Бу генераторының жұмыс тәртібінің картасы.
Бу генераторының жұмыс процессі оның жұмыс тәртібінің картасы бойынша жүргізіледі.Бу генераторының жұмыс тәртібінің картасында, өнімділігіне байланысты отын шығыны, будың, судың, түтін, газ және ауа көрсеткіштерінің негізгі мөлшерінен ауытқуы берілген. Бу генераторының өнімділігі өзгенген кезде оның жұмыс тәртібінің картасы бойынша отын шығынын және басқа көрсеткіштерін де өзгертіп, ең тиімді жұмыс бабына көшуге болады.
Бу генераторының жұмыс процессінің түрлері.
Бу генератордың жұмыс процессі бірнеше қалыпта болады:
-жұмыс барысында
-ыстық резервте,бірнеше сағат тоқтап тұрады
-салқын резервте, бір тәуліктен бері тоқтап тұрса
-консервацияда,1-2апта бойы тоқтап тұрады
-жөндеуде
Бу генераторы жөндеуге жоспар бойынша тоқтатылады. Жөндеудің кезекті, орташа және күрделі түрлері болады. Кезекті жөндеулер жылына 1-2 рет өткізіледі. Орташа және күрделі жөндеу 2-3 жылда бір рет өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |