Көкшетау ббк 3. И 27


Ертедегі темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан



бет34/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
археология

Ертедегі темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан


Жалпы сипаттама
Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ
жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онан әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыс-тауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің онтүстігінде олар Зайсан ойдымында тараған. Шығыстағы таулы аудандарда обалар Нарым, Бұқтырма өзендерінің жағалауларына және Бұқтырманың көптеген салаларына тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштерімен ұштасып жатады.
«Патша» обалары деп аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының Шілікті аңғарында және Оңтүстік Алтай тауларында Бұктырма өзенінің жағалауында шоғырланған. Шығыс Қазақстанның тастары мол таулы аудандарында обалардың көбінің тас үйінділері бар (Берел, Катон, Күрті, Майәмір). Жоғарғы Ертіс өңірі аңғарларында обалар малта тас араласқан топырақтан үйілген, ал жерлеу кұрылыстарына әрқашан дерлік, кейде алыстан әкелінген тас пайдаланылған (Құлажорға, Баты, Шілікті, Усть-Бұқтарма). Ортаңғы Ертістің Құлынды даласына іргелес жазык аудандарында обалар топырақтан үйілген (Жолқұдық, Чернореченск, Ертіс, Боброво, Леонтьевка).
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары қола дәуірінде ғана емес, ертедегі темір ғасырыңда да игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде 850-ге жуық кеніштер мен кен орындары бар. Олардың көпшілігі кезінде ертедегі,
«керемет» кен орындарының іздері бойынша ашылған. Оларда мыс, қалайы, алтын өндірілген. Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші салалары болды.
Шығыс Қазақстанның ежелгі халқы б.д.д.VII—IV ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен көптеген тайпаларды біріктірген сақ тайпалары одағына кірді. Орталық Қазақстанның және Жетісудың туыстас тайпаларымен материалдық мәдениеті жағынан көптеген ұқсастықтары болғанымен, олар этникалық жағынан біртектес емес еді. Шығыс аудандардағы таулы жерлерді мекендеушілер көршілес алтай тайпаларының этникалык-мәдени ықпалын қабылдады.
Зайсан ойдымының далалық аудандарының ескерткіштері Жетісу ескерткіштеріне неғүрлым жақын болды, бұл археологиялық деректерден басқа палеантропологиялық материалдармен де дәлелденеді. Солтүстік Қазақстан мәдениетімен тығыз байланыста болған павлодарлык Ертіс өңірі тұрғындарының мәдениеті Батыс Сібірдің орманды дала мәдениетіне, атап айтқанда, саргат мәдениеті деп аталатын көшпелі угор тайпаларының мәдениетіне бейім болды.
Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және бұл мәселе осы кезге дейін шешілмей қалып отыр.
Тарихи әдебиетте Солтүстік Казақстан және Шығыс Казақстанның таулы белдеуіне көбіне аты анызға айналған аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антикалық авторлардың аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген деректері негізге алынады, ал бұл кеніштер дегенде Степняк қаласының маңайы мен Қалба жотасындағы ертедегі алтын өндіру орталықтары айтылған деп болжанады.
Шығыс Қазақстанның оңтүстік, далалық аудандары сақтардың есімдерімен байланыстырылады. Шығыс Қазақстан тұрғындарының этникалық айырмашылықтарын әсірелемеу керек. Сірә, бұлар жақын туыс тайпалар тобы болған. Ғылымда олардың материалдық мәдениетінің ең басты үш кезеңі бөліп көрсетіледі, олар: б.д.д.VII—VI ғасырлардағы майәмір, V—IV ғасырлардағы берел, III—I ғасырдардағы құлажорға кезендері.
Майәмір кезеңі (б. з. б. VII—VI ғғ.)
Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы корымның аты бойынша белгіленген.
Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обаларының көбінесе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Қабір лақытгары тікбұрышты етіп қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат бөренелермен жабылды.
Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және дөңгелегінің ортасында тұзағы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері өте кішкене ұзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жүгендердің ертеректегі түрлерінің, үш тесікті немесе ортаңғы тесігінін, орнына ілмешегі бар айшықтардың өте мол жиынтығы табылды. Майәмір заманының қолданбалы өнеріне көбінесе атылғалы тұрған жыртқыштың, жүріп келе жатқан немесе жүруге ыңғайланған жануарлардың бейнесі тән.
Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің біршама тұрақтылығы Шығыс Қазақстанда б.д.д.VII—VI ғасырларда-ақ ертедегі темір заманы мәдениетінің негізі қалыптасқаның көрсетеді.
Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында Күртінің салаларынан неғұрлым ертедегі ескерткіштер табылды. Олар жер бетінен шығыңкы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде көрінеді. Шеңбердің ішіндегі онша терең емес шұңқырды көмкере ірі тастарды қаз-қатар сопақша етіп қаластырған. Осындай екі қаламаға адамдар басы солтүстік-батысқа қаратылып, сол жақ қырынан бүктетіле жатқызылып жерленген. Жерлеу ғұрпы бойынша Күрті ескерткіштері шалқасынан жатқызып, аяқ-қолын созып жерлейтін майәмір салтынан өзгеше болып келеді.
Қабірлерді сопақша етіп ірі тастармен қоршап қалау да майәмір салтына тән емес. Күрті қорымындағы бүктетілдіріп жерлеу дәстүрі - ертеректегі андронов мәдениетінің қалдығы. Өліктің аяқ жағына тастан арнайы салынған жанама кұрылыс ішіне атты жерлеу де айырмашылықты айқын аңғартады. Аттың жақ сүйектерінің екі жағынан «ауыздықгаулы» күйінде ерте-ректегі жобамен жасалған екі мүйіз айшық табылды. Металдан жасалған ауыздықтардың болмауы Күрті молаларын ертедегі мал өсірушілердің тұрмысында қайыс ауыздықты,
«ауыздықсыз» деп аталатын жүгендердің болған заманына қатысты деуге мүмкіндік береді. Осы сияқты ескерткіштер б.д.д.IX—VIII ғасырларға, майәмір ескерткіштерінің аддындағы Қазақстанның ежелгі көшпелілер мәдениетінің өте ертеректегі кезеңіне жатады. Мұндай ескерткіш түрлері Шығыс Қазақстанның далалық аудандарынан да табылған.
Жаугершілікте мінілген ат пен иесін жеке-жеке жерлеу ғұрпы ертедегі мал өсірушілер тарихының тек өте ежелгі кезеңіне ғана тән, кейінірек ол кездеспейді. Майәмір кезеңінің аяк кезінде ғана алғаш рет жалпы лақытқа иесін атымен қоса жерлеу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет