Беткей кома (I сатысы, Глазго шкаласы бойынша 7-8 балл): науқасты ояту мүмкін емес, бірақ аурулық тітіркендіргіштерге реакциясы қарапайым ретсіз қимылдар түрінде сақталған. Терең кома (II сатысы, Глазго шкаласы бойынша 5—6 балл): науқас аурырсынулық тітіркендіргіштерге қимыл қозғалыспен жауап береді. Атониялық кома(III сатысы, Глазго шкаласы бойынша 3-4 балл):өте ауыр аурулық тітіркендіргіштерге реакциясының толығымен жойылуы. Атония, арефлексия, тыныс алудың бұзылысы немесе жойылуы, жүрек қызметінің жоғалуы.
Кома жеке ауру емес; ол ОЖЖ қызметінің бұзылысы немесе ми тінінің зақымдалуы (бас миының ауыр жарақаты) нәтижесінде дамиды. Комалық жағдайлар шығу тегіне және патогенезіне байланысты ажыратылады, соған байланысты терапевтикалық шаралар қолданылады. Этиологиясына байланысты жіктелген команың классификациясында 30-ға жуық түрі көрсетілген. Соның ішінде бір бөлігі жеке ауруларға емес бір топ аурулар мен синдромдарға жатады.
Комалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Апоплексиялық кома;
2. Эпилепсиялық кома;
3. Гипоксиялық кома;
4. Бүйректік кома;
5. Бауырлық кома;
6. Диабеттің кома;
7. Уремиялық кома;
8. Геморрагиялық кома;
Кома түрлері