9 Дәріс. АҚ-ты реттелетін электржетектер Мақсаты: АҚ негізінде реттелуі мүмкін болатын ЭЖ түрлерімен таныстыру. Айнымалы токтағы электрқозғалтқыштың айналу роторының жиілігін былай анықтауға болады.
(9.1)
мұндағы f - қоректенетін кернеу жиілігі;
pп– полюс жұптарының саны;
s – тайғанау. (9.1) өрнегіне кіретін бір немесе бірнеше параметрлерді өзгерте отырып, АҚ-ң моментін және айналу жиілігін реттеуге болады. Қысқа тұйықталған машинаның айналу жиілігінің реттелуі (9.1) қатынасы негізінде полюс жұптарының санының қосылуымен үздікті (2:1, 3:2, 3:1 және т.б.) жүзеге асырылады. Қысқа тұйықталған машинаның статорының орамы секционирленген, қорытындысы (басталуы-аяқталуы) электр сымның ұстатқышы бар қорапта орналасқан және басқару жүйесінің релейлі-контакторлы бөлігімен коммутацияланады.
Полюстер жұптарының санының қосылу сұлбасының түрлері көп. Орамда кернеуді өзгерту қажеттігі кезінде орамдар байланысының үшбұрышты, екі үшбұрышты, жұлдызша - үшбұрыш және т.б. түрлері қолданылады. Реттеудің бұл түрі станок құруда, жүккөтергіш техникада (лифттар) және басқа салаларда кең таралған. Көпжылдамдықты электрқозғалтқыштың дайындалуының жұмыс сыйымдылығы жай машинамен салыстырғанда секционирленген орам орындалуымен өседі.