Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау


Босаған нөмірлік агрегатқа куәлік



бет3/23
Дата01.04.2017
өлшемі3,52 Mb.
#12822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
              Босаған нөмірлік агрегатқа куәлік

_____________________________________________________________________

                    (тіркеу пунктінің атауы)


____________________________________________________________ растайды


                 (агрегаттың атауы және нөмірі)


Нөмірлік агрегат орнатылған (тіркелген) көлік құралы туралы


мәліметтер: мемлекеттік тіркеу белгісі ______________________________


сәйкестендіру нөмірі (VIN)___________________________________________


маркасы, үлгісі _________________ дайындаушы кәсіпорын_______________


КҚ түрі ______________ КҚ санаты ____________________________________


шығарылған жылы_________________ шасси (рама) нөмірі_________________


шанақ нөмірі ___________________ түсі _______________________________


сериясы ____________№ _______________________________________________


                                      (тіркеу құжаты)


_____________________________________________________________тиесілі


              (тегі, аты, әкесінің аты)


_____________________________________________________________________


(мекенжайы, паспорты немесе оны алмастыратын құжаты, кім, қашан берілген)


____________________________________________________________________


                  (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)


М.О.

20__ жылғы «___» _____________


ІІО лауазымды адамының қолы ________________

Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрінің  


2014 жылғы 2 желтоқсандағы


№ 862 бұйрығына 2-қосымша

Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі - оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі - жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.



      3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.



      4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы адамдарды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның автоматтандырылған кешенімен біріктірілген «Автомектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланып жүргізіледі.



      5. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу топтары саны кем дегенде отыз адамнан жасақталады.

2. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібі

      6. Механикалық көлік құралдарын (бұдан әрі – МКҚ) жүргізушілерді даярлау мынадай тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады:



      1) «Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»;


      2) «Жол қозғалысы ережелері»;


      3) «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі»;


      4) «Алғашқы медициналық көмек көрсету»;


      5) «Механикалық көлік құралын жүргізу (тиісті санаттағы))».


      7. Жүргізушілерді даярлауға арналған кабинеттер (сыныптар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МКҚ-ның тиісті санатына жүргізушілер даярлауға арналған кабинеттің (сыныптың) оқу жабдығының минималды тізбесіне сәйкес жабдықталады.



      8. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.



      Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар, әдетте, күніне екі сағаттан, ал зертханалық-практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарлануы тиіс. Бір күн ішінде автомобиль жүргізуді үйренушінің біреуіне:


      1) автотренажерде кемінде бір сағат;


      2) оқу автомобилінде «Лекте жүру» жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйретуге рұқсат етіледі.


      9. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – қырық бес минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және оқитындарды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – бір сағат.



      Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз тоқсан минут ішінде өткізуге жол беріледі. Оқу уақытының ұзақтығы жұмыс күндері төрт сағаттан және демалыс күндері алты сағаттан аспауы тиіс.


      10. Теориялық сабақтарды оқытушы, ал автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өндірістік үйрету шеберімен бірлесіп өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері оқитын әр адаммен жеке жүргізеді.



      Автомобиль құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету және жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін жүргізіледі.


      11. Автомобильді практикалық жүргізу басталғанға дейін оқитындар көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол жүрісіне қатысушылардың міндеттері бойынша даярлықтан өтеді.



      12. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір оқитынмен жеке автотренажерларда, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және үш жылда кемінде бір рет жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі.



      13. Практикалық жүргізуге оқыту жүргізуге үйрету шеберінің басшылығымен техникалық жағынан ақаусыз, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес жабдықталған көлік құралдарында өткізіледі.



      14. Әр пән бойынша оқитындардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша әрбір оқитынның және жалпы топтың емтихандарға дайындығы, консультациялар тақырыптары, қосымша сабақтардың көлемі айқындалады, сондай-ақ емтихандарға өздігінен дайындалу үшін ұсынымдар беріледі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау өткізіледі.



      15. Тиісті санаттардағы және кіші санаттардағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларында көзделген жаттығуларды толық көлемде пысықтағаннан кейін МКҚ басқару тәсілдерін жеткілікті меңгермеген, оқитын адамдар үшін қорытынды сабақтың нәтижелері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.



      16. Қорытынды аттестаттау оқыту ұйымында:



      1) көлік құралының құрылғылары мен оған техникалық қызмет көрсету;


      2) Жол қозғалысы ережелері, қозғалыс қауіпсіздігі мен жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері;


      3) көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихандар қабылдау түрінде өткізіледі.


      17. Қорытынды аттестаттауда дәлелді себептермен (сырқаттану, іссапар) емтихан тапсыра алмаған оқитындар оларды жеке тәртіппен тапсыруға, ал қанағаттанарлықсыз баға алғандар қосымша өзіндік дайындықтан кейін, бірақ қорытынды аттестаттау өткізілген күннен бастап кемінде 5 жұмыс күні өткен соң қайта емтихан тапсыруға жіберіледі.



      18. Оқыту ұйымында қорытынды аттестаттау өткізу кезінде емтихандардың нәтижелері бойынша оң баға алған оқитын адамдарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курсын бітіргені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі. Берілісті автоматты түрде қосу қорабы бар көлік құралын жүргізуді үйреткен кезде куәлікке тиісті белгі қойылады.



      19. Куәлік МКҚ басқаруға құқық беретін құжат болып табылмайды, ол тиісті санаттағы және кіші санаттағы МКҚ басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандар тапсыру кезінде ұсынылады.



      20. Куәлік жоғалған жағдайда оқу ұйымы жазбаша өтініш пен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің негізінде өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде «Телнұсқа» береді.



      21. Куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, олардың сериясы және баспаханалық реттік нөмірі болады. Куәлік оқыту курсын аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жарамды.



      22. Қайта оқыған жағдайда адамға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта оқыту курсын аяқтағаны туралы туралы куәлік беріледі.

Механикалық көлік құралдарын  



жүргізушілерді даярлау қағидаларына


1-қосымша               



Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламалары «А» санаттағы және «А1», «В1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау бағдарламасы.


Оқу жоспары




р/с


Пәндер

Сағат саны

барлығы

Оның ішінде

теориялық

Практикалық (зертханалық-практикалық)

1

Құрылымы және техникалық қызмет көрсету

8

7

1

2

Жол қозғалысы ережелері

106

70

36

3

Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі

40

40

-

4

Алғашқы медициналық көмек көрсету

16

8

8






ЖИЫНЫ:

170

125

45






Консультациялар

10

10

-






Емтихандар:
















1

«Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»

2

2






2

«Жол қозғалысы ережелері. Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі»

6

6






3

Мотоцикл жүргізу*





















Сынақ:
















1

«Алғашқы медициналық көмек көрсету»

2

2











Барлығы:

190

145

45






Жүргізу **

20











* Оқыту ұйымында жүргізу жөніндегі емтихан жүргізуге бөлінген сағаттар есебінен жүргізіледі.

** Жүргізу оқу уақытынан тыс тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы көлік құралында жүргізіледі.



«Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»


пәнінің тақырыптық жоспары мен бағдарламасы.


Тақырыптық жоспар.


р/с

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Мотокөлік құралдарының жіктелуі және мотоциклдің жалпы құрылымы

1

1-бөлім. Қозғалтқыш

2

Қозғалтқыштың жалпы құрылымы және жұмысы. Қозғалтқышты салқындату және майлау жүйесі

1

3

Отын және жанатын қосынды. Қоректендіру жүйесі. Қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелеріне қызмет көрсету.

1

2-бөлім. Электр жабдығы

4

Тоқ көздері. Оталу жүйесі

1

5

Жарық беру және сигнализация аспаптары

Электр жабдығына қызмет көрсету


1

3-бөлім. Трансмиссия

6

Трансмиссияның құрылымы мен жұмысы

Трансмиссияға қызмет көрсету


1

4-бөлім. Салмақ түсетін жүйе. Жүріс бөлігі. Басқару органдары.

7

8


9


Мотоцикл рамасының, бүйір тіркемесінің шанағы рамасының құрылымы

Жүріс бөлігінің құрылымы және жұмысы


Басқару органдарының құрылымы мен жұмысы


Салмақ түсіретін жүйеге, жүріс бөлігіне және басқару органдарына қызмет көрсету


Мотоциклді қыста, жазда және жұмыс істетіп төселту кезеңінде пайдалану ерекшеліктері


1

1


2







БАРЛЫҒЫ

10

* Тақырыпты пысықтау практикалық (зертханалық-практикалық) сабақта жүргізіледі.



«Жол қозғалысы ережелері» пәнінің тақырыптық жоспары мен бағдарламасы.


Тақырыптық жоспар. 




р/с


Бөлімдер мен сабақ тақырыптарының атауы

Сағат саны

Барлығы

Теориялық сабақ

Практикалық сабақ

1-бөлім. Жол қозғалысы ережелері

1

Жалпы ережелер. Негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері

4

4






2

Жол белгілері

12

12






3

Жол таңбалары мен олардың сипаттамалары

1-3 тақырыптар бойынша практикалық сабақ


4

10


4

 

10


4

Қозғалыс тәртібі. Көлік құралдарының аялдау және тұрақтауы

8

8






5

Жол қозғалысын реттеу

4

4











4-5 тақырыптар бойынша практикалық сабақ

12






12

6

Жол қозғалысынан өту

12

12






7

Жаяу жүргіншілер өтетін жерден, бағыттағы көлік құралдарының аялдамасынан және теміржол өтпелерінен өту

4

4











6-7 тақырыптар бойынша практикалық сабақ

14






14

8

Қозғалыстың ерекше шарттары

4

4

-

9

Адамдар мен жүктерді тасымалдау

2

2

-

10

Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықтары

4

4






11

Нөмірлік, тану белгілері, ескерту белгілері, жазулар және белгіленулер

2

2






2-бөлім. Жүргізушінің құқықтық жауапкершілігі

12

Әкімшілік жауапкершілік

2

2

-

13

Қылмыстық жауапкершілік

2

2

-

14

Азаматтық жауапкершілік

2

2

-

15

Табиғатты қорғаудың құқықтық негіздері

2

2

-

16

Көлік құралына меншік құқығы

1

1






17

Жүргізушіні және көлік құралын сақтандыру

1

1











Барлығы

106

70

36


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет