Терi абсцесi : гистологиялық препарат (гематоксилином и эозином бояуы). Патогенезі және клиникасы. Стафилококктар басқа ШПМ секілді оппортунисттік аурулар тудырады. Стафилококктар этиологиялық фактор ретінде келесі нозологиялық аурулар тудырады: тері және теріасты жасушаларының аурулары (пиодермия, везикуло-пустулез, пемфигус, абсцесс, фурункул, карбункул, гидроадениттер); тыныс алу мушелерінің аурулары (баспа, плеврит, пневмония); жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің аурулары (менингит, отит, конъюнктивит ж.т.б.); ауыз қуысы және асқорыту ағзаларының аурулары (стоматит, перитонит, парапроктит, энтерит, энтероколит, астан улану); сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (артриттер, периоститтер, остеомиелиттер ж.т.б.); қан айналымы жүйесінің аурулары (эндокардит, перикардит, флебит ж.т.б.); зәр шығару-жыныс мүшелерінің аурулары (пиелит, цистит, уретрит, мастит, эндометрит, орхит ж.т.б.); стафилококктық сепсис.
Достарыңызбен бөлісу: |