Су қыздырушы қазандықтарды пайдалану ерекшеліктері.
Су қоздырғышы қазандықтардың негізгі ерекшелігі болып олардың тұрақты желілік судың шығынында және тікелей жылулық желіге қосылуында табылады. Су қыздырушы қазандықтардың сенімді және ұзақ жұмыс істеуі судың церкуляциясына және қыздыру беттерінің каррозияға төзімділігі жағдайларына байланысты.
Су қыздырушы қазандықтардың құбырларында беттік қайнауды болдырмас үшін суды қыздыру кезінде 30-35 градус қалғанда жылдамдықты қажетті мөлшерде ұстап тұру керек. Қазандықтарда панельдердің құбырларында белгілі бір жылдамдықтар мен жүктемелер кезінде беттік қайнау болады. Бұл гидравликалық соққылар мен құбыр ішінде қақтардың пайда болуына әкеледі.
Су қыздырушы қазандықтар жылыту маусымының көп бөлігінде төменгі жүктемемен пайдаланылады және жаз мезгілінде ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрады. Қазандық жұмысының бұл ерекшеліктері қыздыру беттерінің сыртқы және ішкі каррозиясына әкеледі.Су қыздырушы қазандықтарда сыртқы беттердің каррозиясының келесідей түрлерден тұрады:
1.төмен температуралы күкіртті қышқылды
2.күлді қалдықтары бар жергілікті
3.төмен температуралы оттекті
4.тіректі
Күкірт қышқылды төмен температуралы каррозия қыздыру беттерінің экранды және конвективті құбырлардың тозуына әкеп соқтырады. Каррозияның бұл түрімен күресудің тиімді әдісі қазандықтың кірісіндегі судың температурасын жоғарлату арқылы құбырларының көтерілуі болып табылады.
Су қыздырғанда қазандықтардың құбырларының ішкі беттерінің коррозиясы оттегі мен көмір қышқылының әсері мен пайда болуы. Қоректердіргіш суды деаэрациялау қыздыру беттерінің ішкі бөлшектерін каррозияны болдырмас үшін ішкі беттерді сулы немесе құрғақ тәсілмен консервациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |