасының дүние жүзіндегі жаһандану сыртқы экономикалық байланысын жетілдірудің бір түрі – дүние жүзілік және аймақтық экономикалық ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысу. Оның ішінде Қазақстан экономикасының дүние жүзілік жаһандану және интеграциялық үрдісіне қатысуда басты рөл атқаратын ұйымдар:

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) ортақ сыртқы кедендік шекараларын құруға, біртұтас сыртқы экономикалық саясатты, тарифтерді, бағаларды және ортақ рынок қызметінің басқа да құрамдарын қалыптастыруға байланысты функциялар жүктелген халықаралық экономикалық ұйым.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – халықаралық экономикалық ұйым 2000-2001 жж. құрылды.Бұған Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Бақылаушы елдер мәртебесіне: Пәкістан, Үндістан, Иран, Ауғанстан ие. Ұйымның басты мақсаттары – қауіпсіздік, энергия ресурстарды бірлесіп игеру, көлік – транзит потенциалын дамыту және өзіміздің мәдени – өркениеттік біртектілігімізді сақтау.

Орталық Азия экономикалық қауымдастығы – 1998 ж. құрылды, қазір «Орталық Азия қауымдастығы» деп аталады. Мүшелері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан. Ұйымның басты мақсаттары: географиялық орынның ортақтығын, тарихи – экономикалық – географиялық, мәдениеттік, этностық ұқсастықтарды пайдалана отырып, ұлттық экономиканы нығайту, интеграциялық және жаһандану үрдісіне біртұтас ену, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу, су және энергия ресурстарды кешенді пайдалану т.б. мәселелер.


18 дәріс тақырыбы: Қазақстанды экономикалық аудандастыру


Экономикалық аудандастыру дегеніміз – елді аумақтық еңбек бөлінісі ортақ, өзара байланысты экономикалық аудандарға топтастыру. Экономикалық аудан дегеніміз – аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір – бірінен шаруашылық мамандануы және кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.Экономикалық аудандарды шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың нәтижесі ретінде қарау керек. Экономикалық аудандар шаруашылықтың кешенді дамуымен сипатталады. Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлді.
Қазақстанның экономикалық аудандарының кесте-сызбасы.




Солтүстік Қазақстан

Орталық Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Батыс Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Әкімшілік құрамы (облыстар мен облыс орта-лықтары)

Солтүстік Қазақстан-Петропавловск, (Қызылжар) Қостанай облысы- Қостанай, Павлодар облысы – Павлодар (Кереку) Ақмола облысы-Көкшетау

Қарағанды облысы - Қарағанды

Шығыс Қазақ-стан облысы - Өскемен

Ақтөбе облысы – Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы – Орал, Атырау облысы- Атырау, Маң-ғыстау облысы - Ақтау

Алматы облысы-Талды-қорған, Жамбыл облысы – Тараз, Оңтүстік Қазақстан облысы-Шымкент, Қызылорда облысы - Қызыолорда

Аумағы

565 мың км2 қазақстанның 20,7%

428 мың км2 Қазақстанның 15,7%

283,2 мың км2 қазақстанның 10,4%

736,1 мың км2 Қазақстанның 27%

711,6 мың км2 Қазақстан-ның 26,2%

19 дәріс тақырыбы: Орталық Қазақстан ауданы


Сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

  2. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

1. Әкімшілік орталығы – Қарағанды облысы, орталығы – Қарағанды.

Аумағы – 428мың км2. Қазақстан халқының 15,7%-дан астамы тұрады. Тұрғындары – 1339 мың адам. Қазақстанның 9,4%. Қала халқы -86%. Орташа тығыздығы – 3,1 адам/км2.

Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған.

2. Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді. Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған.

Химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук (Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш), резина, техникалық бұйымдар (Саран), азот тыңайтқыштарын шығарады. Мыс зауыттарында химия өнекәсібінің шикізаты болатын газдар жиналады. Металлургия цехында концентратты күйдіру барысында бөлінетін күкірттің қос тотығынан химия өнеркәсібінде күкірт қышқылы өндіріледі.

Тамақ өнеркәсібінен ауданда Қарағанды ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер-арақ, коньяк, сыра зауыттары, Балқаш балық зауыты бар.

Жеңіл өнеркәсіп саласында Қарағанды аяқ киім фабрикасы, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары, шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады.

20 дәріс тақырыбы: Шығыс Қазақстан ауданы
Сабақтың жоспары:

1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

2. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы.
1. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның шығысында (460-520 аралығында) орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, солтүстік – батысында Павлодар, батысында Қарағанды, оңтүстігінде Алматы облысымен шектеседі. Қазақстан аумағының 10%-ы, халқының 12,-ы, өнеркәсіп өнімінің 13%-ы осы ауданның үлесіне тиесілі. Жерінің аумағы – 283,2 мың км2. Жер көлемі бойынша еліміздегі ең кіші экономикалық аудан.

Халқының саны – 1417,8 мың адам. Халқының орташа тығыздығы 1 км2-ге 5 адамнан келеді.Аудан халқы Кенді Алтайдың солтүстік – батыс бөлігіндегі, өнеркәсіп орталықтары шоғырланған тау аңғарларында және Түрксіб темір жолының бойына жиі қоныстанған.

2. Шығыс Қазақстан – әлемнің кенге бай аймақтарының бірі. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26,1 %-ы, мырыштың 45,8%-ы, мыстың 47,9%-ы, алтынның 52,2%-ы, титанның 37,1%-ы, тантал кенінің 59%-ы шоғырланған.

Шығыс Қазақстанның негізгі байлығының бірі – су энергетикалық ресурсы, Полиметалл өнеркәсібі – түсті металлургияның басты саласы. Полиметалл құрамында әр түрлі қосындылар бар, олар жеке – жеке зауыттарда қорытылып алынады.

Шығыс Қазақстанда Өскемен қорғасын – мырыш, Риддер полиметалл комбинаттары сияқты ірі кәсіпорындар бар. Аудан кәсіпорындары өзіне қажетті шикізаттың 50- 60 %-ымен қамтамасыз етілген. Комбинат қорғасын және мырышпен бірге алтын, күміс, кадмий, таллий, т.б. металдар балқытады.

Шығыс Қазақстан – еліміздегі негізгі алтын өндіретін аудан. Қазақстандағы 141 алтын кен орынының 62-сі осы аудан аумағында. Күршім өзенінің орта ағысында шашыранды алтын өндірумен «Алтай», «Бунашам», «Суздаль», «Орталық Мұқыры», «Алел», «Андас - Алтын» кәсіпорындары айналысады. 1998 жылдан бері аудан аумағында жылына 887 кг-дай алтын өндіріледі.

Ауданда Қаражыра, Алакөл, Сайхан көмір өндіру карьерлері жұмыс істейді.

Жалпы республика бойынша түсті және бағалы металл өндіру мен балқытудағы Шығыс Қазақстанның үлесі (1997 – 1998 жылдардағы көрсеткіш) мынадай: қорғасын өндіру – 66%, мырыш - 75%, мыс - 30%, алтын - 57%, күміс - 36%, концентратты мыс - 27%, аффинажды алтын - 81%, аффинажды күміс - 33%, титан - 100%.

Шығыс Қазақстан түсті металдарды өндіру, байыту және балқытудан қалған шлак түріндегі қалдықтары тау болып үйіліп жатады. Оны террикон дейді. Мұндай қалдықтардың құрамында толық шығарылып алынбаған қосымша элементтердің қоры мол. Осы заманғы электротермикалық, электрохимиялық өндіріс технологиясын пайдалану арқылы олардан түсті металл элементтерін алуға болады.

Аудан аумағындағы Қаражыра көмірін өндіру – жылу электр станцияларының энергетикалық базасы болмақ.

Шығыс Қазақстанның бүкіл электр станциялары бір – бірімен байланысып, Алтай энергетикалық жүйесін құрап, Рубцовск арқылы Ресейдің Алтай өлкесімен, ал Ертіс бойы арқылы Павлодар және Ақсу электр станцияларымен жалғасқан.

21 дәріс тақырыбы: Батыс Қазақстан ауданы


Сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

2. Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы.
1. Ресейдің қиыр батысында орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Түркмениямен, оңтүстік-шығыста Өзбекстанмен, ал мемлекет ішінде, шығысында Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстарымен және Арал теңізімен шектесіп жатыр. Құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді. Жалпы аумағы – 736,1 мың км2.

Халқының саны – 2179,1 мың адам. Республикада халық саны жөнінен үшінші орын алады. Орташа орналасу тығыздығы 1 км2-ге 2,9 адамнан келеді.

2. Аудан экономикасында ауылшаруашылық салаларынан мал шаруашылығы жетекші сала болып табылады. Өйткені аудан аумағының 92%-ын жайылымдар мен шабындықтар алып жатыр. Бұл ауданда қылшық жүнді еділбай және қаракөл тұқымды қой өсіру, солтүстік дала белдеулеріндегі етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар бұл аудан ертеден жылқы және түйе өсірумен айналысады.

