Көкшетау ббк 3. И 27


Темір дәуірі . Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі тайпалар археологиясы



бет30/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
археология

Темір дәуірі . Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі тайпалар археологиясы.


Жоспары:

  1. Ежелгі темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба деректер

  2. Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

  3. Ертедегі темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

  4. Ертедігі темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан

  5. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан 6.

  6. Батыс Қазақстанның саврамат-сармат мәдениеті

Қазақстан территориясында темір рудасын қорту, одан еңбек құралдарын, қару-жарақтар жасау б.э. дейінгі І-мыңжылдықта басталды. Темірді балқыту адам баласының өміріндегі ең ірі жетістіктердің бірі және темір еңбек өнімділігінің күрт өсуіне алып келді.
Темір рудасы табиғатта жиі кездеседі, бірақ оны қорту үшін өте жоғары температура алу керек. Сондықтан темір рудасын балқыту үшін күрделі пештер турғызуға, пештің ішіне суық ауа айдап температураны 15000-16000 дейін көтеруге тура келді. Алғашқы кезеңде жер бетіне жақын жататын, қазып алуға оңай тотыққан темір рудасын балқытып одан шала балқыған, әлі жұмсақ және оңай сынып кететін шойын алды. Кейіннен шойынды қайта балқытып және суық күйінде шыңдай отырып темірді алған. Темірден еңбек құралдарын жасау тас пен қоладан жасалған еңбек құралдарын ығыстырып материалдық өндірісте техникалық революция жасады.
Б.э. дейінгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар туралы ежелгі темір дәуірінен бастап жазба деректер кездесе бастайды. Бұл ежелгі парсы және грек деректері. Осындай деректің бірі көне парсы, элом және аикад тілдерінде құрастырылған Дарий мен Ксеркс патшалардың жазбалары. Сондай-ақ көне ирандықтардың зороастриялық дін кітаптарының жинағы – «Авеста».
Осы жазба деректерде Қазақстанды «сақ» тайпалары деген атпен енген халықтар мекендеген. Деректерде үш тобы: хаумоварга-сақтар /хаом сусынын қайнататын сақтар/, тиграхауда-сақтар /шошақ бөрік киетін сақтар/ парадарай- сақтар /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ аталады. Ғалымдар сақтардың бұл
топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар айтады.
Орыс зерттеушісі В.Струев парадарай-сақтарын Амудариямен Сырдарияның төменгі ағысына орналастырып Бехустин жазбасындағы І-Дарийге қарсы массагеттермен, дайлармен бірігіп соғысқандарға қосады.
В.Григорьев парадарай-сақтарын Оңтүстік Ресей жеріне, яғни Қара теңіздің солтүстігіне орналасқан болу керек дегенді айтады. Орта Азия мен Қазақстанның сақтарының екі тобы /хаумаварга мен тиграхауда/ Таяу Шығыстың халықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахаманид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы Дарийдің бұйрығымен Ирандағы Бехустин шаткалындағы жартасқа қашап салынған.
Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси құжаттарының бірі Бехустин жазбасында сақ көсемен тұтқынға алынғандығы жайлы Ү-бағанасының 20-30 жолдарында былай делінген: «Мен /Дарий/ әскер мен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскермен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым. Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін көсемі қалып тағайындадым. Будан кейін ел маған қарады». Бұл текст шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірде-бір жазбаша құжат болып табылады. Осы оқиғалар туралы мағұлмат беретін Геродот деректерінде массагеттер жері Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арана өзенінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналасады». Сондай-ақ тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньды және Жетісуды мекендеген деген пікір бар.
Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» жерлерде дай тайпалары қоныстанған.
Парсы сына жазуларындағы, Геродот деректеріндегі ең ірі тайпалар тобы – хаумаварга-сақтар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында, Ферғана алқабында тұрған. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтерде савроматтар тайпасы туралы да айтылады. Савроматтар туралы алғашқы деректер Геродотта бар: «Танайс өзенінің /қазіргі Дон өзені/ арғы жағы скиф өлкесі емес, онда савроматтар тұрады. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді». Бұл қазіргі кездегі Донның құйлысынан Еділге дейінгі аралықты қамтиды.
Геродот «Аракс өзенінің арғы бетінде күншығысқа қарай, исседондар тұрады»
- дейді, шамамен Исседондар Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстанның бір бөлігін мекендеген сияқты. Сөйтіп жазба деректер бойынша б.э.д. ҮІІ-ІҮ ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары, батыста-савроматтар, орталық аудандарда – исседондар, ал солтүстік-шығыста – аримаспа тайпалық одақтары мекендеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет