Коллоидты ерітінділер дисперстілік дәрежесі бойынша ірі дисперсті жүйелер мен нағыз ерітінділер аралығындағы аралық күйде болатындықтан, сведберг оларды алуды екі әдіске жіктеді:
Коллоидты ерітінділер дисперстілік дәрежесі бойынша ірі дисперсті жүйелер мен нағыз ерітінділер аралығындағы аралық күйде болатындықтан, сведберг оларды алуды екі әдіске жіктеді:
1) Ұнтақтау немесе диспергация (латынша dispegere – себу, шашу);
2) Молекулаларды ірілендіру (агрегация) немесе конденсациялық әдіс (латынша aggregare – қосу, біріктіру).
Сондай-ақ пептизация және өздігінен диспергация әдісімен де алуға болады. Пептизация дегеніміз коагуляция кезінде түзілген тұнбаларды коллоидты ерітіндіге өткізу. Дисперсті фазаның дисперсті ортада өздігінен диспергациялануы арқылы да кейбір жағдайларда коллоидты ерітінділер түзілуі мүмкін.
Диспергация әдіс.
Диспергирлеу жолымен коллоидты ерітінділерді алу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Олардың ең көп таралғандары затты стабилизатор қатысында арнаулы келіде механикалық жолмен үгіту, сондай – ақ Петров жалынында электрлік ыдырату.
Конденсация әдісі
Диспергирлеу әдісімен салыстырғанда, конденсация әдісі сансыз өп, алуан түрлі және кең қолданысқа ие. Бұл конденсация процесі кезінде меншіктік бет пен жүйенің бос энергиясының азаюымен түсіндіріледі. Конденсацияның (іріленудің) екі түрі болады:
1) физикалық конденсация
2) химиялық конденсация
Пептизация әдісі
Іс жүзінде суда ерімейтін көптеген тұнбалар кейбір заттар әсерінен коллоидты ерітіндіге айналады. Ақуыздардың пепсин әсерінен еруін пептизацияға сырттай ұқсатып, осы терминді алғаш Грэм енгізді. Пептизация тұнбаны шаю кезінде немесе арнайы заттар – пептизаторлар қосу кезінде жүреді. Бұл кезде тұнбадан коагуляциялаушы иондар кетіріледі немесе иондар тұнбаның коллоидты бөлшектерінің бетіне адсорбцияланады. Бұл қос электр қабатының түзілуіне немесе коллоидты бөлшектердің айналасында сольватты қабаттың пайда болуына әкеледі. Түзілген қабат бөлшектер арасындағы жабысу күшін әлсіретеді. Осылайша босаған бөлшектер жылулық қозғалыс есебінен сұйықтық көлеміне еркін таралады. Яғни, пептизация коагуляция процесіне кері процесс деп айтуға да болады.
Өздігінен диспергациялану әдісі
Кейбір жағдайларда сұйық ортада қатты немесе сұйық заттар өздігінен диспергацияланып, екіфазалық, термодинамикалық тұрақты коллоидтық немесе микрогетерогенді жүйе түзеді. Мұндай жүйелерді П.А. Ребиндер лиофильді жүйелер деп атады. Себебі бұл жағдайда дисперсті фаза мен дисперсті орта арасында күшті өзара әрекеттесу байқалады. Мұндай жүйелерге критикалық температураларға жақын температураларда өздігінен түзілетін эмульсиялар, парафиндердің көмірсутектердегі дисперсті зольдері, эмульсолдар деп аталатын сабын мөлшері көп (10-40%) көмірсутектердің немесе сабынтәрізді беттік активті заттардың сулы ерітінділері жатады. өздігінен диспергациялану σ1,2 < σкрит≈0,01эрг/см2 болатын коллоидты жүйелерге тән.