Егін шаруашылығының тыңайған жерлерді игеруге байланысты егістік жер көлемі 3,8 млн. га-ға жетті.

Бұл ауданда, негізінен, дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, күздік қара бидай, ал техникалық дақылдардан қызылша, күнбағыс егістігі басым орын алады. Техникалық дақылдар құрғақ ауа райына бейімделген.

Жеңіл өнеркәсіптен: тері – тон, киіз басу, былғары, аяқкиім, тігін тігу салалары жақсы дамыған. Орал қаласында киіз – байпақ фабрикасы орналасқан. Жеңіл өнеркәсіптен тағы бір ірі өндіріс орны «Клара Цеткин» атындағы тігін фабрикасын атауға болады.

Машина жасау өнеркәсібіне: Атыраудағы машина жасау зауыты, Ақтөбедегі рентген аппаратурасы зауыты, сондай – ақ Орал қаласындағы механикалық арматура , аспап, құрылыс – монтаж құралдарын жасайтын және кеме жөндейтін зауыттар кіреді.

Химия өнеркәсібі мұнай және мұнай – химия өндірістері негізінде дамыған. Ірі химия өнеркәсібіне: Атырау полиэтилен зауыты, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Ақтөбе химия комбинаты кіреді. Ақтөбе химия комбинаты жергілікті фосфориттер мен Каспий маңының тұздарын пайдаланады.

Батыс Қазақстан әктас, мергель, гипс сияқты құрылыс материалдарына бай. Батыс Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайына тән нәрсе, оның территориясында Ембі және Маңғыстау мұнайлы алқабы мен Ақтөбе ауданындағы хром және никель ендерінің ірі қоры бар Кемпірсай алқабы орналасқан.

Аудан экономикасында мұнай, газ химиясы мен балық ұқсату өндірістік циклдері жетекші орын алады. Мұнай, газ, химия циклдері Ембі алабы мен Маңғыстау түбегіндегі мұнай мен ілеспе газды өндіруді, Атырауда мұнай өңдепғ полиэтилен өндіруді және Жаңаөзен мен теңіздегі газ өңдеу өнеркәсібін қамтиды. Мұнай, газ, химия өнімдерінің негізінде Ақтау қаласында пластмасса жасау, Атырау полиэтилен жасау зауыттары жұмыс істейді.

Батыс Қазақстанның кен, химия циклі фосфорит, натрий, бром және магний тұздарын өндіруді, ал электр металлургия циклі никель және хром кендерін өндіру мен байытуды, ферроқорытпалар мен хром қосылыстарының тұздары өндірісін қамтиды.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе және су құбыры жолдары дамып келеді. Атыраудан батыста Астраханға, оңтүстікте Маңғыстау түбегі мен Әмударияның сағасына қарай теміржолдар тартылған.

Автомобиль көлігінің ауданның ішкі экономикалық қатысында маңызы зор. Батыс Қазақстан аумағында мемлекетаралық маңызы бар транзиттік мұнай және газ құбырлары: Ақтау – Атырау – Самара, Орталық Азия – Орталық және Орталық Азия – Орал (Ресей) желілері өтеді.

Соңғы жылдары Қарашығанақ мұнай – газ конденсаты ашылып, Қарашығанақтан Орынборға мұнай – газ құбыры тартылды.

22 дәріс тақырыбы: Солтүстік Қазақстан ауданы
Сабақтың жоспары:


  1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

  2. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

1. Солтүстік Қазақстан Республиканың қиыр солтүстігіндегі ең шеткі аудан. Есіл, Тобыл,Обаған өзендерінің алабында орналасқан. Ауданның шығыс бөлігінің біраз жерін Ертістің орта ағысы басып өтеді. Ол аумағының көлемі жөнінен республикада Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан кейінгі 3 орынды алады, бірақ жер көлемі жөнінен Украина секілді ірі республиканың аумағымен шамалас деуге болады.

Солтүстік Қазақстанның әкімшілік құрамы: Солтүстік Қазақстан – Петропавл, Қостанай облысы – Қостанай, Павлодар облысы – Павлодар, Ақмола облысы – Көкшетау. Аумағы – 565 мың км2. Республика халқының 24%-ы Солтүстік Қазақстан ауданында тұрады. Еңбек ресурсы жоғары аудан. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 73%, жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 7,8%. Солтүстік ауданның урбандалу деңгейі 58%. Қала халқының үлесі төмен облыстарына Солтүстік Қазақстан (35%) және Ақмола облысы (48%) жатады.

Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі, орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,2 адамнан келеді. Ауданның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы тәлімі егіншілік дамымаған бөліктерінде халық сирек және әркелкі қоныстанған. Ауданның ұлттық құрамы күрделі, негізінен қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, татарлар, немістер, мордвалықтар, поляктар, еврейлер, т.б. халықтар тұрады. Олар бұл ауданға теміржол салу, пайдалы қазба кен орындарын және тың жерлерді игеру кезеңінде қоныстанған.

2. Аудан ауыл шаруашылығының екінші маңызды саласы – мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығындағы жарамды жердің 57%-ы – жайылым мен шабындық, оның басым бөлігі Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында. Солтүстік қазақстанда сүтті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал щаруашылығы жетекші орын алады.

Аудан өнеркәсібінде тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары жетекші орын алады. Оның ішінде, әсіресе тамақ өнеркәсібінің маңызы зор. Аудан ет, сүт, май шайқау, ұн-жарма тарту салаларына маманданған. Екібастұз, Рудный, Жітіқарада орналасқан ет комбинаттары ет консерві, тамақтық май, т.б. өнімдер шығарады. Оның ішінде ең ірісі – Петропавл ет комбинаты. Ауданда сүт және май шайқау салалары маңызы жөнінен ет өнеркәсібінен кейінгі екінші орында. Сүт зауыттары сары май, сыр, ірімшік, құрғақ сүт, т.б. өнімдерін шығарады. Ауданда ірілі – ұсақты кәсіпорындар өте көп, соның бірі – Павлодар құрғақ сүт зауыты.

Солтүстік Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамыған саласы – тау-кен ісі. Қостанай темір кені негізінде Соколов-Саоыбай, Лисаков, Қашар кен байыту комбинаттары жұмыс істеп, темір кенін байыта отырып, оның концентратын шығарады. Қарағанды және Орталық, Оңтүстік Оралдың қара металлургия комбинаттарын концентратпен қамтамасыз етеді.

Екібастұз, Майкүбі және Торғай алаптарының Обаған, Құсмұрынкен орындарынан тас көмір, қоңыр көмір өндіріледі. Қазақстанның, Ресейдің Орал және Батыс Сібір аудандарының 20-дан астам жылу электр станциялары жұмыс барысында Екібастұз көмірін пайдаланады. Арқалықта боксит өндіріліп, ол су және электр энергиясы мол Ертіс жағалауындағы Павлодар глинозем зауытына жіберіледі, мұнда одан алюминий тотығын алады. Машина жасау өнеркәсібінде ауылшаруашылық машиналарынан Астана қаласында «Ақмоласельмаш», (Қазақсельмаш( зауыттары астық оратын, шөп жинайтын, эрозияға қарсы қолданылатын техника түрлерін шығарады. Павлодарда трактор, Қалқаманда бульдозер, Макинде автомобиль мен трактор бөлшектерін шығаратын зауыттар жұмыс істейді. Өнеркәсіптік машиналардан Петропавлда қара металлургияға қажетті жабдықтар, Көкшетауда медициналық аппараттар, таразы шығаратын зауыт орналасқан.

Солтүстік Қазақстанда автомобиль жолы маңызды орын алады. Онымен жүктің 20%-дан астамы, ал ауданішілік және шаруашылықаралық байланысты іске асыратын темір жол арқылы жүктің 80%-і тасымалданады.

23 дәріс тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан ауданы


Сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

  2. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

1. Оңтүстік Қазақстан аумағының көп бөлігін шөл және таулы аймақтар алып жатыр. Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралықтағы мемлекеттік шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды. Аумағы жөнінен Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады.

Әкімшілік құрамы: Алматы облысы – Талдықорған, Жамбыл облысы – Тараз, Оңтүстік Қазақстан облысы – Шымкент, Қызылорда облысы – Қызылорда. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы халқының саны және қоныстануының орташа тығыздығы жөнінен экономикалық аудандар арасында бірінші орында – республика халқының 38,7%-ы осында тұрады. Халықтың 65,8%-ын – қазақтар, 28,2%-ын – орыстар, ал 5 %-ын басқа ұлт өкілдері құрайды. Халықтың аумақ бойынша қоныстану тығыздығы 1 км2-ге 8-10 адамнан келеді.Аумағы – 711,6мың км2. Халқы – 5 537,4 мың адам.

