Қайталауға арналған сұрақтар?
1.Астық түріне қандай өнімдер жатады?
2. Астық тұқымдас өнімдердің ылғалдылығы қаншаболуы керек?
3. Астық өнімдерін сезімдік, зертханалық тексеру әдістері
№ 7 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Бұршақ тұқымдас өнімдерді санитариялық сараптау және бағалау
Сабақтың мақсаты: Өнімдердің сапалылығын сезімдік және зертханалық әдістермен зерттеуді игеру.
Әдістемелік кеңестер.
Бұл тақырыпты игеру үшін оқулықпен қолжазбадағы теориялық материалдарды қайталап алу қажетті және өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды меңгеру.
Керекті құрал-жабдықтар: әртүрлі бұршақты дақылдар, кептіргіш шкаф-1, элекродиірмен-1, технохимиялық таразы-2, аналитикалық таразы-2, елек-2, магнит-1, бюкс-10,химиялық тостақтар-4, пинцет-10, шыны пластинка-10, қара қағаз-10, хлороформ-50 мл, этил спирті-ғқ мл, 20 пайыз күкірт қышқылы-30 мл.
Методикалық кеңестер. Сабаққа дайындау барысында оқулық пен қолжазбадан теориялық материалдарды игеру қажет. Негізінен көңілді дәннің санитарлық бағасы мен тауарлық сапасына аудару керек. Зертханалық зерттеуді дәннің ылғалдығы өте жоғары деген күдік туғанда жүргізеді. Астықты және бұршақты дақылдардың санитариялық бағасы мен сапасын сезімдік көрсеткіштер бойынша анықтайды: (сыртқы түрі, бірқалыптылығы, түсі, жылтырлығы, исі және дәмі, ылғалдылығы, тазалығы, дәнді және арамшөп қоспалары, сол сияқты қара күйе қастауыш дәні мен зиянкестердің болмауы.
Сезімдік және зертханалық зерттеулер үшін дәннің үлгісін арнайы қасықшамен ыдыстың әр тереңдігінен 2-3 жерінен алады бірдей көлемде алынған барлық сынаманы араластырып орташа сынама жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |