Курс саясаты
Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.
Ең жоғарғы балл студентке тапсырманы толық және уақтылы орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары балл алуы керек.
Емтиханда студент ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады. (білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).
"FХ" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студентке оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Транскриптте FX және F бағаларын қоса алғанда, білім алушының қорытынды бағасын көрсете отырып оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
Емтихан билетіне 4 сұрақ кіреді (4 сұрақ-ауызша). Әр сұрақ 100 балға дейін бағаланады және орташа балл шығарылады.
|