2. Оңтүстік Қазақстанның металлургия өнеркәсібі Қаратау мен Жоңғар Алатауында полиметалл кендерін өндірумен, олардың концентраттарын жасау ісімен тығыз байланысты. Қорғасын концентраттары Шымкент қорғасын зауытына, ал мырыш концентраттары Өскеменге жөнелтіледі. Кен химиясы циклінің салаларынан Қаратауда фосфоритті өндіру мен байыту, Таразда суперфосфат шығару жақсы дамыған. Машина жасаудың, негізінен, қызмет көрсету саласында ғана маңызы бар, ол сырттан әкелінетін металлды пайдаланып, жұмыс істейді. Ауданда құрылыс материалдары өндірісі және ең алдымен цемент шығару өндірісі күшті дамыған. Екі ірі Қапшағай және Шардара су элетр станциясы мен көптеген жылу электр станциялары өнеркәсіптің энергетикалық негізін құрайды. Олардың ең қуаттысы – Бұхардан келетін, табиғи газбен жұмыс істейтін Тараз мемлекеттік аудандық электр станциясы.

Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі ауданда 1950 жылдан бастап дами бастады. Оның негізгі салалары электротехника, аспап жасау, жол құрылысы машиналары, білдек жасау өндірістері Алматы, Шымкент, Тараз, Кентау қалаларында орналасқан.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің жалпы көлемі бойынша аудан республикада алдыңғы орында. Негізгі шикізатты ауылшаруашылық салаларынан алады. Оңтүстік Қазақстан облысы – республика бойынша мақта өсіретін жалғыз аудан.

Ауыл шаруашылығы саласынан егіншілік жақсы дамыған. Аудан суармалы егіншілікпен айналысады. Егіншіліктің басты мамандану бағыты – техникалық дақылдар өсіру. Аса маңыздылары – шитті мақта мен қант қызылшасы. Мақта егісі Бетпақдаладағы Келес және Арыс өзендерінің аңғарында, ал қант қызылшасы Асы, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің бойы мен Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауының баурайындағы суармалы жерлерде егіледі. Осы егіншілік түрін дамыту мақсатында Досан, Қарабас, Шәуілдір, Талас – Асы және Қордай, Қаратал суландыру жүйелері, Шу және Қызылорда бөгеттері, Арыс – Түркістан каналы, Бөген су қоймасы салынды.

Оңтүстік Қазақстанда мақта, бау-бақша және жүзім шаруашылығы салалары дамыған. Жамбыл, Шымкент облыстарындағы Арыс пен Келес аңғарында орналасқан елді мекендер жүзім шаруашылығымен айналысады.

Мал шаруашылығы салаларынан қой, ірі қара, түйе шаруашылығы дамыған. Әсіресе қаракөл жүнді қой шаруашылығына Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары маманданған. Бұл облыстар республика бойынша қой мен ешкі санынан және жүн қырқу жөнінен алдыңғы орында келеді.

Республикамыздағы ірі қара тұқымдары – алатау сиыры, талас сиыры, етті-сүтті ақбас сиыр осы ауданда өсіріледі.

Жылқы шаруашылығымен ауданның барлық облыстары айналысады. Қызылорда облысының «Құланды» және Алматы облысындағы «Басши» жылқы зауыттары қазақы жылқы өсіруге мамандандырылған. Сондай – ақ Алматы облысындағы «Дегерес», «Алғабас», «Қызыл ағаш» және Жамбыл облысындағы «Құлан» жылқы зауыттарында көшім жылқысы өсіріледі.

Аудан экономикасында теміржолдың маңызы зор. Ірі теміржол магистральдары – Орынбор – Ташкент, Шымкент – Мерке –Құлан – Ақтоғай, Алматы – Үрімші магистральдарының ауданаралық және халықаралық қатынастарды қамтамасыз етуде маңызы зор. Республикадағы ең ұзын автомобиль жолы осы аудан арқылы өтеді. Ол: Алматы – Бішкек-Тараз – Шымкент – Ташкент асфальт жолы.


Н.4.07-04

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



География және экология кафедрасы

 

  

 

 



 

 

«5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін


«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»

пәні бойынша


практикалық жұмыстарға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


Оқыту түрі - күндізгі

 

 



 

 

Көкшетау, 2012 ж.



Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -география мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.

Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Есенжолов Б.Х.


География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған

« 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі __ Заңдыбай А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 26 » 06 2012 ж. хаттама № 10


ОӘК төрағасы ___ ___ Сыздыкова Б.Р.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет