Көкшетау ббк 3. И 27


Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде



бет24/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
археология

Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде


Қола дәуірінде Солтүстік және Батыс Қазақстандағы тайпалардың тарихи тағдырлары бір-бірімен тығыз байланысты дамыды. Б.ғ.дейінгі ІІ-мыңжылдықта бұл аймақта андрон мәдениетінің алакөл кезеңінің тайпалары мекендеді. Олардың шаруашылығының негізі мал өсіру мен кетпенмен оңдейтін егіншілік болды.
Бұл өңірдің айырмашылығы қоныстарды, өздерінен бұрын тұрған ескі қоныстардың үстіне салды. Сөйтіп Солтүстік және Батыс Қазақстанның андроновтың қоныс-мекендері көп қабатты ескерткіштерге айналды.
Қорымдар қоныстарға жақын, айналаның бәрі көрініп туратын қыратты жерге салынды. Олардың көбі өзен жағасын бойлай жатқан енсіз өңірге салынған ондаған құрлыстардан тұрды. Солтүстік Қазақстанның орманды-далалы аудандарында топырақтан үйілген обалар көп кездеседі. Сондай-ақ тігінен қойылған тақта тастардан дөңгелете немесе тік бұрышталып қойылған қоршаулар, тас қаламалар және қоршалған жер обалар көп тараған. Ақтөбе далаларынан бейіттік құрлыстардың екі түрі – дөңгеленте қоршаған тас қоршаулар мен обалар табылды.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда қола ғасырындағы 150 ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым ашылды. Тұрақты зерттеулер жүргізу арқасында жалпы саны 300-ге жуың зираттар қазылды.

Алдыңғы қола дәуірі


Бұл аймақта алдыңғы қола дәуірінің ескерткіштері онша көп шыққан жоқ; көбі әбден қираған жеті қоныс және өлген адамды өртеу ғұрпымен жасалған екі көмбе
бейіт шықты. Неғұрлым көбірек зерттелгені Вишневка І шағын қонысы /Петропавл қаласының маңында/ болды. Онда сақталған конструкциялар алдыңғы қола дәуіріндегі тұрғын үй туралы түсінік береді. Бұл жер бетіне салынған үй, едені құмайт жердің топырағы. Үйдің аумағы 126 шаршы метр, төбесін ұзынынан салынған бөренлермен жапқан, ал бөренелер бірнеше бағаналардың үстіне бекітілген.
Бұл аймақтағы алдыңғы қола дәуірінің тайпаларында мынадай жерлеу ғұрыпы сақталған, мысалы Қарға аралы мен Бескөл селосы маңындағы қабірлерден өлікті өртеп жерлегендігі анықталды. өлген адамның сүйегін өртеп қыш ыдыстың ішіне салып жерлеген. Екінші қыш ыдысқа малдың сүйегін толтырара салған.
Алдыңғы қола ескерткіштерінің материалдары неолит дәуірімен салыстырғанда халықтың көбірек отырықшы болғанын көрсетеді. Балық аулау мен аң аулау бірте-бірте екінші қатарға ығысқан. Бұл кез-кешенді малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасқан және металл игерілген кез. Қоладан жасалған бұйымдар аз, тастан жасалған тас балталар, үшкір және талдың жапырағы тәріздес жебе ұштары, сыдырғыштармен қырғыштар жиі кездеседі.
Алдыңғы қола ескерткіштеріндегі ыдыстар құты сияқты, түбі жайпақ. Бескөл- 1,5, Вишневка-2, Пестрое қоныстарынан және бейіттерінен табылған ыдыстардағы үшбұрышты, төртбұрышты және сопақша келген түрлі шұңқырша ойықтар- өрнектер бүйірінен түбіне салынған.
Ыдыстардың Вишневка-1, Петровка-1, Алтын күз, Қарғалы-І қоныстарынан табылған бөлігінің беттеріне тарақ тәрізді қалыппен және таяқшамен түсірілген суреттері бар. Ыдыстардың бүйірі ғана өрнекпен қапталған. Ал түбінің сәнделуі сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет