Ұндағы қойма зиянкестерін анықтауды 500 г ұнды тесігі 1,5 мм болатын електен өткізу арқылы жүргізеді. Електегі ұн қалдығынан кене, қоңыз және басқа зиянкестер мен кеміргіштердің қиы табылса ондай ұнды сатуға рухсат етілмейді.
Металл қоспаларын анықтау.Ұн сынамасын қағазға немесе шыны бетіне жұқалап жаяды да 2-3 рет магнитпен әр бағытта жүргізеді. Осылай жүргізу аралағында ұнды араластырып және жұқа қабат етіп тегістеп отырады. Жиналған металл қоспаларын аналитикалық таразымен өлшейді. Құрамында шаң тәріздес металл қоспалары 1 кг ұнда 1 мг асса, сол сияқты металл бөлшектері табылса, ол ұнды сатуға тыйым салынады.