«Революция дауылпазына» – ХХ ғасыр басында реалистік әдебиеттің негізін салушы ретінде Максим Горькийге өлең арнамаған ақын кемде-кем. Ақын «революция сұңқарын» – «Шаңқылдап қара түнде ұран салған» дауылпазға теңейді. Өлең «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 18 маусымдағы № 139 санында жарық көрген.
«Ойнақы көз, тұрақсыз сөз» – Қазақ аруының бойындағы тұрақсыздық, сылқым сұлулық, көлгір күлкі сияқты жағымсыз қасиеттерін айта отырып, ақын тұла бойы ұят пен арға тұнған, жаны таза, сабыры мол сұлуды іздейді. Өлең 1936 жылы жазылған.