3. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгiзу
49. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгізу:
1) көлік құралына меншiк құқығы өзгерген;
2) көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгерген;
3) көлік құралы иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы) өзгерген;
4) қайта жабдықтау немесе көлік құралы типінің өзгеру салдары;
5) көлік құралының түсі өзгерген;
6) КҚТК ауыстырған немесе жоғалтқан жағдайларда жүргізіледі.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
50. Осы Қағидалардың 49-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, ал осы Қағидалардың 49-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертуді растайтын құжаттардың негізінде қосымша жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) - 8), 10) - 13) және 15) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 49-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
Сот қаулысының негізінде кәсiпорынның банкроттығы туралы іс қозғалған жағдайда, есептен шығару және тiркеу «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшінің өтініші бойынша тарату комиссиясы шешiмiнің негiзiнде жүргiзіледi.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
51. БАЖ-ға және БАЖ-да және КҚТК-де көрсетілген тіркеу деректерінен айырмашылығы бар КҚТК-ге өзгерiстер енгiзу ІІО қабылдаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.
52. Көлік құралын есептен шығаруды және МТНБ-нің телнұсқасын беруді қоспағанда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгiзген кезде КҚТК-ні ауыстыру жүргізіледі.
53. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырған, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, «Шанақ ауыстырылды» деген жазба жасалады.
Тiркелген көлiк құралының конструкциясына өзгерiстер енгізілгеннен кейін сәйкестікті қайта бағалауды жүргізу қажет.
54. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЕП-те тіркелген көлік құралдарының босаған нөмірлiк агрегаттарына куәлiктер тиiстi нөмірлiк агрегаттарды ауыстыруға байланысты тiркеу деректерi өзгерген кезде, сондай-ақ олардың кәдеге жаратылуына байланысты көлік құралын есептен шығарған кезде берiледi.
55. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгiзу кезінде КҚТК-нiң «Ерекше белгiлер» деген бағанында бұрынғы КҚТК-нің сериясы мен нөмірi, сондай-ақ жүргізілген өзгерістің негіздемесі көрсетiледi.
Егер меншік құқығын растайтын құжаттарда бірнеше меншік иесі көрсетілсе, онда көлік құралын тіркеу барлық иелерінің келiсiмiн растайтын құжаттың негізінде олардың біреуінің атына не КҚТК-нің «Ерекше белгілер» деген бағанында қалған елерін көрсете отырып, олардың бiрінің атына жүзеге асырылады.
56. БАЖ-ға және сот шешімі бойынша тәркiленген немесе иесiз деп танылған көлiк құралдарының, сондай-ақ тіркеу құжаттары жоқ көлiк құралдарының КҚТК-сіне өзгерiстер енгiзу сот шешiмдерiнiң көшiрмелерімен расталған сауда нәтижелерінің негiзiнде жүргізіледі. Бұл ретте есептен шығаруға арналған ақпарат оның бұрынғы тiркелген жерi бойынша жіберіледі.
4. Көлiк құралдарын есептен шығару
57. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) ТЕП-ке осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 6), 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ ТЕП-ке МТНБ-ны тапсырады. КҚТК-де көлік құралын есептен шығарудың мән-жайларына сәйкес жазбалар жасалады, олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 9) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару салық төлеушілер үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе салық төлеуден босату құқығын растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Иелері байқау сәтінде көлік құралының нақты орналасқан жері бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы берген, мөрмен расталған байқау актісін ұсынған жағдайда, тіркелген орны бойынша көлік құралын байқауға әкелмей, есептен шығаруға жол беріледі.
Есептен шығару көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан, көлік құралының есепке алу деректері мен оның иесі туралы мәліметтер нақтыланғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы ақпарат көлік құралының бұрын тiркелген жері бойынша ТЕП-ке дереу жіберіледі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
58. Егер көлік құралының иесі екі немесе одан да көп жеке тұлға болса, есептен шығару иелерінің жазбаша келісімі немесе олардың атынан көлік құралын заңды негіздерде иеленуге, пайдалануға немесе өкімдік етуге құқық беретін құжаттарды ұсыну бойынша жүргізіледі.
59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, байқаудан өткізілмей, есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ ТЕП-ке тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
60. КҚТК болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Көлік құралдары есептен КҚТК телнұсқасы берілмей шығарылады, бұл ретте көлік құралының иесіне көлік құралын есептен шығару туралы қызметтік жазбасы бар көлік құралына анықтама-растау беріледі.
61. Айдап әкетілген және/немесе ұрланған және көлік құралының иесіне қайтарылмаған көлік құралдарын есептен шығару оның өтініші және көлік құралының іздестіруде екені туралы ІІО берген құжаттың негізінде жүргізіледі. Іздестірудегі көлік құралы оның иесіне қайтарылған жағдайда, тіркеу көлік құралын тіркеу актісінің, көлік құралын іздестіру туралы мәліметтердің ІІМ ақпараттық ресурстарында болмауы және көлік құралын байқау тексеру негізінде жүргізіледі.
62. Соттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кіріс органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар меншiк құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлiк құралдарын есептен шығару тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердiң жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
63. Берілген кредит үшін банктерге кепіл ретінде ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралына, сондай-ақ банктер берген кепіл туралы шарттың (немесе өзге құжаттардың) көшірмелерін ұсынған жағдайда заңды және жеке тұлғаларға кепілдік міндеттеме орындалғанға дейін оларды есептен шығаруға шектеу енгізіледі. Бұл ретте БАЖ-ға тиiстi белгiлер жасалады.
64. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сату кезінде есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6), 7), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығы субъектісінің (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдар рұқсатының негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тіркеу құжатына жазба енгізіледі: «Автомобиль азамат Т.А.Ә. (болған жағдайда) сатуға байланысты есептен шығарылды, тұрғылықты тұратын мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжатының сериясы, нөмірі.».
Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Қазақстан Республикасына әкелiнген және белгіленген мерзімдерде әкетiлмеген немесе кеден заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын көлiк құралдары кеден органдарының тиісті құжаттарының негізінде ғана есептен шығарылады.
66. Кері әкету туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінген көлік құралдарын есептен шығарған кезде Қазақстан Республикасының берілген ҚКТК және МТНБ ТЕП-ке тапсырылады, ал өзге мемлекеттердің МТНБ мен құжаттардың түпнұсқалары иелеріне қайтарылады.
67. КҚТК және/немесе МТНБ болмаған кезде тұрған жері белгісіз көлік құралдарын есептен шығару осы көлік құралы соңғы үш жыл бойы пайдаланылмайды деп ұйғаруға негіз беретін ақпаратты жаза отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган шығарған қорытындының негізінде жүргізіледі.
Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және есепке
алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ТЕП-ке/ Мемлекеттік корпорацияға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы)
үшін мынадай құжаттарды ұсынды ______________________________________
ұсынылған құжаттар
(БСН) ЖСК ________________Туған күні (жеке тұлғалар үшін)____________
(күні, айы, жылы)
Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні)
_____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________ Телефоны ______________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _________________________________________________________________
Мем. нөмірі __________________ Шасси нөмірі _________________________
Маркасы, моделі _______________ Шанақ нөмірі ________________________
Дайындаушы кәсіпорын _______________ Түсі ___________________________
КҚ түрі ___________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см3)________
КҚ санаты ___________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg___________
Шығарылған жылы ____________________Жүктемесіз салмағы, kg___________
КҚ тіркеу куәлігі ___________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні ____________ Жеке басты куәландыратын құжат_______________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы,
_____________________________________________________________________
нөмірі, қашан, кім берген)
_________________________________ тұрады. Телефоны __________________
Сенімхат ____________________________________________________________
(қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__жылғы «___»__________________ Иесінің қолы ______________________
________________ МТНБ __________________________КҚТК берілді.
ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері
ІІО лауазымды адамының қорытындысы
Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ _______________________ Дайындаушы кәсіпорын ___________________
КҚ санаты ___________________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)___________________________________________
Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі_________________________
Шасси (рама) нөмірі _________________________________________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Түсі ______________ Байқау нәтижесі _________________________________
(ақаусыз, ақауы бар)
ІІО лауазымды адамы _________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру
жүргізілді __________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты)
_____________________________________________________________________
(тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
______________________________________ сериясы ______№ ______________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________________ саны _____________________
КҚ паспортының сериясы _________ №_________ _________________________
_____________________________________ сериясы_________ № ____________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі ________________________ саны____ _________________
Кепілді тіркеу туралы куәлік ________________________________________
Төлем туралы түбіртектер (есеп шот-фактура) №
_____________________________________________________________________
Өзге құжаттар:_______________________________________________________
_________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту
туралы жауапты қызметкердің қорытындысы)
20__жылғы «___»______________________ (қолы)
Иесіне берілді
Сериясы ________________ № __________________________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ________________ «Транзит» белгісі _________________
ҚК паспорты сериясы ______________ № ________________________________
Өзге де құжаттар ____________________________________________________
___________________________ 20_____ жылғы « » _______________берілді.
ІІО лауазымды адамы/Мемлекеттік корпорация
қызметкері _________________________(қолы, тегі)
Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, Мемлекеттік
корпорация қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алуына электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қол
қоюына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің
фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік қызмет көрсету
шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген түрлерін
мемлекеттік тіркеу және есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
№ ____ көлік құралын байқау актісі
20__ жылғы «___» _______________
Мемлекеттік тіркеу белгісі __________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) __________________________________________
Маркасы, үлгісі _____________________________________________________
Дайындаушы кәсіпорын ________________________________________________
КҚ түрі ___________________ КҚ санаты________________________________
Шығарылған жылы ____________ Шасси (рама) нөмірі ____________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Түсі ________________________________________________________________
Сериясы ________ №___________________________________________________
(тіркеу құжаты)
Сериясы ________ № __________________________________________________
(меншік құқығын растайтын құжат)
_____________________________________________________________ тиесілі
(заіды тұлғаның атауы) (иесінің Т.А.Ә(болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Иесінің тіркелген мекенжайы _________________________________________
Сенім білдірілген адам ______________________________________________
(Т.А.Ә., мекенжайы, сенімхат нөмірі, сериясы, кім, қашан берген)
_____________________________________________________________________
Байқау жүргізген ІІО лауазымды адамы ________________________________
(байқау жүргізген лауазымды адамның лауазымы, бөлінісі, атағы, Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________
Анықталған техникалық ақаулары ______________________________________
_____________________________________________________________________
Техникалық жағдайы туралы қорытынды:_________________________________
________________ байланысты автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізілді.
Қорытынды: __________________________________________________________
(байқау жүргізген лауазымды адамның қолы)
Көлік құралдарының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |