Қара күйе дәнәнің мөлшерін анықтау. Сынамадан 20 гр дән (арамшөппен дән қоспасынсыз) алып ондағы қара күйе дәндерін теріп алып өлшейді де оны 0,1 пайызға дейнігі дәлдікпен көрсетеді. Дәнді дақылдар дәнін және жүгерінің сезімдік бағасында ол таза және кепкен (ылғалдылығы 15,5%-дан көп емес) сол дәннің түсіне сай біркелкі, шіріген, зеңденген иіссіз қойма зиянкестерімен жұғынбаған, кеміргіштер қиымен ластанбаған, бөгде – кекіре, қышқыл дәмі жоқ, құм, улы шөп тұқымдар, металл қоспалары болмауы қажет. Осы талаптарға сай келмейтін дәндерді дақылдарды дәнімен жүгеріні сатуға рухсат жоқ.