Қайталауға арналған сұрақтар?
1. Жеміс-жидектерді сезімдік тексеру әдістері
2.Жеміс-жидектерді санитариялық сараптау және бағалау
3. МЕМС қойылатын талаптар
№ 19 зертханалық сабақ
Әр түрлі жидектердің сапасын санитариялық сараптау және бағалау
Сабақ мақсаты: Жидектердің сапалығын анықтау әдісін үйрену және оның санитарлық бағасымен танысу.
Жұмыс жоспары:
1.Жидектерден сынама алу тәртібі
2.Сезімдік тексерулер жүргізу:
2.1 түсін анықтау;
2.2 иісін анықтау;
2.3 дәмін анықтау;
2.4 консистенциясын анықтау;
2.5 бүтіндігін анықтау
2.6 шырындылығы
2.7 зиянкестермен зақымдалуы
2.8 механикалық зақымдалуы
Керекті құрал-жабдықтар: әртүрлі жидектер, пинцеттер, скальпель, ыдыстар.
Әдістемелік кеңестер.
Бұл тақырыпты игеру үшін оқулықпен қолжазбадағы теориялық материалдарды қайталап алу қажетті және өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды меңгеру.
Базарға сатуға түскен жеміс-жидектер қатарына жататындар: алма, алмұрт, гранат, құлпынай, бүлдірген, арельсин, мандарин, шабдалы, қарақат, т.б.
Студенттер, зертханалық жұмыстарды терең, әрі тыңғылықты орындап, оқу бағдарламасының материалдарын толық игеруі үшін, осы тақырып бойынша дәрістік қолжазба материалдарына өз беттерінше дайындалуға ұсыныс жасаймыз.
Сезімдік зерттеу: Сатылуға алып келінген жеміс-жидектерден алдымен сынама алады, содан кейін сезімдік тексерулер жүргізеді. Жеміс-жидектердің иісіне, түсіне, дәміне, біркелкі формаларын сақтағанына, шырындылығына көңіл аударады. Базарларда ластанған, көгерген, шырыштанған, мыжылған немесе кесілген, консистенциясы жұмсақ, жағымсыз ащы немесе қышқыл дәмі бар жеміс-жидектерді сатуға жібермейді
Достарыңызбен бөлісу: |