Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ


Кәдімгі тазқотыр (паша обыкновенная



бет14/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Кәдімгі тазқотыр (паша обыкновенная) – ұсақ саңылауқұлақтан пайда болатын ауру. Қоздырушысы – Actihomyces scabies, A. Triolor. Алғашқыда түйнектің үстіне мөлдір түсті, кейіннен қараятын жалпақ дақ пайда болады, ол жарылып түсі күңгірт-қоңыр тартады. Кейіннен дақтың орнына уытты жара пайда болады. Олар сау ұлпадан ойылып түседі де шеттері биіктеп, ортасы шұңқырланады. Көп зақымданған түйнектің ылғалдығы артады. Мұндай картопты сатуға жібермейді. Қара тазқотыр (черная парша, ризоктониоз) – ұсақ саңырауқұлақтан пайда болатын ауру. Қоздырушысы – Rhizoctoni solani. Түйнек үстінен топыраққа ұқсас, оңай сылынатын, қара түсті сүйелдер байқалады. Бұл саңырауқұлақтың склероциялары (қатты калониялары). Олар картоптың ұлпасына ертіп оны жұмсартады, кейіннен шірітеді. Шіріген картопты сатуға жібермейді.

Қара сабақ (черная ножка) – бактериялардан пайда болатын ауру. Қоздырушысы – Bakterium phitophtorus, B. solaniperda. Алдымен картоптың сабағы мен жапырағы, сонан соң түйнегі зақымданады. Түйнектерді сақтауға салғанда ауру үдей түседі. Ондай түйнектерден қоңыр немесе қара түсті дақтарды көруге болады. Мұндай картоптар сатуға жіберілмейді.

Айналма (сақиналы) шірік (кольцевая гниль) – түйнегі тамырлы сақинаға ұқсас зақымданады. Қоздырушысы – Corynebaterium sepedonicum. Ауру түйнекті пышақпен кескенде ғана байқалады. Бастапқысында сары үсті жұмсарған болмашы шұбаршықтар кейіннен бір бірімен қосылып сұр-қоңыр яки қара түсті сақина пайда болады. Кейде картоп ұлпасында бос жерлер пайда болады, сырты қатпарланған. Сатуға жіберілмейді.

Ылғалды шірік – қоздырушысы Bac. Carotovarus. Bac amyiobacter. Түйнектері өсіп келе жатқан кездерінде немесе жинаған кезде зақымданғанымен, тек сақтаған кезде байқалады. Түйнегін тіліп қарағанда жағымсыз иісті күңгірт – сұр немесе сары – қоңыр түсті қою келген шырышты көруге болады. Сатуға жіберілмейді.

Бастырма ауруы (Пуговичная болезнь) – қоздырушысы Phoma tuberosa. Зақымданған түйнектің үстінен қоңыр түсті ойпаң дақты көруге болады, ал дақтың үстінде ұсақ қара нүктелер (жуан калониялар) байқалады. Осындай қара дақ арқылы ұсақ саңырауқұлақтар мен бактериялар еніп, оны шірітеді. Шіріген картопты сатуға жібермейді.

Рак – қоздырушысы - Synchutrium endobioticum. Түйнек көзіне жақын жерден көлемі орман жаңғағындай, бұлтық пайда болады. Бастапқыда түсі ақ болғанымен, кейіннен қараяды, жансызданады да түсіп қалады. Оның орнында бүлінген тканьдар қалып, шіріткіш ұсақ саңырауқұлақтар мен бактериялар еніп, түйінді бұзады. Мұндай картопты да сатуға жібермейді.

Сол сияқты кеміргіштер бүлдірген, нематодтармен зақымданған картопты да сатуға рұқсат етілмейді.

Сәбіз. Сапалы, балауса сәбіз таза, құрғақ, түсі біркелкі (сары немесе қызғылт сары), ауру және зиянкестермен зақымданбаған, сыртқы пішіні кемістіксіз болады. Қолмен игенде сынады, сол сынған жерінен шып етіп шық тәріздес су шығады. Иісі өзіне тән, хош иісті, тәттілеу (ащы емес) дәмді, нәзік. Су ішінде батады. Жуан жерінің диаметрі 2,6-6,0 см келеді. Сәбізде 7-10% дейін қант, 5-20 мг% каротин, В1, В2, РР, С және басқа да витаминдер мол. Минералды заттардың ішінен кальций, темір, фосфор мол. Сәбіз төмендегідей аурулар кездеседі:

Қара шірік (черная гниль) – қоздырушысы - Altemaria radicina. Түйнектің үш жағы мен бүйірінен бастамасында білінген сұр түсті дақ, кейіннен қарайып, болар-болмас қатпарланып, дөңгеленіп сау ұлпадан бөлініп тұрады. Мұндай сәбізді сатуға жібермейді.

Ақ шірік (Белая гниль) - қоздырушысы - Sclerotinia libertiana. Сәбіздің зақымданған жерінде (әдетте ұшы жағында) сұрғылт түсті мақта тәріздес дақ қара пайда болады (саңырауқұлақтың ұрық тұқымы). Сонан соң көп кешікпей түйнек шіріп, иістенеді. Зақымданған сәбізді сатуға жібермейді.

Қоңыр шірік (Бурая гниль) - қоздырушысы - Rhizoctonia violacea. Сәбіздің құйрық жағынан шешектің ойысына ұқсайтын қоңыр шірік дақ көрініп, шірік бірте – бірте үлкейе береді. Сатуға жібермейді.

Сұр шірік (Серая гниль) - қоздырушысы Rhizopus fusiformis. Өскен сәбіздің үстінен күлгін түсті дақ тәріздес саңырауқұлақтың жіпшелерін (мицелий) көруге болады. Сәбіз шыбынының личикалары (балаң құрт) да сәбізді зақымдайды. Демек сәбіз үстіне салынған ұрықтардан ашық – сары түсті личинкалар шығады. Олар жас сәбіз түйнегінің ұщын теседі. Осыдан барып зақымданған сәбіз ағаштай болып қатып қалады да, түсі тотығады. Сатуға жібермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет