Асхана шалқаны, шалғам, балдыркөк, ақжелкен, ботташық, шомыр, желкек, шашыратқы және басқа тамыр жемістілер балауса, бүтін, құрғақ, шырынды, тығыз, көгермеген болуы керек. Айтылмаған тамыр – түйнек жемістер топырақтарынан арылтып жуылмаса, босаң болса, езіліп қалса, зиянкестер және саңырауқұлақтармен зақымданған болса және өңезденсе, кеміргіштермен кемірілсе, шірісе және суық ұрса сатуға жіберіледі.
Қияр. Қиярды балауса, таза, жасылкөк түсті, соғылмаған және піскен (жетілген) түрінде сатады.
Антракнозаға – (қоздырушысы Colletotrichum lagenarium) шалдыққан қиярды үстінде (сабағында) сары түсті, кейіннен қоңырланатын дөңгелек дақтарды көруге болады. Зақымданған ұлпа кеуіп, түсі қара қоңырланады. Кей жерлерінде дақ ұлпаға тереңдеп кіріп кетеді. Күшті зақымданған қияр сатуға жібермейді.
Бактериоз – қоздырушысы - Bact. lachrymans. Қияр үстінде ылғалды дақ пайда болады. Көп кешікпей ол уытты жараға айналады, ол қиярдың түрін бұзады. Сондай – ақ қияр ақ шірік (Sclerotinia libertiana), сұр шірік (Botrytos cinerea), фузаризбен де (Fusarium nivcum) т.б. зақымданады. Барлық жағдайда күшті зақымданған қиярды сатуға жіберуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |