Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі



бет11/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі

Жұмыс түрлері

Позициялар

Бағалар

Балл

Пайыз %

Аудиториялық сабақтар, соның ішінде:




Дәріс

Конспектілеуі, белсенділігі

100

100




Зертханалық сабақ

Орындауы, сапасы, белсенділігі

100

100




Тәжірибелік сабақ

Белсенділігі, үй тапсырмасын орындауы

100

100




Межелік бақылау




1) Коллоквиум

2) Бақылау жұмысы



7 апта

14 апта


100

100


100

100





СӨЖ







График (апта)

Позициялар

Бағалар

СӨЖ түрлері**

Тапсырманы беру

Жұмысты қабылдау

Орындауы және мерзімінде тапсыруы

Балл

Пайыз %

1. Реферат-1
2. Реферет-2

1 аптада
8 аптада

7 аптада
15 аптада

100
100

100
100

Ағымдық бақылау – АБ1 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 7 апта

100

100

Ағымдық бақылау – АБ2 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 15 апта

100

100

Қорытынды бақылау (ҚБ)

Емтихан (Е)



7 – семестр, емтихан ауызша

Әр билетте сұрақтар саны – 4




100

100

Барлығы




100

Студенттің әрбір пәннен алған қорытынды бағасы келесі формуламен анықталады:


Мұнда, ҚБ – пәннің қорытынды бағасы;

АБ1 және АБ2 – 1 және 2 ағымдық бақылау;

Е – емтихан бағасы (100 балдық шкаламен).

Қортынды баға «Рlatonus» бағдарламасында әріптік және сандық түрде қойылады
Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау


Әріптік бағалау

Сандық баламасы

Пәнді меңгерудің пайыздық мөлшері%


Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Негізгі әдебиеттердің тізімі

1. «Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж.

2.Жұмагелдиев А.А., Ромашов К.М., Қырықбайұлы С.Қ. Ветеринариялық санитариялық сараптау. Алматы 2018ж.







Қосымша әдебиеттердің тізімі

3.Боровков М.Ф., Фролов В.П., Серко С.А. Ветсанэкспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства, Санкт-Петербург, Краснодар, 2007 г.

4.Нұрымов, К.Ж.,Жазылбеков «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау», Алматы, 2005 ж.

5. Қырықбайұлы С.,Телеуғали Т.М. т.б. «Ветсансараптау практикумы», Алматы, 2017ж

6. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б.





Әдістемелік нұскаулар

1.Ергумарова М.О., Казтаева Б., Байдилдаева И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптаудан лабораториялық жұмыстар, Алматы, 2021.

БЕКІТЕМІН:

Ветеринариялық санитариялық сараптау

және гигиена»кафедрасының

меңгерушісі, профессор

___________Сарсембаева Н.Б.

«21» 05 2021 ж.



«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының 2021-2022 оқу жылына пәндерінің оқу-әдістемелермен қамтамасыз етілуі. «Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» пәні бойынша


Рет№

курсы, семестр

Ст.

Саны



Оқулықтар мен и оқу құралдары


Саны

Дәріс конспектілері


Саны

Кітап


Каф.


Кітап


Каф.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

ВС,

4-курс, 7 семестр







93



1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж.

2.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М.,Қырықбайұлы С,т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж.

3. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011- 632 б.

4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б.



5. Боровков, М.Ф. ВСЭ с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства  [Текст]: учеб. / М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко.- 3-е изд., перераб. и доп.- СПб.: Лань, 2010.- 480 с.

6. Ізтаев, Ә.І. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану [Мәтін]: оқулық / Ә.І. Ізтаев, С.Б. Ермекбаев; Қазақстан Республикасының білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б.

7. Растениеводство [Текст]: учебник / В.А.Федотов, С.В.Кадыров, Д.И.Щедрина, О.В.Столяров; под ред. В.А.Федотова.- СПб.: Лань, 2015.- 336 с.

8. Витол, И.С. Безопасность продовольственного сырья и продуктов питания [Текст]: учебник / И.С. Витол, А.В. Коваленок, А.П. Нечаева.- М.: ДеЛи принт, 2013.- 352 с.


10

25



50

20
15


15


10

2

2



2

3
2

2

1


Ергумарова М.О.



1



1




Барлығы:

93




145

14




1

1

Пор. №

курсы, семестрі

Ст. саны

Практикумдар

(зертханалық-практикалық, өзіндік жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құралдар )



Саны

Зертханалық сабаққа арналған оқу-әдіст. құралдар

Саны










Кітапх.

Каф.

Кітапх.

Кафедр.




1

2

3

4

5

6

7

8

9






1.

Ветсанитария,

4-курс, 7 семестр



93

1.Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М., Жумагелдиев А.А., Ергумарова М.О. Т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы», 2017ж.



25

7

Ергумарова М.О. «Өсімдік өнімдерін ВСС». Алматы, ҚазҰАУ, 2020 ж.













Барлығы

93




25

7











Құрастырған: аға оқытушы Ергумарова М.О.

1-дәріс.

Тақырыбы: «Өсімдік шаруашылығы, маңызы мен ролі»

Дәріс мақсаты: студенттерді өсімдік шаруашылығының адам өміріндегі маңызы туралы таныстыру

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Кіріспе. шаруашылығы, маңызы мен ролі.

2.Тағамдық өсімдік өнімдерінің түрлері, жіктелуі, химиялық құрамдары.

3.Адам тағамындағы өсімдік өнімдерінің маңызы.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж

2. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б. 160 шт

3.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б. -50 штук.

4.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М., т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж

5.Ізтаев, Ә.І.,Ермекбаева С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б


Адам баласы қай кезде болсын әр түрлі өсімдіктерден мол өнім алуды көздеген. Ал мол өнім алу үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін, сыртқы ортаға әсер ықпалын біліп, соларды орындай білу қажет. Сонымен қатар топырақ пен оның қасиеттерін, әртүрлі тыңайтқыштарды және оларды қолдану тәсілдерін жақсылап зерттеу керек, топырақты қалай жақсы баптауды, тұқымды себуге қалай дайындауды, әртүрлі дақылдарды қалай себуді, қалай отырғызуды білу, өсімдіктерді күту, өнімді жинап, сақтау әдістерін игеріп алу қажетті.

Сонымен қатар тағамдық өсімдік өнімдері құрамы мен физиологиялық роліне қарай адамдардың тамақтануында өмірлік маңызы бар тағам. Бірақ оларды малдың тағамдық өнімдері сияқты әр түрлі ақауға, ауруға, зақымдануға ұшырап, тағамдық және санитариялық сапасын төмендетуі мүмкін. Сондықтан тағамдық өсімдік өнімдері мал өнімдері сияқты ветеринариялық санитариялық сараптан өткізілуі тиіс.

Өсімдік өнімдерін жан жақты пайдалану адам денсаулығына жақсы ықпал тигізеді. Сондықтан да әртүрлі кездейсоқ зиянды аурулардың алдын алу үшін бұл өнімдерді сараптаудан өткізу шарт. Сараптау жұмыстары жалпы осы шаруашылық өнімдеріне байланысты ережелерге сай жүргізіледі.

2.Өнім түрлеріне қарай МЕМСТ мен Техникалық шарттарына сай жүргізіледі. Сондықтан:

1.Осы ережелер бойынша сараптауға жататын өсімдіктер бау бақша мен егістік өнімдері, түйнек жемісті, тамырлы (картоп, сәбіз, қызылша, шалғам, шалқан, ақжелкен, ботташық (пастернак), сарымсақ, жуа, пияз т.б.

2. Жабайы өсетін: қаражидек-черника, таңқурай-малина, қарақат-ежевика, бүлдірген, қараймойыл, сүйекті жеміс –костышка, қызамық , итбүлдірген, мүкжидек, балауса кептірілген саңырауқұлақтар.

Тағамдық өсімдіктер адамның тамақтанында үлкен орын алады. Олар көмірсу (углевод), витамин және минералды заттардың негізгі көзі. Көпшілік тағамдық өсімдіктерді ет пен балықтан дайындалған тағамдарға қосып олардың дәмін жақсартып, сіңімділігін артырады.

Тағамдық өсімдіктер өнімі шикілей, пісірілген және ащытқан (тұздаған) түрінде асқорыту шырындарының бөлінуін күшейтеді, өттің пайда болып, оның бөлінуін реттейді және адам денесіндегі мавйдың сіңімділігін жақсартады.

Көкөніс пен жемістің құрамында В1 В2В6 РР, К,С, дәрумендері, фолиев қышқылы мен холин болады. Тағамдық өсімдіктерде адам тамағындағы углеводтардың негізгі көзі, пектиндік-глюкополисахаридтер мол болады. Осыған орай жеміс-жидектерден джем,повидло,желе, нжір, мармелад дайындайды. Пектиннің ыдырауынан пайда болған өнімдер басқа қосындылармен бірге бактерицидтік қасиетті заттар түзеді. Күйікті және жараны емдегенде пектин эпителий ұлпасының жетілуіне жағдай жасайды. Сондықтан да тағамдық өсімдік өнімдері ішек-қарын ауруларына диеталық қорек ретінде кеңінен пайдаланады. Тамыр – түйнек жемістер, көкөніс, жеміс – жидек және қозықұйрықтарда темір, калий, кальций, кобальт, магний, марганец, фосфор, фтор, цинк, жез сияқты минералды заттар мол болады.

Көкөніс және жемістердің хош иісті заттарының тамақтарды бұзылудан сақтайтын қасиеттері де болады. Осыған орай халық ерте заманнан-ақ сарымсақ, пияз, бұрыш, ас көк, анис, қалампыр, майоран, балдыр көк, қарақаттың жапырағы, лавра, шие, желкек т.б. өсімдіктерді ет және балықтан дайындалған тағамдардың үстіне салумен қатар ет пен ет өнімдерін (шұжық, шелмай, ветчина) консервілеуге пайдаланған.Осындай бактерицидтік және бактериостатикалық қасиеттрі бар хош иісті заттарды фитонцидтер деп атайды. Осы айтылғандарын тағамдық өсімдік өнімдерінің адамның қорегінің құрамына кіретін пайдалы зат екенін көруге болады.

Алайда мал өнімдері сияқты бұларда түрліше аурулар мен ахаулар кездеседі. Сондықтан малшаруашылығынан алынған өнімдер сияқты, тағамдық өсімдік өнімдерін де санитариялық бағалаудан өткізеді.

Тағамдық өсімдік өнімдерін (оның ішінде бал да бар) мал дәрігерлік – санитариялық бақылаудан тек қана базарларда өткізеді. Бұл жұмысты базардағы мал дәрігерлік – санитариялық сараптау зертханасының мамандары атқарады. Сараптау мен санитариялық бағалаудың қандай мәселелері болмасын олар тағамдық өсімдік өнімдерінің санитариялық сараптау ережелерінің талабына сай шешіледі. Тағамдық өсімдік өнімдері базарда балауса және консервіленген (кептірілген, тұздалған, маринадталған т.б.) түрінде сатылады. Олардың сапасы жөніндегі қорытындыны сезімдік (органалаптикалық) тексеру нәтижесі арқылы шығарады, ал қажетті жағдайда (дауласу, жалған өнім, улы химикатты анықтау т.б) зертханалық тексерулер жүргізіледі.

Сезімдік тексеру арқылы тағамдық өсімдіктердің сыртқы көрінісін, көлемін, түсін, консистенциясын, мөлдірлігін, иісін, дәмін, тауарлық түрін, тазалығын(топырақ, құм т.б.), зиянды қоспаларын (қастауыш, қарамықша т.б.), дән өнімдерінен қойма зиянкестері мен ахауларын және өсімдік ауруларын анықтайды.

Сараптаудың қорытындысында тағамдық өсімдік өнімдерін сатуға төменгі жағдайда тыйым салады: тексерілмеген тағамдық өсімдік өнімдері немесе мал дәрігерлік – санитариялық сараптау зертханасы тексеріп жарамсыз деп тапқан өнімдер; тағамдық өсімдіктерден үй жағдайында дайындалған жартылай фабрикат және аспаздық дәмдер (котлет, салат, винегрет, үстіне сорпа құйылып ұйытылған, томат және қозықұйрық пастасы, соус, жеміс – жидектен дайындалған тосап пен джем т.б.); үй жағдайында ауызы берік жабылған банка ішінде консервіленген өсімдік өнімдері; шашыраңқы май, кептірген пластинкалық қозықұйрық, сондай-ақ тұздалған және маринадталған қозықұйрықтар.

Тағамдық өсімдіктерден дайындалған жартылай фабрикаттар мен дайын аспаздық дәмдері осы базардың ішінде орналасқан, аудандық санэпидстансадан рұқсат алған, жабдықталған дүкендерде, павильондарда және ларектерде сатылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Өсімдік шаруашылығының маңызы мен міндеті?

2. Өсімдік өнімдерінің тағамдық маңызы?

3.Өсімдік өнімдерінің адам өміріндегі маңызы?


2-3-дәріс



Тамыр-түйнектілер мен көкөністердің түрлері мен жіктелуі, оларды сараптау және санитариялық сапасын бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет