Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.
Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбыстытехникалықкөрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Қосымша көрнекілік көзі ол балалардың өз тілдеріне бақылау жасай білулері, олардың ерекшеліктері және көркем – бейнеленулері. Арнайы білім беру мекемесінде тек көрнекіліктер қолдану жеткіліксіз, балалардың сабаққа мән беріп, қызығушылықтарын ояту үшін барлық көрнекіліктерді сөзбен байланыстыра қолданған жөн. Қоршаған орта туралы оқушылардың түсініктерін көрнекіліктерді қолдана отырып, дұрыс қалыптастырсақ, ол олардың сөйлеген сөздерінде де бейнелі – мағыналы көрініс береді. Сөйлеуді дамыту сабақтарында , балалармен қарым – қатынасты оларға сұрақтар қою арқылы орнатқан жөн. Мысалы, Суреттегі бала нестеп жатыр? немесе Суреттегі үйрекке назар аудар оның аяқтары қандай? және Сөзге екпін түсіріп оқы, екпін қай дыбысқа түсіп тұр? т.б.
Сұрақтарды көп қолдану арқылы сабақты өткізу оқушыларға демонстрациялардың не мақсатпен қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суретке назар аудар ондағы балаға не болды?және оқушылардың іс – әрекеттерін басқару мақсатында «Үйрек пен тауықтың тұмсығын салыстырып, суреттің аяқталмаған бөлігін жалғастыр.Суретте қандай айырмашылықтар бар?» т. б.
Оқушылардың естерінде әсіресе, көргендері кей жағдайларда ғана естігендері қалады. Мысалы, «Суретке назар аударып қара, суреттегі Қожанасыр екенін дәлелде» немесе «Бірінші - суреттегі көктем туралы, екінші - ондағы өзен жайлы, үшіншіден балалардың ойындары туралы шағын мәтін құрастыр».
Оқушылардың сыныптан – сыныпқа көшу барысында қолданатын көрнекі құралдарды күрделендірген дұрыс себебі, оқушылар өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, олармен қалай жұмыс жасау керек, қандай сөздерді қолдану керек екендігіне машықтанып үлгереді. Аномальді балаларға қазақ тілі білімдерін оқытуда нәтижесіне қол жетімді білімдерді оқытқан дұрыс. Қазақ тілі бағдарламасын құрауда төмендегі критериларға сүйенеміз:
Жалпы ғылыми деңгей;