Дәннің пішіні |
Размері
\микроп\
|
Картоп
|
Жұмыртқа тәріздес, қабаты ортадан
басталған
|
70-100
|
Жүгері
|
Қисық дөңгелекті, жарығы көрініп
турады
|
20-35
|
Бидай
|
Дөңгелек (көбінесе)
|
30-46
|
Күріш
|
Қисық төрт бұрышты, ромбалы,
тікбұрышты, бұрышты
|
3-00
|
Минералды қоспалардың барлығын төмендегідей анықтайды:
1-2 г крахмал салынған пробиркаға 3-5 мл 10%-ды тұз және күкірт қышқылын қосады. Егер оған әк немесе сода қосылған болса көмір қышқылды газ көпіршігі пайда болады, онан басқа әк қосылған крахмалды алақанға салып ұқалағанда адамның қолы былғанып қалады.
Сода қоспасын анықтау: үшін 0,25 г крахмалды 10 мл дистилденген сумен араластырып оған 4-6 тамшы 1 пайыздан розол қышқылының ерітіндісін қосады. Құрамында сода бар крахмал ашық қызғылт түске боялады.
Крахмал клейстерін анықтау: 5-10 г крахмалды сумен араластырып 50 мл қайнаған суға тамшылатып құяды да қасықпен араластырады. Крахмал клейстері таза, мөлдір, көкшіл теңбілді, тұнбасыз болуы керек.
Жарма. Сезімдік зерттеу бойынша жарма таза, кепкен (ылғалдылығы 15,5%-дан аспайтын), біркелкі, сол жарма түріне лайықты түсі, шіріген зеңді исі жоқ қойма зиянкестерімен зақымданбаған, кеміргіштер қиымен ластанбаған, бөгде кекіре, қышқыл иістері және металл, құм, улы өсімдік дәндерінің қоспалары болмауы тиіс. Осындай талаптарға сай келмейтін жармалар сатуға жіберілмейді.
Жармадағы бөгде қоспаларды шыны бетіне 25 грамм жарманы төгіп, қысқышпен араластырып лупамен қарап анықтайды. Қойма зиянкестерін табу (кене, коңыз, т.б.) үшін 1 кило жарманы арнайы електен шыны бетіне өткізіп алып лупамен қарайды.
Жарма ылғалдығын анықтау үшін 30 г жарманы зертханалық диірменге тартып 5 грамын бюкске өлшеп алады. Алынған жарманы кептіріп, ондағы ылғалдылықты Мемст-9793-74 сәйкес жүргізеді.
Құм салып өлшенген бюкске шыны таяқша көмегімен 5 г тартылған жарманы салып қайталап өлшейді. Онан кейін сынаманы 2 сағат 103+2 С температурада кептіреді. Соңғы екі өлшеудің нәтижесі сынама массасының 0,1 пайыз- дан аспауы қажет. Масса бөлігіндегі ылғалдылықты (Х) пайыздап төмендегі формуламен анықтайды (%):
б-в
Х = б-в * 100, мұндағы:
а құм салынған бюкс пен таяқшаның массасы, г;
б құм салынған бюкс пен таяқша және өлшеп алынған сынаманың массасы, г;
в құм салынған бюкс пен таяқша және өлшеп алынған сынаманың келтірілгеннен кейінгі массасы, г.
Қорытынды нәтиже ретінде қатар екі рет өлшенген өлшемнің орташа арифметикалық саны алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |