Қайталауға арналған сұрақтар
1.Көкөністерді сезімдік тексеру әдістері?
2.Көкөністерден орташа сынама қалай алынады?
3.Көкөністердің қандай ауруларын білесіз?
№3 зертханалық сабақ
“Ұнның сапасын ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау”
Сабақтың мақсаты: Ұн сапалығын сезімдік және зертханалық әдістермен зерттеуді игеру.
Тапсырма
1.Сынама алу тәртібін үйрену
2.Ұнға сезімдік зерттеулер жүргізу
3.Ұнға зертханалық зерттеулер жүргізу
4. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау
Керекті құрал-жабдықтар: кесте, слайд, әртүрлі сапалы ұн түрлері, кептіргіш шкаф, технохимиялық таразы- 2, аналитикалық таразы- 2, фосфор тостақ-10, тесігі 1,5-2 мм болатын елек, магнит-3, химиялық тостақтар-4, шыны пластинкалар-10, қара қағаз-10, хлороформ –50 мл, 95 этил спирті –50 мл, 20 күкірт қышқылы-30 мл.
Әдістемелік кеңестер
Ұн сапасына санитариялық баға беру үшін, оның сезімдік көрсеткіштерінің нәтижесіне сүйенеді: сыртқы түрі, майдалану сипаты, консистенциясы, исі және дәмі, ылғалдылығы, бөгде зат қоспалары мен зиянкестермен зақымдануы.
Сезімдік және зертханалық зерттеулер үшін ұнның 2-3 жерінен әртүрлі тереңдіктен арнайы қасықшамен үлгі алады. Әр көлемде алынған сынаманы араластырып орташа сынама жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |