1) Сыныпта 25 оқушы бар.
Сыныптың топ басшысын, орынбасарын және дене тәрбиесінің
ұйымдастырушысын неше түрлі тәсілмен таңдауға болады?
2) 6 оқушыны 6 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызуға болады?
1)
Жүгіру бойынша жарысқа 4 адамнан тұратын қанша команда құрауға болады, егер
жүгірушілер саны жетеу болса?
2)
1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, жазылуында цифрлар
қайталанатын қанша
екі таңбалы сан құруға болады?
3)
«МАТЕМАТИКА» сөзіндегі әріптердің орнын ауыстырып қанша түрлі
«сөз» алуға болады?
4)
Сатылымда бар тоқаштың 4 түрінен 7 тоқаштан тұратын жиынтықты
қанша тәсілмен құруға болады?
5)
«Химия» сөзінің әріптерінен орындарын ауыстырып қаншама сөз жасауға
болады?
6)
Кондитерлік фабрикада конфеттің төрт түрі бар.
Құрамында алты конфет
болатындай неше түрлі орам жасауға болады?
7)
Театрға, циркке және концертке бір-бір билеттен бар. Қанша әдіспен осы
билеттерді 4 оқушы арасында үлестіруге болады? (егер
әрбір оқушы
бірнеше билет алуы мүмкін болса)?
8)
5 қызыл, 4 көк және 5 ақ шарларды екі ұшында бірдей түсті шарлар
жататында етіп неше түрлі тәсілмен бір қатарға орналастыруға болады?
9)
Ұзындықтары 4, 5, 6, 7 см мәндерінің біреуіне ие болатын кесінділерден
қанша үшбұрыш жасауға болады?
10)
«Комиссия»
сөзінің
барлық әріптерінен
құралған алмастырулар санын
табыңыз?
11)
2233344455 цифрларын пайдаланып неше әртүрлі он орынды сан алуға
болады?
12)
а)
«Алмастыру» (перестановка)
сөзінен неше әртүрлі
сөз құрастыруға
болады?
б)
Олардың нешеуі «
л»
әрпімен басталып «
а
» әрпімен аяқталады?
1.
Цифрлары қайталанатындай 1, 2, 3, ..., 8, 9 цифрларынан үш орынды неше сан
жазуға болады?
2.
10 кинофильм 5 аталым (номинация) бойынша кино бәйгесіне қатысуда.
Егер әр
аталымға әртүрлі сыйақы тағайындалғаны белгілі болса,
онда сыйлықтарды таратудың
неше түрлі тәсілі
бар?
3.
Гүл сататын дүкенде гүлдердің 10 түрі бар. Әрқайсысында 7 гүл болатындай неше
әртүрлі гүл шоғын құрастыруға болады? (егер гүл шоғындағы гүлдердің орналасуы
ғана әртүрлі болса,онда олар бірдей деп саналады)
4.
Әр қабырғасының ұзындығы 1-ден 10-ға дейінгі бүтін сандармен өрнектелетін неше
тікбұрышты параллелепипед құрастыруға болады?