Коммерциялық емес акционерлік қоғам АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Өнеркәсіп қондырғыларының электржетегі және автоматтандырылуыкафедрасы
ЭЛЕКТРЖЕТЕГІ 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы
Алматы 2011
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.А. Мустафин, Н.К. Алмуратова. Электржетегі. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2011. - 58 б.
«Электржетегі» курсының дәрістер жинағының оқу бағдарламасына сәйкес және 5В071800 - Электр энергетикасы мамандығы бакалаврларына жасалынған.
Тұрақты және айнымалы ток электржетектерінің статикалық сипаттамаларының реттелу әдістері, қуатын таңдау, электржетегінің өтпелі процесстері қарастырылған.
Без. 96, әдеб.көрсеткіші. - 15 атау.
Пікір беруші: техн.ғыл.канд., проф. Шидерова Р.М.
«Алматы энергетика және байланыс институтының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2010 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 ж.
2010 жиын. жосп., реті 259
Кіріспе Қазіргі заманғы маман-электр энергетиктерді даярлау үшін түрлендіргіштік техника ең маңызды курстар санатына жатады. Бұл курсты оқу барысында болашақ мамандар түрлендіргіштік техникада қолданылатын аспаптар мен схемалардың негізгі түрлерін, түзеткіштер, инверторлар және тағы да басқа электр энергиясы түрлендіргіштерінің жұмыс принциптерін және ерекшеліктерін оқып біледі.
Түрлендіргіштік техника өнеркәсіп, көлік және энергетиканың көптеген салалары дамуының негізі болып табылады. Елімізде түрлендіргіштік қондырғыларды қолдану және осы салада әлемдегі жетекші мемлекеттер қатарына қосылу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Түрлендіргіштік техника мәселелерін ашып беру шалаөткізгіштік аспаптар – диодтар, тиристорлар және күштік транзисторларды қолдануға негізделеді. Қазіргі заманғы өндірістік электрониканың элементтік негізін құрайтын шалаөткізгіштік аспаптар бойынша материал аталмыш құрылғылардың жұмысына олардың параметрлері ықпалын ескеру қажеттілігі тұрғысынан беріледі.
Соңғы уақытта жақсы дамып келе жатқан тұрақты кернеудің импульсті түрлендіргіштері, автономды инверторлар және басқа да түрлендіргіштерге көп көңіл бөлінген.
Бұл курстан болашақ мамандар түзеткіштердің, инверторлардың және басқа түрлендіргіштердің құрылымын, жұмыс істеу принциптерін, физикалық процестерін, сипаттамалары мен ерекшеліктерін оқып біледі.
Бұл курстың басты мақсаты – студенттерді түрлендіргіштік техника құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін түсініп, оларды сауатты қолдана білуге үйрету. ОӘК-нен студенттер түрлендіргіштік құрылғыларды металлургия, тау-кен, мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салаларында қолдану жөніндегі мәліметтерді табады.
Мазмұны 1 Дәріс. Автоматтандырылған электржетек жүйесінің белгілеулері мен құрамы. Электржетек қозғалысының теңдеуі
2 Дәріс.Электржетектің типтік статикалық жүктемелері. Статикалық орнықтылық. Тәуелсіз қоздырудың тұрақты токтағы қозғалтқыштың электрмеханикалық және механикалық сипаттамалары
3 Дәріс.ТҚ ТТҚ жасанды электрмеханикалық және механикалық сипаттамалар. ТҚ ТТҚ-ң тежелу режімдері
4 Дәріс.Тізбектей қоздырудағы ТТҚ электрмеханикалық қасиеттері