Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет12/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Дәрістің мақсаты: Тамыр-түйнектілер мен көкөністердің түрлерімен және олардың сапасын сараптау әдістерімен студенттерді таныстыру

Қарастырлатын сұрақтар:

1.Тамыр-түйнектілер мен көкністердің химиялық құрамы мен тағамдық құндылықтары

2.Осы өнімдерді санитариялық сараптау және бағалау

3.МЕМСТ талаптарына сәйкестігі, сынам алу тәртібі


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж

2. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б. 160 шт

3.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б. -50 штук.

4.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М., т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж

5.Ізтаев, Ә.І.,Ермекбаева С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б


Тамыр – түйнек жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ жеміс пен жидектерді тиісті талапқа сай болса ғана балауса түрінде сатуға рұқсат етеді.

Картоп. Түйнектерді құрғақ, таза, бұлтықсыз, көктемеген және көкөнісденбеген. Жаздық картоптың диаметрі 3см болса, күндізгісінікі - 4,5-5см. Түйнектерін кескен кезде сықырлайды, біркелкі қатты аздап жұмсақтау. Пышақпен тілгенде түйнегінің түсі картоптың сорттарына қарай ақ, сарғыштау немесе қызғылт болады. Қара күйе түскен және бактериялық аурулармен зақымданған, жалпы мөлшерінің 2%-дан астамында бұлтығы мен көгергені, 1%- дан астамы топырақпен ластанған, 2%-ы жарақаттанған, 2% пішіні қатты өзгерген түйнектер болса, сондай-ақ көктеген, үсіген, шіріген картопты сатуға рұқсат етілмейді. Өткен жылғы картоп түйнектерінің 5%-ының аздап солуы, бетінің мыж қатпарлануы әдеттегі жағдай деп есептелінеді.Рак және жалған ракпен зақымданған картопты сатуға тыйым салумен қатар, ауылшаруашылық өсімдіктерін карантинге қоятын мемлекеттік инспекцияға хабарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет