Көкшетау, 2022 жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесінің» мамандығының 3-курс студенті Ильяс Айдана Топ: бопмә (к)-92



бет6/7
Дата14.03.2023
өлшемі2,08 Mb.
#172451
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио.18 мектеп — копия

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:Көңіл сұрауды білемін


Мәтін: Жолбарыс пен түлкі ( ертегі )
Оқу мақсаты: кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалаушығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, фотосуреттер арқылы ұсыну
Бағалау критерийі:-Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды;
- Мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды;
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: Көңіл сұрауды білемін. Жолбарыс пен түлкі ертегіні тыңдай отырып, сұрақ-жауап арқылы тапсымаларды орындайтын боласыздар.
Жаңа сабақ Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Нақыл сөз - мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.
Автор туралы түсінік беру
Асқар Лекеров (1912–1964) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз ауылында туған.
1932–1934 жж. Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында істеген. 1934–1936 жж. армия қатарында болып, 1936–1938 жж. Алматыдағы журналистер институтында оқыған.
1.Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді.
Ертегіні оқу
1.Ертегі туралы түсіндіру
«Жолбарыс пен түлкі» ертегі
Бір күні жолбарыс сырқаттанып қалады. Әміршінің көңілін сұрау үшін оның үйіне барлық аңдар жиналады. Тек түлкі ғана келмейді. Мұны байқап қалған қасқыр жолбарысқа жүгіріп келіп, түлкінің сыртынан өсек айтады.
Ашуланған жолбарыс күжілдеп, дереу түлкіні алып келуді бұйырады.
Бұл хабарды естіген түлкі жолбарысқа өзі жүгіріп келеді.
-О, құдіреті күштім! Сіздің мені көргіңіз келген екен, міне, алдыңызға келіп тұрмын!-дейді.
- Әй! – деп күжілдейі жолбарыс. – Барлық аң келіп, менің көңілімді сұрады, ал сен?..
- Е, құдіреттім! Сіздің науқас екеніңізді мен барлығынан бұрын білдім. Содан сізге дәрі іздеп кеттім, - дейді түлкі.
- Ә, солай ма? – деп жолбарыс сабасына түседі.
Аудио тыңдау арқылы жаңа сабақты түсіндіру
1.Ертегінің мағынасын түсінеді.
2.Аудио тыңдау арқылы ертегінің мазмұнын айта алады.
ТәжірибеЕртегіге сүйеніп, оның мазмұнын өз сөзімен әңгімеле.
«Оқиға картасы» әдісі
Атауы Кейіпкері Болған орны
Жолбарыс пен түлкі Жолбарыс, қасқыр, түлк і Орман іші
Проблема Шешім Оқиға
Ашуланған жолбарыс Түлкінің айласын асыруы
1. Ауырған жолбарыс
2. Қасқырдың түлкіні жамандауы
3. Түлкінің жолбарысты сабасына түсіруі
Тақырыпты меңгеру мақсатында берілген мәтінді кестені толтыру арқылы меңгеру
Бағалау критерийлерін ұсыну
1 Мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы кестені толтырады
1.Мәтін бойынша оқушы өз ойын ашық айтады
Бекіту-Ауырып жатқан досыңның көңілін сұрай бардың дейік.
-Не апарасың?
-Қандай жылы сөз айтасың?
Мезгілсіз уақытта (кешке, түнде) науқас адамның көңілін сұрамайды.
Ертегіні сахналап көрсету
Сұрақтарға жауап беру.Ертегінің мазмұнын пайдаланып, сұрақтарға дұрыс жауап береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет