Картоп аурулары. Кейде картоптың сақталған түйнектері қара күйе немесе шіріткіш бактериялармен зақымданады, бұның өзі оның тағамдық қасиетін төмендетеді. Осындай ахауларды анықтаудың шаруашылық маңызымен қатар санитариялық маңызы да зор.
Фитофтора – қара күйе. Қоздырушысы – Phytoptora infestans-уақ паразиттік саңырауқұлақ. Түйнекті кесіп жібергенде шетінен ортасына қарай бағытталған сұр немесе қоңыр дақ байқалады. Сонан соң зақымданған түйнектерде ылғалды немесе құрғақ шірік пайда болады. Зақымданған картопты сатуға жібермейді.
Фузариоз – құрғақ шірік. Қоздырушысы – Fusarium solni-уақ парзиттік фузария дейтін саңырауқұлақ, түйнектің жарақаттанған немесе фитофторамен зақымданған жерлерінде қалың өседі. Түйнектің көлемі кішірейеді, қабығы мыжылған, оның астынан қоңыр түсті дақ байқалады. Пышақпен тілгенде құрғақтау ақ-сары затқа толы (крахмал дәндерімен араласқан спора) қуысты көруге болады. Картопты ылғалдылығы жоғары жерде сақтағанда оның түйнектері ылғалды шірікпен зақымданады. Фузариозбен зақымданған картоп сатуға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |