Қызан, баклажан, бұрыш, кәді – балауса, таза бүтін, соғылмаған, жетілген (әрқалай піскен) түрлерін сатуға рұқсат етеді. Қызанда төмендегідей аурулар кездеседі:
Фитофтора – қоздырушысы - Phytophtora infestans. Бұл картоптың да түйнегін зақымдайды. Қызанның үстінде алғашқыда төбесі жағынан ақ түсті жұқа қабат пайда болады, сонан соң ол ұлпаның ішіне қарай кіріп тұрған қоңыр түсті қатты даққа айналады да, қызан ашып кетеді.
Қара шірік (Черная гниль) – қоздырушысы - Diplodina destructiva. Жемістің төбесі мен бүйір жақ қабығының астынан қара – қоңыр томпиған дақты көруге болады. Төбе бактериозы, ылғалды шірік қоздырушысы - Bact. lycopersici. Жемістің төбе жағынан қара – қоңыр түсті дақ шығады, сау ұлпа мен зақымданған ұлпа шекарасы айқын байқалады. Жемістер суланады, шіриді, түсіп қалады. Ауруға шалдыққан түйнектер сатуға жіберілмейді.
Көкөністер – бақша дақылдары, шикі немесе пісірілгеннен кейін тағамға кеңінен пайдаланылады. Олар витаминдерге, пектинді заттарға бай. Бақшалық жерді көңмен, нәжістермен тыңайту барысында онда әр түрлі гельминт жұмыртқаларымен, ауру қоздырушыларымен зақымдануы мүмкін. Сондықтан көкөністерді пайдаланар алдында ыстық сумен залалсыздандыру абзал.
Капуста – сапалы капуста нығыз, таза, балауса, бүтін, жапырақтарының түсі ақ, сарғыштау немесе жасыл реңкілі болады, өңезбен шіріктің (ақ, сұр және қара шірік) қара дақтары болмайды, иісі жағымды, дәмі өзіндік.
Капуста аурулары. Капуста паразит саңырауқұлақтар мен және бактериоздармен зақымданғаны, оның негізгілері төмендегілер:
Сұр шірік (Бурая гниль) – қоздырушысы - Botrytis cinerea. Капустаның беткі жапырақтарының, саңырауқұлақтың жіпшелерінен құралған мақта сияқты, жұқа қабықпен қапталғанын көруге болады. Зақымданған жапырақтар басында солады, кейіннен шіриді.
Ақ шірік (Белая гниль) – қоздырушысы - Sclertinia libertiana. Өсімдіктің барлық бөлігін зақымдайтын ақ мақта тектес жұқа қабықша шығады.
Қара шірік (Черная гниль) – қоздырушысы – Pseudomonas campestris. Жапырақтың жіп тәрізді талшықтарының бойында қара түсті дақ тәрізді жолақтар пайда болады, капуста иісі жағымсыз кілегейленеді. Қымыздық, аскөк, саумалдық, бақша дақылдарының пәлектерімен басқа көктері жас және балауса, топырақпен ластан және арамшөптерінен тазаланып, өздеріне тән түрлері (түсі) мен иістерін сақтаулары керек. Пәлегін түбірінен кесіп алып тастайды.
Солған, сарғайған, жапырақтары мыжырайған, шіріген, зеңденген, қызған, кеміргіштермен зақымданған және зең саңырауқұлақтарымен, бактериялармен т.б. зақымданған көкөністерді тағамға пайдалануға жібермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |