Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Бу генераторын жұмысқа қосып пайдалану



бет26/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Бу генераторын жұмысқа қосып пайдалану.

Бу генераторларын пайдалану кезінде ең басты міндет – оның көп уақыт бұзылмай, өнімді, тиімді жүктеме график бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бу генераторының жұмысы бірнеше құбылыстан тұрады. Отын жануы,газдар мен жұмыстың дене араларындағы жылу алмастыруды, судың булануы. Осы құбылыстар бір-бірінен байланысты және бу генераторының тиімділігіне, бу өнімділігіне, будың көрсеткіштеріне әсер етеді.

Бу генераторының жұмыс тәртібі барысында негізгі және тұрақсыз жүктеме болуы мүмкін. Осы кезде жүктеме мөлшеріне қарамай, бу генераторының тиімді жұмысын қамтамасыз ету керек.

Бу генераторының тиімді жұмыс істеу көрсеткіштері:

-Пайдалы әсер. коэф. (ПЭК)

-жұмыс көптеген уақыт коэфиценті бұл жұмыс уақытын жылдығы күнтізбені уақытпен байланыстыру коэфиценті.

-дайындылық коэиценті. Бұл жұмыс және резервте тұрған уақытты күнтізбелі уақытпен салыстыру коэфиценті

-орташа және барынша көп жұмыс істеу уақыты бұзылып ток тарағанға дейін жұмыс істеген уақыты.

Бу генераторының негізгі жұмыс тәртібі болып саналатыны жүктеме тұрақты болған кез.Бұдан басқа нақты және жартылай нақты жұмыс тәртібі болады. Жартылай нақты жұмыс тәртібі кезінде қондырғылар жартысы артық резервке тоқталады, ал нақты жұмыс тәртібі кезінде барлық қондырғылар нақты жүктеме пайда болады. Жұмысқа қосылады.

Қондырғылардың негізгі жұмыс тәртібі кезіндегі көрсеткіштері ең жоғарғы сапада болуы керек, ал нақты және жартылай нақты жұмыс тәртібі кезіндегі көрсеткіштер сәл төмен болуы мүмкін.

Бу генераторларының өнімділігі ЖЭС тәуліктік жүктеме графигіне байланысты жүктеме графигі өзгерісін қарасақ, нақты жүктеме уақыты бірталай уақытқа жетеді. (5-6 сағат) Сондықтан жүктеме өзгерісін тез көтеріп кету үшін жабдықтардың икемділігінің маңызды екені сөссіз.

Жабдықтардың икемділігі дегеніміз- олардың тез жұмысқа қосылып тоқтауы және қуаты мен өнімділігінің оңай өзгерту қасиеті. Жабдықтар өнімділігінің реттеу мүмкіншілік әдістерімен сипатталады.

Бу генераторының өнімділігін бірқалыпты болған кездегі жұмыс тәртібін қалыптасқан (стационарлы) деп атайды.Бу генераторының өнімділігі өзгеріп тұрған кездегі жұмыс тәртібін қалыпсыздық (стационарлы емес) деп аталады. Сондықтан бу генераторының өнімділігін тез өзгерту қасиеті өте маңызды.

Бу генераторының өте маңызды сипаттамасы-оның жұмысқа тез қосылуы мен тоқтатылуы. Техникалық жүктелген міндетіне қарай бу генераторының тоқтатуының мыныдай түрлері болады:

-резервке –бу генераторы ыстық қалпында қор ретінде тұрады. Сондықтан оны тез іске қосуға болады.

-жөндеуге -бу генераторы тоқтатылған соң салқындатылады.

-апаттық тоқтауы-бу генератордың өзі немесе қосалқы жабдықтар бұзылған кездегі тоқтату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет