Салық кезеңі – күнтізбелік жыл Декларацияны ұсыну мерзімі
Көлік салығы бойынша декларацияны заңды тұлғалар ағымдағы жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынанкешіктірмей тіркелген жері бойынша салық органына ұсынуы тиіс.
1-мысал. Азаматшаның өз меншігінде ВАЗ 2106 автокөлігі бар қозғалтқыш көлемі 1200 текше см. Шешуі:ҚР Салық кодексінің 1-тарау 367-бабына сәйкес салық ставкасы 2 айлық есептік көрсеткіш. Салық сомасы=3 063х2 = 6 126 теңге. 2-мысал. Азамат қозғалтқыш көлемі 2300 текше см «Фольксваген» автокөлігін иеленеді. Шешуі: ҚР Салық кодексінің 1-тарау 367-бабына сәйкес салық ставкасы 6 айлық есептік көрсеткіш және 2-тарауына сәйкес 7 теңгеге көбейтілді. Салық сомасы=3 063х6+(2300-2000)х7= 18 378+2100= 20478 теңге.
3-мысал. «Алтын Алқа» иегері көп балалы ананың Қазақстанға 2014 жылы әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3900 текше см Тойота Ланд Крузер 100 автокөлігі бар. Шешуі: ҚР Салық Кодексіне сәйкес салық ставкасы Джипке 66 АЕК және 3500 асқан қозғалтқын көлемі 7 теңгеге көбейтіледі. Салық сомасы = 3 063*66+(3900-3500)*7 = 204 958 тг.
4-мысал. Фирма меншігінде баланс бойынша 2 жүк көтергіш машинасы бар: біреуі 4 тоннаға дейін көтереді; ал екіншісі 30 тоннаға дейін көтереді. Шешуі: ҚР Салық кодексінің 1-тарау 367-бабына сәйкес, жүк көтергіш автокөліктерге салық ставкасы 7 айлық есептік көреткіш және 9 айлық есептік көрсеткіш. Салық сомасы (4 тонна)= 3063х7= 21 441теңге Салық сомасы (30 тонна)=3063х9= 27 567 теңге
5 мысал.Заңды тұлғаның меншігіндегі 2012 жылдың наурыз айында сатып алынған ұшу аппараттарының қозғалтқыш қуаттылығы 1200 кВт. Пайдалану мерзімі – 12 жыл. Шешуі: Салық ставкасы (3063х4%х1200 кВт) = 147 024 және түзетілген коэффициент мөлшері 2,0, яғни 147 024 х 2= 294048 теңге.