Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет15/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Асхана қызылшасы. Қызылша түйнегі қантқа (8-14%), витаминдерге (С, В1, В2, РР), органикалық қышқылдарға, минералды тұздарға бай. Сапалы қызылшаның түсі қоңыр – қызыл, балауса, таза, нығыз, құрғақ, шытынамаған, зақымданбаған, зиянкестерден таза. Пышақпен тілгенде реңі әрқалай қара – күрең түсті, шырынды, дәмі тәттілеу. Ең жуан жерінің диаметрі 5-14 см келеді. Жаңа қазылған асхана қызылшасы балауса, түйнектері топырақпен шаңнан таза болуы керек. Тым жұмсарған немесе босаңқы, түйнектері тыржиған, сондай-ақ аурудың белгілері бар қызылшаны сатуға шығаруға болмайды. Сңырауқұлақтардан пайда болатын қызылша тамырының аурулары:

Рак – қоздырушысы - Bact. tumefaciens. Қызылша тамырларында жылтыр, кедір – бұдырсыз, шытынаусыз шор пайда болады, кейде олар түсіп қалып, орнына бүлінген ұлпалар қалып, кейіннен шіриді. Мұндай қызылшаны сатуға жібермейді.

Безеуленген таз қотыр (прыщевая порча) – қоздырушысы - Bact. scabiegenum. Тамырында ұсақ сүйелдер пайда болады, кейіннен ол ыдырап, орнында айналасы көтеріңкі уытты жара пайда болады. Кейіннен ол шіриді, тамыры бұзылады, иістенеді. Сатуға жібермейді.

Фузариоз – қоздырушысы - Fusarium vertecillium. Ауру қызылшаның ортасы қуыстанып кетеді. Түрі бурылданады, жұмсарады, шіриді, иістенеді. Сатуға жібермейді.

Тазқотыр (Порча) – қоздырушысы - Actihomyces nigrificans. Қызылшаның мойынында ұсақ кедір – бұдыр сызаттар байқалады. Сызатты тамыр шіриді, иістенеді. Сатуға жібермейді.

Өзекті шірік (Сердцевинная гниль) – қоздырушысы - Phoma betae. Түйнектерінің үстіндегі көк – сұр дақтарға саңырауқұлақтар енеді. Түйнек ұлпалар қарайып, алғашқыда қатаяды, кейіннен жұмсарады. Сатуға жібермейді.

Бактериоздар – қоздырушысы - Bacillus betae. Бұл бацилла тамыр жемістілерді ыдыратып, кілегейлі заттарға айналдырып жібереді. Сатуға жібермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет