Бензолдағы резоцин реакциясы. (Видеман тәсілі) Пробиркаға 3-5 г майды салып, оған осындай көлемде қойытылған тұз қышқылын және бензолдағы резоциннің қанықтырылған ерітіндісін қосады. Егер қоспада альдегид болса оның түсі қызыл-күлгін түске боялады немесе осындай түс сұйық пен майдың шекарасында пайда болады. Ал альдегидке оң реакция көрсеткен май –сапасыз майдың көрсеткіші деп есептелінеді.
Өсімдік майының жалғандығын анықтау. Майдың дәмі мен құнарлылық қасиетінің бағалылығы төмендеу болған (мақта, күнжут т.б.) жағдайды, сапалы реакция көмегімен зерттеулер жүргізіледі.