Дәмі және құм қоспасын 1 г ұнды шайнап көру арқылы анықтайды. Сапалы ұнның дәмі аздап тәттілеу болады. Егер ашқылтым, қышқыл және бөгде дәмі болса, сол сияқты құм, минералды қоспалар білінсе ондай ұнды сатуға рухсат етілмейді.
Ұнды зертеудің зертханалық әдістері
Күдікті және т.б. жағдайларда (сезімдік көрсеткіштерінің бірі болмаса бірінің ауытқулары байқалса) ұнның санитариялық сапасын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі (төмендегі «тәртіппен»).
Ылғал мөлшерін анықтауды сезімдік баға көрсеткіштеріне күдік туғанда жүргізеді. Аынған ұн сынамасын (10 г) кептіргіш шкафта 130ºС температурадан 40 минөт бойы ұстап кептіріп алады. Алғашқы массасы мен кейінгі салмағының айырмашылығына қарай анықтайды. Ұндағы ылғал мөлшері 15%-дан аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |