Екінші, деңгейге қазақ тілді үйретудің мақсаттары, тапсырмалары, оқу жүйесінің мазмұны, оқытудың әдіс-тәсілдері, жаттығу түрлері жатады. Бұл әдістемелік деңгейлердің барлығы теориялық-ғылыми концепцияларға сүйенеді. Ақыл-есі кем 1ші сынып оқушыларының ерекшеліктерін және әдістеменің заңдылықтарын ескеріп, оларды сауаттылыққа үйрету әліппеге дейінгі және әліппе кезеңінің негізгі міндеттері болып, осы кезеңдерде анықталуы керек.
Үшінші, соңғы деңгей әр тақырыпқа сай әдістемелік нұсқаулардан тұрады. Мысалы, зат есімді оқыту, сын есімді оқыту т.б. Бұл деңгейлердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылыми жүйе көзқарастары неғұрлым дұрыс жоспарланған болса, соғұрлым мақсаттар нақтылана түседі. Оқыту әдіс-тәсілдері ақсатты қолданылып, әдістемелік нұсқауда тақырыптар жеке орналасады. Әдістеменің дұрыс құрастырылмауы тақырыпты түсіндіруде дұрыс әдісті таңдауға сабақтың мақсатын анықтауда, сабақтың түрін таңдауда алдын алады. Әдістемелік тәжірибе әдістемелік теорияға сүйенген жағдайда ғана қызықты мағыналы болады. Бұл жағдайда әдістемелік
тәжірибе әдістемені дамытатын, сапалы ғылым рөлінде болар еді. Теория мен практиканың тығыз тұрақты байланысы әсіресе, арнайы мектепте қазақ тілін оқыту үшін маңызды. Себебі, ол ғылымдардың жас тармағы болып есептеледі. Қазақ тілінің әдістемесі көмекші мектепте ғылым ретінде ХХ ғасырда қалыптасты. Халыққа білім беру жүйесіне көмекші мектепті енгізу бағдарламаларын, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар арнайы мектепте ең қажетті шарттардың бірі болды. Ресейде ең алғаш 1935 жылы көмекші мектепте орыс тіліне оқыту әдістемесіне арналған бірінші кітап шықты. Оны құрастырушы ақыл-есі кем оқушыларды оқытудың әдіскер маманы М.Ф.Гнездилов болды. Автордың соңғы кітабы “Көмекші мектептегі орыс тілінің әдістемесі” (Мәскеу, 1965ж) осы тақырыптағы 50 жылдық жұмысының, еңбегінің жемісі болды. Көп уақыт бойы ақыл-есі кем балаларға орыс тілін үйретуде И.П.Корнев көп еңбек сіңірді. Оның “Көмекші мектепте орыс тіліне оқыту” оқулығы 1956жылы жарық көрді. Сонымен қатар арнайы әдістеменің Е.Н.Грузинцева, Е.Н. Завьялова, Т.М.Образцова, О.М. Ремезова, Ф.М. Смирнова және т.б. айтарлықтай үлес қосты. Соңынан, осы еңбек негізінден өз ана тілімізде де басылымдар жарық көрді. Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Дефектология және олигофренопедагогикамен Ресейдің жоғары оқу орындары саласының ғалымдары мен әдіскерлері көмекші мектепке арналған саналы, үлкен жұмыстар атқарды: дұрыс бағдарлама құру, оқулық шығару, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар. Бірақ тағыда көптеген қажеттіліктер болды. Арнайы әдістемені ғылым ретінде дамыту үшін жоғары оқу орындарының әдіскерлері мен мұғалімдерінің еңбектерінің маңызы зор. Арнайы әдістеменің даму тарихында мұғалімдердің тәжірибелері және зерттеу жұмыстарының маңызды болатыны кездейсоқтық емес. Бір мұғалімнің немесе ұжым мұғалімдерінің жұмыстарын талдау, өз тіліне үйретудің негізгі заңдылықтарын көрсету, олардың психикалық негіздері , қолданылған әдістемелермен логиканың өзара байланыстылығы көбінесе, әдістемелік концепциялар құруға негіз болады. Олар бағдарламаның бір курс немесе тілге үйрету кезеңіндегі бағдарламаның бір тақырыбы аясында қолданылады. Дәл осындай жолмен ақыл-есі кем балаларды әліппеге дейінгі кезеңде оқытудың әдістемелік жүйесінің теориясы жасалды. Кейін бұл теория М.Ф.Гнездилова еңбектерінің арқасында, кейіннен басқа әдіскерлердің жұмыстарында дамуын тапты.
Зерттеу әдістерінің негізгі түрі педагогикалық эксперимент болып табылады. Бұл әдіс дәлелдеудің сапалығының жоғары деңгейімен сипатталады. Оның 2түрі бар:
1. Шынайы – қарапайым сынып жұмысының барысында жүзеге асады.
2. Тәжірибелік – арнайы жағдайларда өткізіледі. Нақты, анық нәтиже алу мақсатында эксперимент жүргігуге төмендегідей шарттар қойылады.
1. Эксперименттің міндетті шығу мен құрылуы, соңғы нәтижелері.
2. Бақылау сыныбын бөліп алу (дәстүрлі шарттарда өткен эксперимент нәтижелерін салыстыру үшін)
3. Экспериментті қабылдау, байқау кезіндегі әсер аймағы.
4. Эксперименттің жүру барысын көрсететін күнделікті құжаттар жиынтығы.
5. Тексерілген әдістердің нәтижесін немесе жұмыс жүйесін толығымен бағалайтын крийтерилердің болуы.
Зертханалық эксперимент әдістемеде шынайыға қарағанда аз қолданылады. Бірақ зертханалық экспериментпен мысалы, жекелей келістің артық деңгейін және жаңа сөздерді түсіндіру әдістерін көрсетуге болады. Зертханалық әдіс үнемі шынайы әдісті толықтырып отырады.
Эксперименттік зерттеу көмекші мектептегі қазақ тілінің жағдайларын теориялық және тәжірибелік негізінде жатыр. Ұзақ зерттеу нәтижесінде – орфографиялық дағды жүйесі қалыптасты С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі. (Р.И.Журавлев, А.К.Аксенова, в.В.Воронков, И.А.Амбуркайтис, К.К. Карлеп және т.б. еңбектері).
1. Ауызша және жазбаша тілді дамыту(С.Н.Комский, В.А.Лапшин, Л.С.Вавин, В.А.Гординко, Р.И.Луцкина, К.Ж.Бектаева, С.Ю. Ильиннің еңбектерінде);
2. Біріншілік грамматикалық қарым-қатынас(М.Ф.Гнездилова, И.П.Корнева жұмыстары);
3. Гармматикалық түсініктер(Н.М.Барск, Г.В.Савельев, А.П.Федченко еңбектері және т.б.)
Ғылыми зерттеу негізіннде оқушыларды тілге үйрету кезінде бақылау қолданылады. Бұл әдісті жүйелі көп уақыт қолданса, ғылыми болжамдар береді. Оның көмегімен әртүрлі топтарда оқитын оқушылардың жеке және жазу жұмыстарын орындау кезіндегіжұмысқа қабілеттіліктері туралы ақпарт алуға және оқуы жайлы мәліметтер көлемін туралы қорытынды шығаруға болады. Ойын іс-әрекеттері кезінде оқушылардың белсенділіктерін анықтауға болады. Бұл бақылаулар қатаң түрде бұйрық, жазба, фотосурет түрінде жинақталады. Бақылау сондай-ақ зертханалық эксперимент сияқты басқа әдістерменде алмастырылады.
Ғылымда бақылаумен қатар балалардың атқарған жұмыстарымен құжаттарын оқыту әдістемесі кең көлемде қолданылады. Жазба жаттығуларын талдау, шығарма және мазмұндама, бақылау және диктант оқушылардың оқу мүмкіндіктерін анықтауда құнды мәліметтер береді. Оқушылар жұмысындағы қателерді талдау медициналық топтарының ерекшеліктерін анықтауға, мінездерімен қиыншылықтарын білуге, қажетті түзету жұмысын жүргізуге көмектеседі.
Ақыл-есі кем 1,2 сынып оқушыларының жазбаша жұмысын тексеру нәтижесінде сенсоматорлы даму аймағындағы өзгерістермен қателерін топтастыруға мүмкіндік туады.(В.В.Воронкованың зерттеуі бойынша). Соның нәтижесінде ақыл-есі кем оқушыларды фонетикалық жазуға үйретуде дифференциалды келіс жүйесін жасауға мүмкіндік туды. Сол себепті жұмыстың әдісі мен мақсаттары, тапсырмалар мен жаттығулар түрлері бала бойындағы негізгі ақауларға терең әсер етуге бағытталды: көру ақаулары, фонематикалық естудің бұзылысы, сөйлеу және жалпы маторикасы дамуының бұзылысы. Аталған бұзылыстарды уақытында жүргізілген мақсатты жұмыстар қателердің пайыздық көрсеткішін төмендетуге көмектеседі. Бақылау сияқты, балалар жұмысы мен құжаттарының әдістері басқа да әдістердің орнына қолданылады. Әдістің ғылыми сапасы өсуі үшін әдебиеттерге ғылыми талдау жасау маңызды. Әдеби кітаптарды оқып-үйрену әдебиеттердегі әртүрлі тақырыптардағы әдістемелердің қалай құралғанын және қазіргі кезде қалай сипатталатынын білуге мүмкіндік береді. Әдістемелік талдау пәнді зерттеудің негізгі келісі болып табылады. Ол қойылған мәселені қалай шешу керек екендігін қарастырады. Әдістемелік әдебиеттерді талдау зерттеу жұмысын жүргізгенмен бірдей басталып, тәжірибемен аяқталады. Әдістеменің негізі тапсырмасы қазақ тіліне оқыту кезінде туындайтын заңдылықтарды қарастыру және соның негізінде оларды бір жүйеге біріктіру. Әдістеме арнайы психология, олигофренопедагогика, логопедия, лингвистика және қазақ тілін бастауыш сыныпта оқыту әдістемесімен тығыз байланысты. Осы аталған ғылымдардың барлығында алдымен қазақ тілінің арнайы әдістемесі жайлы баяндалады. Соның негізінде барлығына ортақ зерттеу обьектісі туралы айтылады.
Ең бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары қазақ тілін олигофренопедагогикамен байланыстырады. Нұсқаулар бойынша, әдістемелер қазақ тілі бойынша берілген мәліметтердің мазмұнын анықтайды және оған жұмыс кезінде қандай түзету, тәжірибелік бағыт тән екенін анықтайды. Мақсатты жүзеге асыру барысында мазмұны олигофренопедагогика бойынша құрастырылатын дидактикалық қағидаларға сүйенеді. Қазақ тілі әдістемесі көмекші мектептегі ақыл-есі кем баланың психологиясына негізделіп жасалады. Таным процестерін, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін психологиялық зерттеу қазақ тілін оқытудың дұрыс жолдарын көрсетеді, қиыншылықтарын анықтайды, жұмыс әдістерін, тапсырмаларды ұйымдастыруда көмек болады. Қазақ тілін арнайы мектепте оқытуда лингвистикалық және психолингвистикалық зерттеу нәтижелері қолданылады. Қазақ тіліне оқыту кезінде психолингвистикалық сөйлеудің тілмен байланыстылығы, іс-әрекеті жағдайлары қарастырылады. Бұл байланыстарды жетік меңгерту нәтижесінде жүйелі түзетушілік жұмыстар арқылы балаларға білім беруге болады. 1-4 сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін дамыту мақсатында арнайы қоршаған ортаны тану туралы пәндер өтеді. Қоршаған орта туралы бала өз ойын жеткізуде сөздер, сөз тіркестерін, жай, жалаң, жайылма сөйлемдер, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді қолданады. Неғұрлым қоршаған ортаны жақын таныған сайын олардың тілдерінде күрделі сөздер, құрмалас сөйлемдер пайда болады. Ақыл-есі кем оқушыларды оқытуда фонетика, грамматика, лексика, орфография түсініктері жиі айтылады. Жұмыс жүйесі әртүрлі құрылып, балалардың морфологиялық, тарихи және фонетикалық жазу қабілеттеріне келетін грамматикалық материалдар таңдап алынады. Олардың баланың сөйлеу тіліне әсер ететін тәжірибелік мәні бар болуы тиіс. Арнайы әдістеме өзінің тәжірибелік аумағында жалпы мектептердегі қазақ тілін оқытудың әдістемелік нұсқауларына сүйенеді. Екі әдістеменің теориялық жағдайына сүйене Л.С.Выготский қалыпты баланың ақыл есі кем баламен салыстырғандағы ортақ даму көрсеткіштерін атап, заңдылықтарының ұқсасатығы жайлы айтты. Ол баланың дамуы кезіндегі заңдылықтар қағидаларға, жұмыстардың әдіс-тәсілдер жүйесіне, жаттығулар мен тапсырмалардың түрлеріне, техникалық құралдардың пайдаланылуына байланысты жүреді деді. Арнайы әдістемеде көп қолданылатын әдістер түріне мұғалімнің әңгімесі, оқытуды бағдарлау жүйесі, жаттығу түрлері: ескерту, түсіндірмелі, шығармашылық жұмыстар және бақылау диктанттары, мазмұндама мен шығарма. Кейін 60-шы жылдардан бастап арнайы мектеп тәжірибесіне комментариялық хат, өзін-өзі тексеру диктанты және өздік диктант сияқты жұмыс түрлері қосылды.
Ақыл-есі кем балалардың аномальді дамуында қолданылатын әдістер мен тәсілдер олардың оқуында түзетушілік және жетіспеушілік ақаулардың алдын алуға бағытталуы тиіс. Әдістемелердің сапалығын жазу кезіндегі аналитика-синтетикалық әдіс арқылы дұрыс оқуын тексеруге мүмкіндік береді. Ақыл-есі кем оқушыларды жазуға үйрету кезінде аналитика-синтетикалық әдісті қолдануда оң өзгерістерге тек сапалы түзету жұмыстарын қолдану арқылы ғана жетуге болады. Дыбыстар мен әріптерді оқытудың реті, жұмыс деңгейлерінің сапасы, оқу мерзімдері, дамытуға болады. Нәтижесінде, ақыл-есі кем оқушылардың әріптердің графикалық көрінісін елестетулері, дыбыстық талдау және жинақтау, есте сақтау қабілеттері біршама жақсарады.