Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет42/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

№ 2 зертханалық сабақ


Балауса көкөністердің сапасын ветеринариялық сараптау”.

Сабақтың мақсаты: Көкөністердің сапасын санитариялық сапасын анықтау.

Жұмыс жоспары:

1.Көкөністерді сезімдік зерттеу.

2.Сатуға түскен көкөністердің аурулары мен ақауларын анықтау.

3.Зерттеулер нәтижелерін қорытындылау.


Керекті құрал-жабдықтар: Балауса көкөністерлің сапасы әртүрлі көкөністердің сынамалары, қандауыр, қысқыштар, керекті дәрі дәрмектер.

Мазмұны: көкөністердің сапасын негізінен сезімдік көрсеткіштері бойынша анықтайды. Сыртқы түріне, түсіне, бүтіндігіне, көлеміне, шырындылығына, консистенциясына, ластығына, зақымданулардың, аурулардың, құрттардың бар жоғына, піскендігіне көңіл бөледі. Бөгде иістерді анықтаудың маңызы зор (мұнай өнімдерінің, улы химикаттардың, хлордың, т.б.).

Шіріген, көгерген, қызған, мұздалған, деформацияланған, аурулары мен немесе құрттармен зақымданған, бөгде иісі бар тамыр түйнектілер сатылуға жіберілмейді.

Тамыртүйнектілер мен көкөністер келесі талаптарға сай болса ғана балауса кезінде сатылуға жіберіледі:

Сапалы қызылша.Сапалы қызылшаның түсі қоңыр-қызыл, балауса, таза, нығыз, құрғақ, шытынамаған, зақымданбаған, зиянкестерден таза. Пышақпен тілгенде реңі әрқалай қара-күрең түсті, шырынды, дәмі тәттілеу. Көлемін айтсақ ең жуан жерінің диаметрі 5-14 см келеді. Жаңа қазылған асханалық қызылша балауса, түйнектері топырақ пен шаңнан таза болуы керек. Тым жұмсарған немесе босаңқы, түйнектері тыржиған, сондай-ақ аурудың белгілері бар қызылшаны сатуға шығаруға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет