1 Зертханалық жұмыстарды орындаудағы жалпы ұсыныстар
1.1 Зертханалық жұмыстарды орындаудағы әдістемелік ұсыныстар
Зертханалық жұмысты орындамас бұрын студент онымен толық танысып шығуы керек, берілген теориялық мағлұматтарды оқып, есеп беру қағазын дайындауы керек, оның құрамына сыртқы беті, жұмыс мақсаты, тапсырма нұсқасының мәтіні, сәйкес блок-сұлбасы, программа листингі және бақылау сұрақтарына жауаптары кіреді. Тапсырма нұсқасын оқытушы береді. Жұмысқа дайын емес студенттер, зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді. Студент жұмысты компьютерде орындап болған соң, шыққан нәтижелерді бекітілген кестеге енгізіп, қорытынды есеп беруге жазуы керек. Есеп беруді оқытушы қабылдайды, егер ол дұрыс болмаса, жұмысты қайта толықтыру үшін студентке қайтарылады.
Әрбір зертханалық жұмыс 2 тапсырмадан және келесі жұмыс түрлерінен тұрады:
тапсырманың талаптарын сараптау және оны шешуді игеру;
шешімін табу алгоритмін қадаммен қарастыру және оны сипаттау;
алгоритмнің негізі;
алгоритмнің блок-сұлбасын жасау;
кіріс, шығыс және аралық мәліметтерді таңдау және негіздеу;
алгоритмді кодтау, яғни оның С тілінде жазылуы;
программаны тексеретін тесттер жинағын таңдау;
программаны дұрыстау және таңдалынған тесттер жинағында оның дұрыс жұмыс істеуін көрсету.
Алгоритмді құрудың тиімділігін арттыру үшін үлкен программаларды жазған кезде программалаудың құрылымдық түрін қолдануға назар аударған жөн. Бұл программаны құру шығындарын азайтуға және оны ары қарай пайдалануға әсерін тигізеді.
Программалаудың құрылымдық түрі алдымен есептің жалпы түрін, сонан соң есеп бірнеше қарапайым ішкі есептерге бөлінеді.
Мәліметтерді көрсетуді таңдаған кезде студенттің басшылыққа алатын негізгі түсініктері:
берілген мәліметтердің табиғи ішкі түрі, оларды адам қабылдауы үшін қалыптылығы. Шығатын мәліметтерге де осылар әсер етеді. Құрастырылған программаның пайдасы ең төменгі деңгейге жетеді, егер
7
жазылған жауапты түсіну үшін адамнан есептің берілгенін түсінікті түрге аударуға байланысты қосымша күрделі жұмыс талап етілсе;
есепті шешудің алгоритмін тиімді құрастырудың мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік есептің берілген және аралық мәліметтерін көрсетуді дұрыс таңдау арқылы іске асатын мүмкіндік. Тиімді алгоритмді құрастыру үшін берілген мәліметтерден басқа да мәліметтер қажет болуы мүмкін.
Программаның орындалу барысында ұсынылатын экран түрі:
зертханалық жұмыстың аты;
зертханалық жұмыстың тақырыбы;
нұсқаның нөмірі;
берілген мәліметтерді енгізу үшін шақыру;
берілген мәліметтерді енгізу;
программа жұмысының нәтижесі;
программа авторының тобы және аты-жөні.
Программаны құру кезінде программаны тексеріп отыратын тесттер жинағын құруға назар аударған маңызды. Таңдалынған тесттер жинағына негізгі бір талап – ол оның толық түрі, яғни программаның әрбір тармағы қандай да бір тесттер жинағында орындалуы қажет. Осы кезде басты назарды программа көрсететін қателерге, яғни олардың орындалмауын көрсететін диагностикалық хабарламаларына назар аударған жөн.
Сонымен қатар, мысалдардың соңғы нәтижесін қосымша Microsoft Excel программасының көмегімен есептеу қажет. Тестілеудің нәтижелері экранның скриншот түрінде есептің шешімдерінің нәтижесі ретінде көрсетілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |