«Туған айдай толықсып сен көріндің» – Махаббат, жастық шақ туралы жазған жыры. Ғашықтық отына күйіп, жанған жігіттің сезімін ақын былай суреттейді: «Сүйіп, күйіп, денем балқып, жан иіп, Сезім билеп ақылды да, ойды да». Өлең 1942 жылы жазылған.
«Сүйем Отан анамды» – Туған елін, жерін, өзен-көлін шабыттана жырға қосады. Ақын ел басына қауіп – қатер төнген қаһарлы күнде жасұлан елін қорғауға аттанады дейді. Өлең «Екпінді» газетінің 1942 жылғы 19 ақпандағы санында жарияланған.
«Ел қаһарын жырлаңдар» – Соғыс жылдарында Семей қаласында облыстық ақындар айтысы өтеді. Бұл айтысқа Сапарғали, Төлеу, Нұрлыбек, Архам сынды атақты ақындар қатысады. Ақынның айтысқа қатысушыларға арнаған толғауы. «Екпінді» газетінің 1943 жылғы санында жарық көрген.
*«Батыр ағама» – «Бел шешпей, мұз төсеніп, қар жамылған, Кірпігін күндіз-түні емес қаққан», – деп даңқты батыры, Халық қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлік ісі шабыттана жырға қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: |