«Мен советтік азамат» – «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1955 жылғы 1 мамырдағы № 18 санында жарық көрген. Совет азаматының адал еңбегін, достығын, мақтанышын жырға қосады.
«Отан туралы екі өлең» – 1955 жылы «Екпінді» газетінің № 170 санында жарияланған. Ақ сүт беріп өсірген анадай Отан анасын сүйіспеншілікпен жырға қосып. «Кім сүймейді туған ата-анасын, Кім сүймейді адалжарын, баласын»,- дейді.
«Алтын дән туралы жыр» – Тың көтерілгеннен кейін қазақ даласында берілген алғашқы миллиард пұт астық берген еңбеккерлер жырланады. Осы өлеңге Бекен Жамақаев ән де жазған.
«Ана тілегі» – Баласының талабына, алғашқы қадамына қуанған ана тілегі жырланады. Елімнің ертеңі, халқымның болашағы сенсің деген ана сөзі айтылады. Өлең «Екпінді» газетінің 1946 жылғы №174 санында жарық көрген.
«Бала» – Бала ата-ананың жүрегі, бала махаббаттың тірегі –деп ақын баланың былдырлаған тілін де жырға қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |