Көкшетау ббк 3. И 27



бет33/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
археология

Түгіскен және Ұйғарақ
Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың кұрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады.
Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл - Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX—VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы — Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардың біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII—V ғасырларда тұрғызылған.
¦йғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды.
Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.
VII—V ғғ. обалары
Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннін қүм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен ¦йғарактан ғана шыққаны — адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркенін ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай кұрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі — өліктің басын батыска қаратып жерлеу және ішінара — өлікті өртеу салты.
Жерлеу кұрылыстарының екінші үлгісі — жерден қазылған шұңкырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарак пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбүрышты үлкен жер шүңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лакыттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсак бұтақтар қабаты теселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15—20 м, кейде 30 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабатт-арынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған. Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лакыттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мүңдай «үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.
Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы — ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала от жағылатын болса керек.
Ақырында, Ұйғаракта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Кұрылымы жағынан
оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы.
Жерлеу кұрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен катар әлеуметтік құрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бүл, әсіресе, Ұйғарак қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып- дәстүрлері айқынырақ байқалады.
Ұйғарақ обаларынын орталық кешенін қалдырған рулык топ, мүліктердін кұрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздык қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік белгісі -күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының кепшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тікбұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.
Түгіскенде б.д.д.V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа - солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс-солтүстік-шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңкырларын қиғаштай, аяктарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лакыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған.
Сонымен б.д.д.V ғасыр обадарына бұрынғысынша тән нәрселер: лақыттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының катар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет