1.Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында тазалау, ауаөткізгішті орналастыру немесе тілді фиксациялау, маска немесе интубациялық түтікше арқылы ЖТА, кей жағдайларда трахео- немесе коникотомия .
2. Оксигенотерапия (4—6 л/мин мұрындық катетр арқылы немесе 60% маска, интубациялық түтікше арқылы ).
3.Трахеяны интубациялау алдында 0,1% атропин ерітіндісін еггізу (0,5—1 мл), холинотежегіш препаратттармен улану жағдайын ескере отырып.
Бассүйек ішілік гипертензиясын, ісігін және ми ісінуін жою
Қанның жоғары осмолярлығы болмағанда (гипергликемия немесе гипертермия жағдайында) және даму қаупінде немесе қан кету күшейгенде (мысалы, жарақат кезінде, геморрагиялық инсульт мүмкін болғанда) дегидратация үшін 1-2 г/кг 20% мөлшерде маннитол ерітіндісін 10-20 мин ішінде енгізеді; бассүйек ішілік қысымның және ми ісігінің жоғарылауының алдын алу мақсатында маннитолдан кейін 40 мг мөлшерде фуросемид енгізіледі.
1. Минералокортикоидты белсенділікпен глюкокортикоидтар — метилпреднизолон немесе дексаметазон (екеуі де 8 мг мөлшерде) қолданылады.
2. Гипотоникалық ерітінділерді енгізуді шектеу (5% глюкоза ерітіндісі және 0,9% NaCl ерітіндісі 1 л/күн көп емес)
3. Мүмкін болған жағдайда гипервентиляция тәртібімен ЖТА жасау.