Кемпір.
Иə, енді аузымыз аққа тиетін болды, бұйыртса, өле қоймаспыз
енді. Бері келші, шошаңдамай бері кел деймін. Түрің не болып кеткен
өзі. Шашың қобырап, бетің кір ме немене. Албасты неме, бойжеткен
қызсың ғой, өзіңе өзің дұрыстап қарамайсың ба, айнаға бар! Саған
ғашық болып жүрген ана балада да ес жоқ!
Зуһра.
Қай бала? Ақеділді айтасыз ба? Ой, оған бəрібір. Кітабын
құшақтап жүреді де қояды, менің бетіме қарайды дейсіз бе сол.
Кемпір.
Ақеділі кім тағы?
Зуһра.
Ақеділ, кəдімгі Ақеділ, Жəмила апайдың ұлы. Ағасы соғысқа
аттанбақ.
(Күрсініп)
Енді бар ауыртпалық Ақеділге түсетін болды.
Кемпір.
Оның саған қандай қатысы бар?
Зуһра
(шошып).
Ешқандай!
Кемпір.
Ойбай!
Зуһра.
Апа, не болды, түсің бұзылып кетті ғой.
Достарыңызбен бөлісу: