Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж
2. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б. 160 шт
3.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б. -50 штук.
4.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М., т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж
5.Ізтаев, Ә.І.,Ермекбаева С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б
С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б
Бұршақ азықтық және тағамдық болып бөлінеді. Азықтық бұршаққа жататыны сүр бұршақ қабығы мөлдір емес ашық немесе қара теңбілдері бар, бір түсті (жасыл, бурыл, қоңыр, күлгінқара) немесе теңбілдіө мраморлы және нүктелі суреттері бар. Тағамдық бұршаққа дәнінің қабығы мөлдір немесе тегістелген бұршақтар жатады, олар ақ немесе жасыл түсті келеді. Тағамдық сапалы бұршақ піскен, таза, бүтін, кепкен (ылғалдылығы 16%-дан аспайтын, зиянкестермен зақымданбаған, бөгде иіссіз) иістенген, зеңді, мұнай өнімлдері т.б. және ащы немесе қышқыл дәмсіз және бөгде қоспалар (жер, арамшөп тұқымы т.б.) болмауы тиіс. Осы талаптарға сай келмейтін бұршақты сатуға шығармайды.
Бұршақ Жасыл бұршақ
Бұршақ ұны сары түсті, үлбіршекті, хош иісті, бұршаққа тән иісі мен дәмі болады. Кекіре исі, шірік иісі, зиянкестермен жұғынбаған және бөгде қоспалар болмауы тиіс. Осы аталған талаптарға сай келмеген бұршақты сатуға рухсат берілмейді.
Үрме бұршақ тағамдық сапалы үрме бұршақ таза, кепкен (ылғалдылығы 23%-дан аспайтын), пісіп жетілген, бөгде иіссіз және дәмсіз болуы қажет. Ластанған, жетілмеген, әртүрлі қоспалармен ластанған, ылғалды, қызған, шіріген, зеңденген, зиянкестер кемірген, өнген, бөгде иісі мен дәмі бар үрме бұршақ сатуға жіберілмейді. Өнімнің органолетикалық қасиеттері айқын өзгерген жағдайда (сыртқы түрі, бөгде иіспен дәм) оларға зертханалық зерттеу жүргізбей сатуға рухсат етілмейді.
Үрме бұршақ
Дән. Дәнді дақылдар сатуға орылып кептірілген соң ал жүгері собығымен жіберіледі. Жүгері мен дақылдарды сараптауда олардың сыртқы түрі және партиясының біркелкілігі, тазалығы, арамшөппен дән қоспаларының бары-жоқтығын түсін, жылтырлығын исін және дәннің дәмін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |