«Бекітемін»
Ақтау көлік колледжінің директоры
_____________ Досжанов Б.А.
«______» ______________ 2016 ж.
«Колледждің үздік оқытушысы»
байқауын өткізу туралы
Е Р Е Ж Е
Негізгі ережелер
«Колледждің үздік оқытушысы» байқауының негізгі міндеті – шығармашылықпен жұмыс жасайтын дарынды педагогтарды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру (шыңдау).
Байқауға қатысушылар өздерінің педагогикадан, психологиядан және әдістемеліктен білімін, педагогикалық еңбектен жоғары мәдениеттілігін, практика жүзінде инновациялық технология бойынша жоғары білім деңгейін көрсетуі қажет.
Байқауға қатысушылар
Байқауға өз қалауы бойынша колледждің оқытушылары қатысады. Педагогикалық жұмыс өтілі, жасы, санаты шектелмейді.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер өзін-өзі немесе бөлімше ұсынуына болады.
Байқаудың мазмұны
Байқаудың барысында шығармашылықпен жұмыстанатын оқытушылар анықталады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезеңде пән бойынша панорамалық сабақ және дәрісханадан тыс куратор немесе тәрбие сағаты, 2 кезеңде оқытушылардың қорытынды кеші ұйымдастырылады.
Байқауға қатысушы оқытушының пән бойынша беретін панорамалық сабағы төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланады:
өз пәнін жетік білуі, эрудициясы;
педагогикалық және әдістемелік шеберлігі;
оқытудың қазіргі технологиясын пайдалануы;
шешендік шеберлігі;
сабақтың мақсатын таңдау негіздемесі және технологиясы;
дамыта оқытуға бағыттауы.
Дәрісханадан тыс іс-шаралар бойынша оқушылармен жүргізілетін сабақта ескеріледі:
Тақырыбының өзектілігі (курсы, тобы);
Оқушыға жеткізу шеберлігі немесе баяндау тәсілі;
сабақтың тәрбиелік-танымдық ролі;
оқушы бойына жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес тақырыпқа ашық сабақ, шығармашылық есеп, әдістемелік, дидактикалық, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыруды, кәсіптік шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін анықтайтын тапсырмалар орындайды.
Қорытынды кеш 4 кезеңнен тұрады:
Оқытушының шығармашылық эссесі немесе өзін-өзі таныстыру (3-5 мин).
Оқытушы портфолиосы
Ұстаз шеберлігі – ұлылық негізі (Пед. ситуациядан шығу 7-10 мин).
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы (15-20 мин).
Байқауды ұйымдастыру және бағалау
Байқауды жүргізу үшін ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасы ұйымдастырылады. «Колледждің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлығымен марапатталады.
1-ші орын алған жеңімпаз облыстық байқауға қатысады.
Әділқазылар алқасы
Әділқазылар байқауға қатысушылардың кәсіптік шеберлігін, шешетін мәселенің маңыздылығын, дәйектілігін, эрудициясын, идеясын бағалайды.
Әдісқазылар сайыскерлердің әдістемелік құралдарын, ашық сабақтар мен дәрісханадан тыс іс-шараларын бағалайды.
Ұйымдастыру комитетінің құрамы
Мырзатаева А.М. – әдіскер
Жуманбаева А.Х. – Автоматтандыру және басқару бөлімше меңгерушісі
Гульджикова А.Ж. – Құрылыс және қозғалысты ұйымдастыру бөлімше меңгерушісі
Әділқазылар алқасының құрамы
Досжанов Б.А.– төраға, колледж директоры
Жамурова А.Н.– төраға орынбасары, оқу ісі бойынша директор орынбасары
Кезбаева Р.Т. – мүшесі, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары
Хасенов Б.А. – мүшесі, оқу бөлімінің бастығы
Косуакқызы К. – мүшесі, мамандар бөлімінің бастығы
Баенбаева Г.К. – мүшесі, химия пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Байқауға қатысу
«Колледждің үздік оқытушысы» байқауына қатысушылар ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды 20.04.2016 ж. дейін түсіруі сұралады.
Өтінім (оқу орнынан байқауға қатысатын оқытушының аты-жөні, туған жылы, білімі, мамандығы, педстажы, біліктілік санаты, қоғамдық қызметі, хоббиіі (айналысатын әуесі, өнері).
Оқытушының видеопортреті: Шығармашылық эссе қағаз және электрондық көшірме түрінде беріледі.
әдістемелік немесе ғылыми-зерттеу тақырыбы мен бағдарламасы;
пән бойынша оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларын қолдануы;
білім беру деңгейі (біліктілік арттыруы, кәсіби өсуі);
компьютерде жұмыс істей білуі.
Байқау 24 сәуірден 28 сәуірге дейін өтеді.
Келісілген
Оқу ісі бойынша директор орынбасары
________________ А.Н. Жамурова
|
Енгізген
Әдістемелік кабинет меңгерушісі
____________ А.М.Мырзатаева
|
«Колледждің үздік оқытушысы» байқауына қатысуға
Ө т і н і м
Аты-жөні, тегі _________________________________________________________ ____
__________________________________________________________________________
Туған жылы_______________________________________________________________
Білімі_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мамандығы___________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пед.өтілі___________________________________________________________________
Біліктілік санаты___________________________________________________________
Қоғамдық қызметі _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Хобби (айналысатын әуесі, өнері) ____________________________________________
___________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |