Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет36/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Көкөністер түрлері,қысқаша сипаттама

2.Жеміс-жидектер түрлері, қысқаша сипаттамалары

3.Көкөністер мен жеміс-жидек аурулары



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж

2. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б. 160 шт

3.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б. -50 штук.

4.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М., т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж

5.Ізтаев, Ә.І.,Ермекбаева С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б


Тағамдық өсімдік өнімдерін ветсансараптау жұмысына төмендегі жұмыстар кіреді:

-барлық тағамдық өсімдік өнімдерін, балауса консервіленген (тұздалған, құрғақ стерилденген) және басқа түрлерін де санитариялық сараптау; тамыр-түйнек жемістер, көкөністер,көк балауса, көк өнім, бақша өнімдері, жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дән, астық өнімдері, тағамдық өсімдік майлары;

-өсімдік өнімдерін сату орындары мен жағдайларын бақылау;

-өсімдік өнімдері салынған ыдыстарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды бақылау;

-сатуға жарамсыз деп табылған сапасыз өнімдерді халыққа таратпау үшін оны сатушылардан алып жою, ол жөнінде акт жасау.

Көкөніс дақылдары саңырауқұлақтармен (қара мойнақ, түйін ауруы, пероноспороз), бактериялармен (талшықтық, кілегей бактериоз), вирустармен (мозаикалар), фитоплазмалармен (столбур) зақымданады. Аурулар жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді, өнім түсімін төмендетеді. Ауру өсімдіктердің жағдайын нашарлатады, жапырақтардың ассимиляциялық қабілеті төмендейді, өсімдіктердің өсуін тежейді және мүшелерін өзгеріске ұшыратады, кейде өсімдіктер өліп қалады.

Ақ көбелек (қырыққабат пен шалқанның аурулары)

Қырыққабат күйесі

Қырықаббат көбелегі

Таңқурайдың ең алдымен жапырағында қоңыр жолақтар пайда болып, сарғайып, түсуіне әкеп соғады. Қысқа төзімділігі төмендейді, өсімдіктер әлсіреп, зақымдалып, сапасы төмен өнім береді. Жидектері өте майда, дәмсіз болады, тіпті өзіне тән хош иісінен де айырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет